Topic: Euthanasia Research question: Should Euthanasia or Physician-Assisted Suicide Be Legal?
Prepared: Nagmetulla Temirlan , 11В
Signature_______________
Зерттеу сұрағы: Эвтаназияны заңды ету керек пе ?
Жоспар:
І.Кіріспе(Эвтаназия деген не?)- 250;/276
ІІ.Негізгі бөлім – 1000;
А)Жақсы жағы – 250;/ 262
B) Жаман жағы – 250;/209
С) Эвтаназия және заң(саясат) -250; / 252
D)Қазақстандағы эвтаназияға көзқарас– 250; /218
ІІІ. Қорытынды – 250; / -----283
IV.Бағалау
V. Библиография
І.Кіріспе Эвтаназия – (немесе Ассистендірілген Өлім) адамның өмірін тақтотудың практикалық түрі. Грек тілінен аударғанда ευ- «жақсы» + θάνατος «өлім». Бұл терминді алғаш рет Френсис Бекон ХVІ ғасырда қолданған болатын. Екінші дүниежүзілік соғыс алдында эвтаназия идеясы Еуропа елдердінде кеңінен тараған болатын. Дәл сол уақытта эвтаназия және евгеника терминдері жеткілікті дәрежеде атақты еді.
Бірақ, бұл термин әртүрлі мағыналарда қолданылды: өте қиын жағдайда өмір сүріп жатқан адамдардың өлімін жеделтету; «артық» адамдардың өмірін қию; адамға өлуге мүмкіндік беру. Сонымен қатар, лабароториялық жануарларды өлтіруді де айтады.
Эвтаназияның көмегімен өмірден өткендер қатарында атақты психолог З.Фрейд бар. Ол обадан арылу үшін 38 операция жасатқан. Соңына келе, шыдамай өз өмірін белгілі бір құралмен қиған.
Эвтаназия идеясы ХХ ғасырдың аяғына қарай өте көп таралды. Бірақ онымен қоса осы уақытта Гиппократтың антында көп елдер өздерінің медицина саласына енгізе бастады. Алайда, Гиппократ антындағы «Мен ешкімге де өзімнен өлім құралдарын алуға және ауру адамның өлім туралы ойлауына жол бермеймін» жолдар анттың эвтазанияға қарсы келетінін көрсетеді.
Әрине әрнәрсенің шегі болатыны сияқты эвтаназияғада шек қойылған. Мысалы, моральдық тұрғыдан, медициналық , адамгершілік тұрғыдан және заңды жағынан шек қойылған.Дәл осы заңды жағына тоқталатын болсақ. Мысалы кейбір елдерде эвтаназияға заңды түрде рұқсат берілген. Ол елдер қатарына: Нидерланды, Германия, Бельгия, Швеция, Швейцария, США (Оригон және Вашингтон штаты).
Ал басқа елдер адам өмірінін басты құндылық санай отырып, эвтаназияға шек қойған.Бұл өз кезегінде эвтаназия туралы ойлардың екіге бөлінгендігін көрсетеді.Яғни, эвтаназияны заңды қылу керек пе? Заңды қылмау керек пе? Эвтаназияның жақсы жақтары мен жаман жақтары қандай? Осы жұмыс барысында мен осы сұрақтарға жауап алуға тырысамын.