ІІІ.Қорытынды Қорыта айтқанда, алғаш рет Френсис Беконнның қолданған «Эвтаназия» терминін қазіргі күні әлемде көп қозғап жүр. Мұның себебі белгілі,медицинаның көмегімен емдеуге келмейтін ауруға шалдыққан адамның қалауын орындау. Эвтаназия термині дәрігер көмегімен өз-өзіне қол жұмсау немесе тыныш өлім деген мағыналарда да айтылады. Эвтаназия біріншіден жеңуге келмейтін қиындықтарды, яғни емделмейтін аурудың азабынан құтылу үшін әдейі ұйымдастырылған өлім болып табылады. Зерттеу жұмысы барысында айтып кеткендей, эвтаназияның екі түрі бар. Олар : белсенді және пассивті (енжар) эвтаназия. Бұлардың ішінде қазіргі күні белсенді эвтаназия заңдандыру мәсеелесі көп қаралып жатыр. Бірақ, моральдық , этикалық , религиялық тұрғыдан алғанда эвтаназия дұрыс емес болғандықтан бұл мәселе көп елдерде өз шешімін таба алмай келеді. Ал кейбір Бельгия , Германия, Нидерланды сияқты елдерде эвтаназияға заңмен рұқсат берілген. Бұл өз кезегінде әр халықтың, әр елдің, әр діннің бұл тақырыпқа әртүрлі көзқараста екенін көрсетеді. Бұлардың әртүрлі көзқараста болуының басты себебі діндер мен салт-дәстүрдің арқасында қалыптасқан елдегі менталитет болып табылады. Дәл осы тұста кіріспе бөлімде алға қойылған бірнеше сұраққа оңай жауап беруге болады. Ол сұрақтар : «эвтаназияны заңды қылу керек пе? Заңды қылмау керек пе?» деген сұрақ. Бұл сұрақтың шешімі анық, яғни бұл сұраққа бүкіл әлем бірдей шешім қабылдай алмайды, әр ел өз дініне, менталитеніне орай бұл сұраққа жауап береді. Мысалы, ислам елдері заңды қылмау керек деп есептесе, бірнеше дінді ұстанатын елдер эвтаназияға заңды түрле рұқсат беруі мүмкін. Алайда, жоғарыда айтып өткендей «эвтаназия» - өте қиын тақырып. Бұл жайында шешім қабылдау үшін жылдар мен халықтың ортақ шешімі керек. Ал халықтан ортақ шешім болу үшін, көпшілікпен бірге немесе аймақтық кеңестер өткізу керек. Сонда ғана эвтаназияға заңды түрде рұқсат беру туралы шешім қабылдауға болады.