Зерттеудің физикалық әдістері Зерттеу әдістері



бет17/22
Дата17.06.2020
өлшемі90,11 Kb.
#73761
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Зерттеудің физикалық әдістері(толық)

15. Электронография Электронография [1, С. 432-469; 5, C.447-456] – ол зерттелетін үлгімен үдетілген электрондардың шашырауына негізделген, зат құрылымын зерттеу әдісі. Ол бу мен газдағы молекулалардың, сұйық пен аморф, кристалл денелердің атомдық құрылымын зерттеу үшін қолданылады. Электронографияның физикалық негізі электондардың дифракциясы болып табылады; зат арқылы электрондар өткен кезде, толқындық қасиетке ие электрондар атомдарымен әсерлесіп, оның нәтижесінде жеке дифрагирленген шоқтар пайда болады. Осы шоқтардың интенсивтілікті және кеңістікті үлесуі, алынған үлгінің жеке кристалдарының ориентациясы, өлшемдері сонымен қатар басқа құрылымдық параметрлері мен атомдық құрылымдарымен қатаң сәйкестікте тұр. Электрондардың затта шашырауы кристалдағы максимумдары атомдық ядроның орналасуымен айқындалатын атомдардың электростатикалық потенциалымен анықталады.

Электронографиялық зерттеулер арнайы аспаптарда жаса-лынады – электронографтарда және электронды микроскоптарда; вакуумда электрондар электрлік өріспен үдетілінеді, жарық бір шоққа фокусталынып, зат арқылы өтетін электрондар фотоға түсірілінеді (электронограмма) немесе фотоэлектрлік құрылғымен тіркелінеді. Электрлік кернеудің өлшеміне қарай үдетілінетін электрондар жылдам электрондар дифракциясы анықталынады (кернеу 30-50 кэв -1000 кэв және одан да көп), ал баяу электрондардың дифракциясы (кернеуі бірнеше в-тан жүз в-қа дейін). Электронография дифракциялық құрылымдық әдіске жатып, бірнеше ерекшеліктерге ие болады. Электрондардың затпен күшті әсерлесуіне байланысты және электронографта жарық шоқтардың пайда болуына байланысты электронограмманың экспозициясын анықтауға бірнеше секундтар кетеді, бұл кристализацияны, құрылымды айналуды зерттеуге мүмкіндік береді. Бір жағынан электрондардың затпен күшті әсерлесуі заттың сәулелену қалыңдығын бірнеше мкм-ге қысқартады.

Электронография өте кішкентай кристалды күйдегі заттардың құрамын зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл әдіс рентген құрылымды талдау әдісімен салыстырғанда ауыр атомдардың арасын-да жеңіл атомдарды зерттеуде артықшылықтарға ие. Электроногра-фиялық зерттеуде суретке түсірудің екі әдісі қолданылады: шағылу және жарық саңылау (өту) әдісі.

Электронограммалардың алынатын түрі зерттелетін заттың сипаттамасына байланысты. Жұқа монокристалды пластинкалардан және өзара дұрыс байланысқан кристалшықтардан тұратын қабыршақтың электронограммасы, нүкте немесе бір-бірімен дұрыс орналасқан дақтар (рефлекс) түрінде құралған. Кристалшықтардың қабыршақтың ішінде дара орналасуы бойынша белгілі бір заңдылықпен шағылуы доға түрінде болады. Ретсіз орналасқан кристалшықтардан тұратын үлгілерден алынған электронограммалар, дебаеграммаға сәйкес бірқалыпты қараланған шеңберлерден, ал қозғалып бара жатқан фотопластикада түсірілгенде (кинематикалық түсірілім) параллельді түзулерден тұрады. Жоғарыда көрсетілген электронограммалардың типі серпімді, біртекті артықшылықты шашырау (кристалмен энергия алмасуы болмайды) кезінде байқалады. Бірнеше рет серпімсіз шашырау кезінде дифрагирленген шоқтардан екінші ретті дифракционды суреттер пайда болады. Осындай электронограммалар кикучи-электронограммалары (ең алғаш алған жапон физигінің атымен аталады) деп аталады. Газ молекулаларының электронограммалары аз диффузиялық ореолдар санынан құралады





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет