Зерттеу практикасының



бет1/2
Дата14.04.2023
өлшемі26,75 Kb.
#174486
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2
Байланысты:
Практика күнделік (1)


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Сүлеймен Демирель атындағы университеті
ЗЕРТТЕУ ПРАКТИКАСЫНЫҢ
КҮНДЕЛІГІ
Математика және ақпараттық технологиялар факультеті 7М01501 – Математика білім беру бағдарламасының 2 курс білім алушысы Тоқшылық Назерке Дәуітбайқызы
(тегі, аты, әкесінің аты)

Қарағанды 2022 жыл



ЗЕРТТЕУ ПРАКТИКАСЫНАН ӨТЕТІН БІЛІМ АЛУШЫЛАР ҮШІН ЖАДНАМА



  1. Университет білім алушыларының зерттеу практикасы оқу үдерісінің өте маңызды бөлігі болып табылады, оқылатын мамандық бойынша қызмет барысында теориялық білім мен дағдыларын бекіту мақсатында қызмет атқарады.

Зерттеу практикасынан өту оқу жоспарында қарастырылған теориялық пәндерді оқумен бірдей міндетті болып табылады.



  1. Зерттеу практикасынан өтуге оқу жоспарын толығымен орындаған студенттер жіберіледі.




  1. Практикаға кетер алдында білім алушы кафедрадан мына құжаттарды алуға міндетті:

а) практика бағдарламасын;
ә) зерттеу практикасы кезеңіне берілген жұмыс жоспар кестесі;
б) зерттеу практикасының күнделігі;



  1. Практикаға жан-жақты дайындық мақсатында білім алушы алдағы жұмыстардың бағдарламасы мен мазмұнымен танысуға, ұсынылған әдебиетті қарастырып, кафедрадан тағайындалған практика жетекшісінен қажетті кеңестер алуға тиісті.




  1. Зерттеу практикасының күнделігін білім алушы күнбе-күн толтырады. Практика аяқталған тұстабілім алушы өндірістегі практика жетекшісінен өзінің жұмысы жайлы мінездеме алуға міндетті.




  1. Практика барысы бойынша есеп университет және өндірістен бөлінген практика жетекшісінің қосымша нұсқаулары мен практика бағдарламасының нұсқауларымен сәйкес құрастырылады.




  1. Есепте төмендегі мәселелер баяндалады:

а) практика базасы, практикадан өту тәртібі мен мерзімі жайлы жалпы мәліметтер;
ә) практика бағдарламасында орындалған барлық тапсырмаларды қысқаша баяндап жазу;
б) жұмыстарды жүргізудің әдістері (зерттеу);
в) жеке тапсырманы орындау барысы туралы хабарлау.
г) кәсіби практика жоғары деңгейге көтеру бойынша ұсыныстар мен қорытындылар.



  1. Практика аяқталған соң білім алушы төменде көрсетілген құжаттарды кафедраға тапсыруға тиісті:

а) білім беру мекемесінен келу және кету туралы белгісі бар
үзбелі жолдама күнделік;
ә) күнделік
б) кәсіби практикабарысы бойынша есеп;
в) практика жетекшісі берген мінездеме.



  1. Зерттеу практикасының есебі кафедра меңгерушісі тағайындаған комиссия алдында қорғалады. Есеп қорытындысы баға жүйесінің сараланған сынақ негізінде бағаланады. Есеп көпшілік алдында қорғалады.




  1. Қанағаттандырылмаған баға алу немесе есепті дер кезінде көрсетпеу: зерттеу практикасынан қайтадан өтуге немесе білім алушылар қатарынан шығаруға әкеліп соғады.

Практикадан қайта өту мерзімі факультет деканымен белгіленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет