Зерттеудің мақсаты



бет3/5
Дата03.02.2020
өлшемі271,23 Kb.
#57118
1   2   3   4   5
Байланысты:
Лимон жемісінің пайдасы

1.3 Лимонның құрамы

Оның құрамында пектин, эфир майлары, биофлавоноидтар бар. Лимон асқазандағы қорытуға көмектесетін заттардың бөлінуіне әсер етіп, ағзаға темір мен кальцийдің сіңіруін жеңілдететін энзимдарды бөледі. Өзі қышқыл болғанына қарамастан, ол асқазан суларының қышқылдығын төмендетеді. Әрине лимон құрамындағы С дәрумені жайлы айтпай қоймасқа болмайды. Ол жалпы иммунды жүйені жақсартып, түрлі ауруларға тосқауыл болады. Лимон ағзадан қажет емес кір-қоқыстарды шығаруға да көмектеседі. Мысалы ұзақ уақыт дәрі, антибиотик қабылдасаңыз, лимонның көмегімен бауырыңызды улы заттардан тазартсаңыз болады.

Лимонның жеуге жарайтын бөлігінің 100 граммының энергетикалық құндылығы — 27-29 калория. Онда құрғақ зат 9,6-10,2% құрайды, 8,4% — көмірсу, олардан 3,5%-ға дейін — қант, 0,6-1,1% — ақ, 0,3-0,8% май, 0,4-0,9% клетчатка. Лимондар органикалық қышқылдарға (лимонмен және алмамен) — 6-8% бай, сол себептен олар лимон қышқылын жасау үшін пайдаланылады

Жемістің минералдық құрамына кальций (26-27 мг), фосфор (22-26), натрий (1), темір (0,3-0,5), калий (235 мг) кіреді.

Лимон жемісі дәрумендерге өте бай. 100 грамында 40-85мг С дәрумені, 0,4 мг бета-каротин, 0,04мг – В1 дәрумені, 0,2 – В2, 0,2 – В3, 0,1-0,3мг – Р дәрумені бар.

(Лимонның құрамында 5-8% лимон қышқылы, азот пен пектинді заттар, қант, фитонцидтер, калий, мыс, флавоноидтар, А, В1, В2, С, Д, Р дәрумендері мен эфир майы бар).

Лимонның құрамындағы басты бөліктері ол, әрине су мен лимон қышқылы. Бірақ, олардан басқа адам ағзасына қажетті дәрумендер де бар. Ең көп мөлшерін адам ағзасындағы заттардың дұрыс алмасуы мен қоректенуіне қажетті С дәрумені құрайды. Онымен қатар А, В1, В2 мен D дәрумендері және тек цитрус дақылдарына лайық цитрин (Р витамины) бар. Химиялық құрамына қарасақ, бұл, биологиялық белсенділік пен емдік қасиеттері мол, өте күрделі фенолдық құралым. Минералдық тұздар мен лимон қышқылына бай болғандықтан, лимонды жеу адам ағзасына көп пайда келтіреді.

Құрамындағы адам ағзасына пайдалы заттарға бай болғандықтан лимон қажетті азық-түлік, бағалы дәрілік және косметикалық құрал деп саналады.


1.4 Емдік қасиеттері


Катарактаның қалыптасу қаупін азай-тады, кіші қан тамырлардың қабырғаларын қа-тайтады. Анемияны және ревматизмді емдеуге жәрдемдеседі. Құрамында С дәрумені 100 грамда 48 мг.

Лимон – құрамындағы дәрумендердің мол болуына байланысты оның адам ағзасына тигізер пайдасы зор. Жалпы, лимон бактерияға қарсы және иммунитетті жақсарту әсері жөнінен бірінші орынды алады. Бәріміз білеміз, лимон С дәруменіне бай, ал ол қыс мезгілінде иммунитетті жоғарлатуда, әртүрлі тыныс жолдарының ауруларында көп септігін тигізеді. Біле білсеңіз, 100 г лимонда 150 г С дәрумені бар. Ал, ересек адамға тәулігіне 60 г С дәрумені қажет.

Лимонның барлық пайдалы қасиеттері оның ішкі жұмсағында , дәл осы жұмсағында дәрумендер көзі жинақталған. Ал, лимон жұмсағы 90% судан, ал қалған бөлігі суда еритін дәрумендер және алма, лимон қышқылынан тұрады. Құрамындағы калийдің маңыздылығы соншалықты, жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын реттейді, яғни қан қысымы жоғарылаған науқастарға, жүрек инфарктін, инсульттің алдын алуда пайдасы зор. Кейде тіпті, адамның көңіл-күйі болмаған кезде, тәбеті тартпай тұрса, 1 тілім лимонды шайға салып ішсеңіз болады. Ол әрі тіске пайдалы, әрі қызыл иектің қанауында көмектеседі. Суға лимон шырынын қосып, тісіңізді шайсаңыз да болады.

Жүкті әйелдерге аса қажетті өнім. Себебі оның құрамындағы жоғары мөлшерде С дәрумені бар және бұл әсіресе жүкті әйелдердің токсикоз кезінде пайдалы, сол кезде 1 тілім лимонды күніне 1 рет жесе басылады. Бірақ, ескерте кету керек, лимон цитрустық жеміс болғандықтан, кейбір аллергиялық реакциялар туындауы мүмкін. Әсіресе, асқазан-ішек жолдарының созылмалы аурулары бар әйелдерге қолданбағаны абзал, себебі оның құрамында қышқыл бар.

Лимонды шаймен бірге ішсеңіз пайдасы көп. Оның қасиеті ағзадағы артық жиналған заттарды, шлактарды шығарады және өзіңізді тыныштындырып, жақсы көңіл-күй сыйлайды. Таңертең тұрғанда 1 тілімін шайға салып ішсеңіз, сіз өзіңізді күні бойы сергек, әрі жеңіл сезініп жүресіз.

Қандай лимонды таңдау керектігін айта кеткен жөн. Қазіргі кезде лимонның түрі өте көп. Оның түрі көп болғанымен, барлығының тигізер пайдасы бірдей. Лимонның ең бірінші сыртқы түсіне, яғни сыртқы түсі қанық сары түсті, сырты тегіс және піскен екендігіне көз жеткізуіңіз керек, бірақ дақтары болмағаны абзал.

Судың адам ағзасына қаншалықты пайдалы екені бұрыннан-ақ белгілі. Диетолог-мамандар су диетасына сәйкес күн сайын аш қарынға 1 стақан таза су ішу керектігін айтады. Сондай-ақ, олар таза суға лимон тілімдерін қосып, ішкен дұрыс екенін дәлелдей білген.

Цитрус өсімдіктерінің шырыны табиғи дәрумендерге өте бай, адамның көңіл-күйді көтеріп, сергітеді. Шырынның адам ағзасына әсері мол. Оны қарапайым адамдардан бастап, даңқты спортшылар да жаттығуларда, сайыстарда пайдаланады. Қазіргі уақытта сапалы шырынды пайдалануға әлемдік деңгейде көңіл бөлініп отыр.

Лимонның көптеген ауруларға қарсы ем ретінде қолданылатын бағалы жеміс екендігі белгілі. Ол дәрумендерге бай өнім. Лимон тілімдері қосылған суды «Денсаулық сусыны» деп атайды. Ол иммунитетті жақсартуға, склероз, анемия сияқты аурулардан арылуға жол береді.

Лимон құрамындағы магний, калий мен С дәрумені ми, жүрек және жүйке жүйесі жұмысын жақсартады, қан қысымын бір қалыпқа келтіреді. Теріге нәр береді, тырнақ, шаш өсіміне оң әсерін тигізеді. Қант диабетімен ауыратындарға оның жапырағын көлеңкеде кептіріп, ұнтақтап, сосын бір ас қасығын жарты литр суға салып, шай сияқты демдеп, күніне 3 рет 30 грамнан 2 ай ішкізіп, ауруынан жазады.

Лимонды кесіп алып, шайға салып, ішіп жүрсе, қан жүрісі реттеледі, қан қысымының көтерілуі бәсеңдейді. Лимонмен шай ішкен адамның жүйкесі бірқалыпты болады.

Лимон асқазандағы қорытуға көмектесетін заттардың бөлінуіне әсер етіп, ағзаға темір мен кальцийдің сіңіруін жеңілдететін энзимдарды бөледі. Өзі қышқыл болғанына қарамастан, ол асқазан суларының қышқылдығын төмендетеді. Әрине лимон құрамындағы С дәрумені жайлы айтпай қоймасқа болмайды. Ол жалпы иммунды жүйені жақсартып, түрлі ауруларға тосқауыл болады. Лимон ағзадан қажет емес кір-қоқыстарды шығаруға да көмектеседі. Мысалы ұзақ уақыт дәрі, антибиотик қабылдасаңыз, лимонның көмегімен бауырыңызды улы заттардан тазартсаңыз болады.

Лимон шырыны мен қабығы антисептикалық қасиетке ие. Онымен жараларды сүртіп, ерітіндісімен тамақ шайса болады. Лимон қан құрамындағы холестерин деңгейін төмендетіп, тәбетті ашады. Лимон құрамындағы Р дәрумені қан тамырларын беріктендіріп, қан қысымын көтереді. Әрине лимонның ең танымал қасиеті — жұқпалы тұмау ауруына төтеп бере алуы. Үнді йогтары лимонды денсаулықты қорғауға арналған жақсы құрал деп санайды. Сондықтан әр адамның күніне бір лимон жеуге үйренуді талап етеді.

Артық салмақтан арылуды мақсат тұтқан жандарға лимон қосылған су көмегін тигізе алады. Лимон шырынының құрамындағы пектин ас қорыту жүйесін жақсартып, артық салмақтан арылуға жол береді. Ол үшін күнделікті 1 стақан лимон қосылған суды үш мәрте қабылдау керек. Лимон қосылған қайнатылған жылы су бауыр, өт, бүйрек ауруларының алдын алып, бұл мүшелердің жұмысын жақсартады. Өт жолында тастардың жиналмауына ықпал етеді. Ағзаны зиянды қалдықтардан арылтады. Қан құрамындағы токсиндерден арылтып, терідегі пигментті дақтардың көзін жояды. Безеу, секпіл, әжімнің түсуіне жол бермейді. Теріні тазалап, оны ағартады.



Күнделікті таңертең аш қарынға қабылданған лимон қосылған су жүйке жүйесінің жұмысын бір қалыпқа келтіріп, бойға күш-қуат пен сергектік береді. Стресс, күйзеліс, көңілсіздіктің болмауына ықпал етеді. Жаздың аптап ыстық күндері бұл шырын шөлден құтқарса, қыстың күні жанға жылулық пен күш сыйлайды.

Қайнаған 1 литр ыстық суға лимон тілімдерін салып қойыңыз. Суыған кезде аз-аздан қабылдай бастаңыз. Кейін қабылдау мерзімін жиілетеңіз. Сондай-ақ, қалауыңыз бойынша, бұл шырынға 1 шәй қасық бал немесе жалбыз жапырағын қосуға болады.

Жылдың қай мезгілінде болсын бет терісі ерекше күтімді қажет етеді. Арнайы косметика өнімдерімен қатар үй жағдайындағы күтімнің де бет терісіне өзіндік пайдасы бар. Табиғи өнімдерден әртүрлі маскалар қолдану бет терісін тазалауға, нәрлендіруге және ылғалдандыруға көмектеседі.

