2. Оптикалық спектроскопия. Әдістің мәні заттың ортамен әрекеттесуінен тұрады, ал орта ретінде оптикалық диапазондағы электрмагниттік толқындар алынады. Әрекеттесу нәтижесінде реакцияға түсетін заттар қасиеттерінің өзгерісі орын алады.
Өлшеудің екі ортақ тәсілі қолданылады:1) Көзбен өлшеу;2) Аспаптық әдіс.
Заттар электрмагниттік толқындармен әрекеттескен кезде келесі өзгерістерді тіркеуге болады:
- зат молекулаларының поляризациялануымен себептендірілетін сыну бұрышы;
- заттың жарықты сіңіруі;
- өзгеруі мүмкін электрлік өткізгіштік және т.б.
Электрмагниттік толқындар диапазоны =100 – 100`000 м.
J = с / [Гц] V = 1/ [см -1]
Талдаудың оптикалық әдістері үшін сыну коэффициенті, оптикалық тығыздық және т.б. сипаттамалар тән.
L = kМc
Бүкіл спектр әртүрлі қасиеттерге ие. Заттың жарықты жұтуына негізделген әдістер де бар. Молекулалар мен иондар жарықты жұтуы мүмкін.
1) колориметрия; 2) фотоколориметрия; 3) спектрфотометрия (бүкіл диапазонды қолданады) зат спектрін алады.Сонымен қатар зат атомдарымен жұтылатын – атомды-абсорбциялық әдіс те бар.Плазма күйіндегі (жоғары t) заттар өздері жарықты сәулелендіруі мүмкін.
Атомды-эмиссиялық спектрлік талдау – элементтердің аз мөлшерін идентификациялау мен сандық түрде анықтаудың іс жүзінде ең кең тараған шұғыл сезімталдығы жоғары әдісі. Басқа оптикалық спектрлік, сонымен қатар көптеген химиялық және физика-химиялық талдау әдістерімен салыстырғандағы әдістің маңызды артықшылығы болып сынаманың аз массасын қолдану кезінде қолайлы дәлдікпен концентрацияның кең интервалында элементтердің үлкен санын бірмезгілде сандық түрде анықтау мүмкіндігін беруі табылады.
Атомды-флуоресценттік талдау әдісінің артықшылығы - әлсіз аналитикалық сигналдарды және сәйкесінше элементтердің өте кіші абсолюттік мөлшерін детекциялауға мүмкіндік беретін фонның салыстырмалы төмен деңгейі, өлшеудің жоғары селективтілігі мен шағын спектрлік кедергілер. Атомды-абсорбциялық әдістің және белгілі-бір шамада атом-флуоресценттік спектроскопияның кемшіліктеріне бірнеше элементті бірмезгілде анықтау қиындығын жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |