Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау Зерттеу тақырыбын айқындау Географиялық мониторинг әдістері



бет8/63
Дата22.09.2023
өлшемі1,33 Mb.
#182055
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   63
Байланысты:
10 сыынп лекция 52 бет

Заманауи картографиялық әдістер
Картамен жұмыс жасаудағы негізгі әдістердің бірі - картометриялық әдістер. Бұл әдістің көмегімен карта бетінде ұзындық, аудан және көлем өлшемдерін есептеуге болады. Ол өлшемдер арнаулы картографиялық құралдар көмегімен жүргізіледі. Ондай құралдарға циркуль, транспортир, курвиметр (карта бетіндегі ирек сызықтарды өлшеуге арналған құрал) және планиметр жатады.
Курвиметр - латынның «иілу» деген сөзінен алынған, яғни карта, план және сызба бетіндегі ирек, иілген сызықтар бойымен қашықтықты анықтайтын құрал.
Транспортир көмегімен картадағы нысанның азимуты анықталады.
Аудан өлшемін алу планиметр көмегімен жүргізіледі.
Карта бойынша аудан өлшемін алудың кең қолданылатын, ең қарапайым жолы - палетка әдісі. Ол үшін квадраттық палетка алынады, аудан өлшемі мына формуламен анықталады: , мұндағы а - масштабқа сәйкес квадрат қабырғаларының өлшемі, ал n - квадраттар санына тең болады.
Көлем бойынша өлшеу жұмыстарын жүргізуде нысанның ауда- ын анықтайтын палетка әдісі және оның биіктік немесе терендік көрсеткіші колданылады. Көлем мына формуламен анықталады: V = × hm, мұндағы hm орташа биіктік немесе орташа тереңдік көрсеткішіне тең.
Сонымен қатар картадан басқа да морфометриялық көрсеткіштерді:

  • жер бедерінің еңкіштігін анықтау;

  • жер бедері тілімденуіндегі айырмашылықты анықтау;

  • жер бедері тілімденуінің жиілігін анықтау;

  • географиялық нысандардың жиілігін (бір аудан бірлігіндегісаны) анықтау;

  • Географиялық нысандардың бір-біріне орналасу жақындығымен алыстығын анықтау сияқты жұмыстарды жүргізуге болады.

Электрондық карталармен жұмыс істеу. Электрондық карта түрлі деңгейдегі бағдарламалар мен техникалық құралдар көмегімен қолданыстағы шартты белгілер жүйесін тиімді пайдалану және осы кезге дейін жинақталған ақпараттарды жетілдіру арқылы жасалатын сандық карта.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет