ІI. Негізгі бөлім Эвтаназияның негізгі екі түрі бар: белсенді эвтаназия(пациенттің тез өлуі үшін түрлі дәрі-дәрмектер беру) және пассивті эвтаназия(Пациентті мүлдем емдемеу; аурумен күреспеу). Эвтаназияның бұл екі түрін де заңды түрге айналдыру бүгінгі көп қозғалып жүрген мәселелердің бірі. Эвтаназияны жақтаушылар бұндай өлімнің жақсы жақтары көп екеніне сендіруге тырысады. Мысалы, емделмейтін аурулармен ауратын адамдарды химиялық түрлі терапиямен қинамай, оларға тез және қолайлы жағдайда өлуге мүмкіндік беру керек. Сонымен қатар, кейбір мемлекеттер өмірден үмітін үзген жандарды емдеу үшін қаржы бөлгісі келмейді. Яғни, эвтаназия ел экономикасына мүлдем әсер етпейді және оның қаржысын үнемдейді. Осы жерден эвтаназияның жақсы жақтарына бірнеше аргумент келтіріп кетуге болады.Кез-келген адамның өмір сүруге немесе өлуге толықтай құқығы бар. Яғни, адам өзі қалаған уақытында өмірден өтуіне көмектесуге болады. Ал адамның өлуіне көмектесу бұл – эвтаназия. Мысалы, асқынған ауруға душар болған жандар кейде өмірді жалғастырғысы келмейді. Соның өзінде ол өте қымбат ем алып, өмірінен көп үміт күтеді. Бірақ ешқандай медицина оның өмірін сақтай алмауы мүмкін. Сондықтан да осындай жандар үшін эвтаназияны енгізу керек деп ойлаймын.Келесі бір ой , адамның жеке өміріне , оның жеке шешіміне ешқандай моральдық, әлеуметтік жағдайлар әсер етпеуі керек. Сонымен қатар, мемлекетке адам өмірі қаншалықты маңызды болса, сол адамның шешімі де соншалықты маңызды болу керек. Демек, ол адам өмір сүргісі келмесе, оған және оған көмектесуші «ассистенттерге» рұқсат берілуі керек.Өмірді жақсы сүріп, оның барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып, мәдениет пен өнерді, барлық қызықты көргенде ғана өмір сүруге болады. Ал жазылмайтын аурумен ауырғанда өмірдің барлық қызығы кетеді.Оның барлық үміті сөнген кезде оның өмірді жалғастырғысы келмейді. Эвтаназия – суицид емес. Кез-келген адамның өмір сүргісі келмесе, өмірге деген қызығушылығы жоқ болып, өмір сүрмеймін деген шешімге келсе оған оңай әрі тез өлуге көмектесу қажет.
Әрине, бұл ойларға қарсы аргументтерде бар. Көп адамның ойлауынша эвтаназия - былай қарағанда өзін-өзі өлтіру. “Эвтаназия не екені түсінікті. Бірақ эвтаназия кезінде пациенттер өлімді таңдаған күннің өзінде олар қолайсыз жағдайларда қалуы мүмкін. Оған қоса, эвтаназияға дәрігерлердің қатысуы мүлдем дұрыс емес” деп ойлайтындар да бар.Олардың ойынша эвтаназия пайдасынана қарағанда зиянын көп тигізеді.Себебі дәрігер мамандығы пациентке өлу мүмкіндігін беру емес, дәрігер мамандығы – пациенттерді емдеп, жазу. Егер эвтаназия дұрыс бақыланбаса , оның әлеуметтік қақтығыстармен бітуі мүмкін. Эвтаназия барлық этикалық тыйымдарға қарсы келеді. Эвтаназиямен пациенттің өмірін аяқтағаннан көрі пациенттердің ауруын толық зерттеп, оның жазылуына керекті барлық жағдайды жасау керек. Немесе кейбір топтардың ойынша «эвтаназия адамдарды алдау, иллюзия. Яғни, дәрігерлер адамды емдеудің жолын іздемей, пациентке өлудің жолын көрсетуде.» Адамгершілік тұрғыдан қарағанда да, адам өмірі ең маңызды, сондықтан да эвтаназия дұрыс емес. Ал діндерге келетін болсақ, Ислам, Христиан діндерінде эвтаназияға жол берілмейді. Себебі, жаратушы берген өмірді соңына дейін сүріп, кез-келген қиындықта соңғы үміт сөнгенше күресу керек. Марсия Энджелл, медицина ғылымдарының докторы, Гарвард медициналық мектебінің аға оқытушысының айтуы бойынша: Діндік тұрғыдан қараған да эвтаназияға қарсы келеміз. Ешқандай дінде өзін-өзі өлтіруі кешірілмейді. Бұл жерде логикалық адасу байқалады. Себебі, Далай-Ламаның айтуы бойынша Будда дінінде адам өмірінің мәні кетіп қалса, ол өмірін одан әрі жалғастырмауына болады. Этикалық, моральдық жақтарда да эвтаназия дұрыс емес. Сондықтан адамдардың ойы екі жаққа бөлінеді.
Әлемде эвтаназия көп елдерде заңмен бекітілмеген. Ал бірқатар елдерде эвтаназия туралы заң қабылданған. Ол елдер қатарына: Нидерланды, Германия, Бельгия, Швеция, Швейцария, США (Оригон және Вашингтон штаты). Ол заңда ересектер эвтаназиясы және балалар эвтаназиясы қарастырылған. Мысалы, Бельгия елін алайық.Бельгияда 10 миллион 414 мың адам тұрады. Бұл елде эвтанзияға 2002 жылы заңмен рұқсат берілді. Бір жылдан соң, яғни 2003 жылы эвтаназия өлім қаупімен ауратын 200 адамға көмектесті. Ал 2004 жылы 360 пациент эвтаназияны пайдаланды. 2014 жылы Бельгия үкіметі балалар эвтаназиясы жайында заң қабылданды. Бұл Бельгияда кез-келген адам жасына қарамай-ақ эвтаназияны қолдана алады деген сөз. Алайда, Бельгияда эвтаназия процестері қатаң түрде қадағаланады. Келесі эвтаназанияны заңдандырған елдердің бірі- Нидерланды. Нидерланды елінде 1993жылы 12 бөлімнен тұратын эвтаназия туралы заң қабылданды. Бірақ бұл заң тек 2002 жылы ғана күшіне енді. Осылайша Нидерланды елі ең алғашқы эвтаназияға заңмен рұқсат берген ең бірінші ел болды. Нидерланды заңы бойынша эвтаназияны қалаған пациенттің жасы 12-ден жоғары болуы керек және пациентке дәрігерлерден ешқандай көмек болмайтыны, пациенттің өлуі мүмкін екендігі дәлелденуі керек. Ол дәлелдеулерді дәрігерлер дайындайды және осы дәлелдеуден кейін ғана пациентке эвтаназияға жол беріледі. Ал Германия мен Швецарияда егер бір адам келесі адамға өмірден өтуіне көмектессе және бұдан ешқандай пайда көрмесе ол адам заң бойынша жазаланбайды. Бұл жерде ассистендірілген эвтаназияны көруге болады, яғни көмектесуші адам ассистент болып табылады. Немесе пассивті эвтаназияны алып қарастырсақ.Пассивті эвтаназияның кезінде пациенттің өлуіне дәрігерлер көмектеспейді, тек жай ғана пациенттіемдеуді доғарады. Эвтаназияның бұл түріне Калифорния штатының жоғарғы соты 1976 жылы рұқсат берді. Бұндай пассивті эвтаназия қазір АҚШ-та кеңінен тараған. Сонымен қатар, 2004 жылы Израильде және Францияда пассивті эвтаназияға рұқсат берілген.
2014 жылы Бельгияда балалар эвтаназиясы заңдандырылған кезде , «эвтаназия» тақырыбы Қазақстанда да көптеп көтерілді.Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Салидат Қайырбеков «Эвтаназия өте қиын тақырып, эвтаназияға заңды түрде рұқсат берместен бұрын көп ойлану керек және көпшілікпен бірге қоғам алдында талқылау керек. Себебі, маған бұл тақырыпта жазылған көптеген хаттар келеді. Бірақ мен дәрігер болғандықтан эвтаназияға қарсымын» деп ойын білдірген екен. Қазақстан эвтаназияны заңды түрде рұқсат етпейтіні анық. Себебі, біздің елімізде «Эвтаназия» тақырыбы төңірегінде әртүрлі қарсы аргументтер қалыптасқан. Тіпті, біздің менталитетіміз де эвтаназияға қарсы. Ал келесі бір нақты аргумент ол – дәрігер ролі. Гиппократ антын қабылдап, ақ халат кигендердің барлығы да кез келген жағдайда да, кез келген аурумен соңына дейін күресуі керек. Әйтпесе, дәрігерлерге деген теріс көзқарас қалыптасады. Немесе дін тұрғысынан қарайық. Қазақстан халқының 90%-ы ислам және христиан дінін ұстанады. Ал бұл екі дін де эвтаназияны адам өлімі ретінде, күнә есебінде қарастырады. Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша «халық – мемлекеттің басты байлығы». Демек, мемлекет азаматтарына эвтаназияны заңды түрде рұқсат етпесі анық. Алайда, Қазақстаннан жыл сайын Бельгияға, Германияға емделмейтін аурумен ауратын науқастар «тыныш өлім (эвтаназия)» үшін кетіп жатады. Қазақстан медицинасы жылдан жылға дамып келе жатыр. Бірақ Қазақстандағы 2000-нан астам азамат емделмейтін аурумен аурады және өздерінің өлетін уақытын күтумен өткізеді. Осындай жағдайларды көргеннен кейін Қазақстанда да 2 түрлі ой қалыптасады. Сондықтан бұл тақырыпта кеңестер өткізіп, көпшілікпен бірге талқылап, ортақ бір шешімге келу керек деп ойлаймын.