Бет терісі түріне қарай құрғақ, майлы, біріктірілген (комбинированный) және қалыпты болуы мүмкін. Оны анықтау үшін бетті тазартқыш құралдардың көмегімен тазалап, 3 сағаттан кейін қағаз майлықтың бірін мағдайға, тағы бірін бетке 15 секунд қойып тексеріп көруге болады. Майлықтарды салыстыру барысында екі майлықта да май дағы байқалса, терінің түрі қалыпты саналады. Майлықтың кез келгенінде май дақтары әзер байқалса, онда тері құрғақ болғаны. Немесе екі майлыққа да көп мөлшерде сіңген болса, ол майлы тері болып табылады. Егер қағаз майлықтың біріндегі май дағы екіншісінен көбірек болса, тері түрі біріктірілген болып табылады. Ендеше бетке косметика өнімдерін немесе маскаларды терінің ерекшелігіне сәйкес қолдану қажеттігі айтпаса да түсінікті.

Лимонның осыншама пайдасына қарамастан, ол да зиян болуы мүмкін. Тым көп мөлшерде қабылданған лимон ем емес, керісінше болуы мүмкін. Лимон қатты аллергия қоздырғышы болуы мүмкін. Лимонды тіс эмальдары нашар жандар сирек жегені дұрыс, лимон шырыны оны біржолата құртуы мүмкін. Тамағы қабынған, ісінгендер де лимон жемегендері жөн, лимон тамағыңызды ашытып, күйдіріп жібере алады. Гастрит, асқорыту жолдарының ауруына шалдыққандарға лимон жеуге мүлдем тыйым салынған.

Судың адам ағзасына қаншалықты пайдалы екені бұрыннан-ақ белгілі. Диетолог-мамандар су диетасына сәйкес күн сайын аш қарынға 1 стақан таза су ішу керектігін айтады. Сондай-ақ, олар таза суға лимон тілімдерін қосып, ішкен дұрыс екенін дәлелдей білген.

Лимон тілімдері қосылған суды «Денсаулық сусыны» деп атайды. Ол иммунитетті жақсартуға, склероз,анемия сияқты аурулардан арылуға жол береді.

Лимон құрамындағы магний, калий мен С дәрумені ми, жүрек және жүйке жүйесі жұмысын жақсартады, қан қысымын бір қалыпқа келтіреді. Теріге нәр береді, тырнақ, шаш өсіміне оң әсерін тигізеді.



Артық салмақтан арылуды мақсат тұтқан жандарға лимон қосылған су көмегін тигізе алады. Лимон шырынының құрамындағы пектин ас қорыту жүйесін жақсартып, артық салмақтан арылуға жол береді. Ол үшін күнделікті 1 стақан лимон қосылған суды үш мәрте қабылдау керек.

Лимон қосылған қайнатылған жылы су бауыр, өт, бүйрек ауруларының алдын алып, бұл мүшелердің жұмысын жақсартады. Өт жолында тастардың жиналмауына ықпал етеді. Ағзаны зиянды қалдықтардан арылтады. Қан құрамындағы токсиндерден арылтып, терідегі пигментті дақтардың көзін жояды. Безеу, секпіл, әжімнің түсуіне жол бермейді. Теріні тазалап, оны ағартады.

Күнделікті таңертең аш қарынға қабылданған лимон қосылған су жүйке жүйесінің жұмысын бір қалыпқа келтіріп, бойға күш-қуат пен сергектік береді. Стресс, күйзеліс, көңілсіздіктің болмауына ықпал етеді. Жаздың аптап ыстық күндері бұл шырын шөлден құтқарса, қыстың күні жанға жылулық пен күш сыйлайды.

Қайнаған 1 литр ыстық суға лимон тілімдерін салып қойыңыз. Суыған кезде аз-аздан қабылдай бастаңыз. Кейін қабылдау мерзімін жиілетеңіз. Сондай-ақ, қалауыңыз бойынша, бұл шырынға 1 шәй қасық бал немесе жалбыз жапырағын қосуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет