Зерттеудің мақсаты


Лимон электр қуатын жақсы өткізетінін анықтау



бет5/5
Дата03.02.2020
өлшемі271,23 Kb.
#57118
1   2   3   4   5
Байланысты:
Лимон жемісінің пайдасы

2.3 Лимон электр қуатын жақсы өткізетінін анықтау

Ғаламторда лимон туралы мәлімет жинағанда, мен оның ішінде электр қуаты барын оқыдым. Ол мені таң қалтырды, сондықтаноны тексергім келді.

3 тәжірибе: Лимонда электр қуаты барын тексеру

Қажетті құралдар: лимон, 2 сым, мыс тиыны,  шеге,  вольтметр

Лимонда қанша электр қуаты бар екенін тексеру. Ол үшін мұғалімнің көмегімен лимонға тиын мен шегені жартылай кіргізіп, сымдармен вольтметрге қостым. Вольтметр 1 лимонда 1-ге жуық вольт бар екенін көрсетті.

Тұжырым: лимондағы электр қуатын пайдалануға болады


2.4 Лимонның шай түсін өзгертетуін дәлелдеу

4 тәжірибе: Лимонның шай түсін өзгертетінін тексеру

Қажетті құралдар: 2 шыны ыдыс, аққұман, шай, қайнаған су, лимон

Шайды аққұманға шығарып, екі ыдысқа құйдым. Біреуіне лимон шырынын қостым. Сол ыдыстағы шайдың түсі ағарды.

Тұжырым: лимон шайдың түсін ағартып, біздің тісімізді сарғаюдан қорғай алады.

SWOT талдау барысында төмендегі нәтижелер анықталды:

 

Жағымды жақтары


Жағымсыз жақтары


Лимонның барлық бөліктері пайдалы;


Тұқымы мен ақ қабығы тамақтың дәмін бұзады (ащы дәм береді);


Лимонның құрамындағы С дәрумені басқа жемістермен салыстырғанда ұзақ уақыт сақталады;


Қазақстан жерінде аз өсіріледі (басқа мемлекеттерден әкелінеді);

Тазартқыш, ақтағыш, иіс кетіргіш қасиеттері бар, электр тогын өткізеді.

Елімізде лимонның бағасы қымбат (иіс кетіргіш, тазартқыш ұнтақ пен кәдімгі батарея сатып алу арзанға түседі).

Мүмкіндіктері


Қатерлері


Мемлекетімізде лимонды жылы жайларда өсіру саласын дамыту;

Жылыжай салып, лимон көшеттерін сатып алу үшін мүдделі ұйым немесе адам керек;


Үйде өсіру.

Лимон тұқымынан өсірілген ағаш жеміс бермейді, оған жеміс беретін шыбықша ұластыру қажет.

Лимонды үйде өсіру әр адамның қолынан келеді деп ойлаймын. Осы жобаны орындау барысында лимонды үйде өсіру тәсілімен таныстым, ендігі жоспарлаған кезеңім – лимон ағашын өсіріп, жеміс алу.





Қорытынды

Лимон туралы мәлімет жинағанда, оның шығу тегі мен ботаникалық сипаттамасы туралы көп білім алдым. Оның көмегімен қандай ауруларды алдын алып, емдеуге болатынын анықтадым. Лимонды үй шаруасында қолданудың бірнеше тәсілін таптым. Мен осы мәліметті іріктеп, бір кітапшаға жинадым. Оны әр үйдің тазалығын сақтап, ас бөлмесінің жарқырап шығуына жақсы көмекші құрал деп санаймын.

Лимонның көптеген ауруларға қарсы ем ретінде қолданылатын бағалы жеміс екендігі белгілі. Ол дәрумендерге бай өнім. Оның сөлі шипалы әрі косметикалық мақсатқа да кеңінен қолданылады. Тұмауға, баспаға қарсы ем ретінде халық арасында көптеп пайдаланылады. Егер басыңыз ауырып тұрса, онда ащы кофеге лимон шырынын тамызып ішкен жөн. Тістің еті қанталап, ісініп тұрса, оны лимон қабығымен ысқылап, массаж жасау керек.Сығылған лимонды тастай салмаңыз, оны пайдаға асыруға әбден болады. Жатар алдында екі қолыңызды лимон қабығымен ысқыласаңыз, терісі жұмсарады. Лимонның езілген қабығын тастамаңыз, оны қайнаған ыстық суға салып қойсаңыз, біраздан соң жап-жақсы иіс су (туалетная вода) аласыз. Онымен теріні, жуылған шашты шаюға болады.

Тәжірибе арқылы мен лимонның шын мәнінде таңғажайып жеміс екенін дәлелдедім. Ол үй шаруасына жақсы көмектеседі: киімдегі дақтардыкетіреді, ыдыстарды тазартады, тістің ақ болуына жақсы ықпал етеді, тіпті электр қуатын да береді. Ал адам денсаулығына деген пайдасы шексіз. Сондықтан жемістердің арасында лимонға тең жеміс жоқ деп анықтадым. Күнде бір лимон жесеңіз – ешқашан ауырмайсыз, — деп жұмысымды қорытындылауға болады.


Пайдаланған әдебиет тізімі




  1. ҚАМШЫ.KZ, Гүлжан Серік -Лимонның пайдасы, бейсенбі, 19 Желтоқсан 2013, 17:31

  2. «Ақмешіт ақшамы» газеті, Ж.Аймағамбетова — Лимон өсіріңіз де лимонад жасаңыз, 10 Мамыр 2014

  3. Уикипедия Ашық энциклопедиясы — Лимон, 18:20, 2014 ж. желтоқсанның 20, mySharm.ru,

  4. Волшебник Лимон, Юлия Гнедина, myCharm.ru, уход за кожей и лицом

  5. Энциклопедия продуктов. Ирина Ройтенберг, 2008г, Аркаим, стр 87

  6. Веселая энциклопедия пищевых растений-целителей, Андрей Рябоконь, iknigi.net, 15 стр.

  7. Журнал «Наука и жизнь» № 12, 2004 г. статья В. Дадыкина, стр. 2

  8. Цитрусовый сад в комнате, В.В. Дадыкин, Колос,  1991, стр. 12

 


Қосымша № 1


 

Аты-жөні—————————————————

Сынып——————————

 


  1. Лимондарды жиі жейсің бе?

А) күнде                              Б) аптасына бір рет

Ә) екі күнде бір рет   В) айына 1-2 рет

 


  1. Лимонның қай бөліктері адам денсаулығыңа пайдалы?

А) толығымен

Ә) жұмсағы

Б) қабығы мен жұмсағы

В) жұмсағы мен тұқымы

 


  1. Лимонды ұнатасың ба?

А) иә                    Ә) жоқ

Фамилия-имя—————————————————

Класс———————————

 


  1. Как часто ты ешь лимоны?

А) каждый день  В) раз в неделю

Б) через день                         Г) 1-2 раза в месяц

 


  1. Какие части лимона полезны для здоровья?

А) полностью

Б) мякоть

В) кожура и мякоть

Г) мякоть и семена

 


  1. Любишь ли ты лимоны?

А) да                  Б) нет


Қосымша №2



Сенің досың – лимон (лимонды қолдану тәсілдерінің жинағы)

 

Ыстық өлке тұрағы,



Көп витамин — құрамы.

Шайға қосып ішкенде

Тұмауыңды қуады.

Дәмі қышқыл ептеген,

Ауруға ем көптеген.

Иісін айт аңқыған,

Лимонға жеміс жетпеген
Лимон (Citrus limon) – руталар тұқымдасына жататын субтропиктік және тропиктік мәңгі жасыл өсімдік. Шыққан жері Үндістан, Оңтүстік және Үнді Қытай аралдары болып саналады. Жабайы түрі жоқ, қолдан өсіріп, өнім алады.

Жемісі ірі, салмағы 200-400 грамм, сопақша, сары түсті, қалың қабықты. Ішінде шырын жемісі бар. Ол 8-10 бөлікті, дәмі қышқыл.



Лимонның құрамындағы заттар

Лимон жемісінде әртүрлі органикалық қышқылдар (негізінен, лимон қышқылы), қант, 40 миллиграмм пайызда С дәрумені, В1, В2, РР дәрумендері бар. Қабығы эфир майына, пектин заттарына, дәрумендерге бай. Шырынының құрамында 5-7,2 пайыз лимон қышқылы, 1,9-3 пайыз қант, темір, эфир майы, кальций, калий кездеседі. Лимонның жемісін шырын және лимон қышқылын алуға пайдаланады.



Лимонның емдік қасиеттерін пайдалану нұсқалары

  • Басыңыз ауырса, жаңа піскен лимонның қабығын алып, цедрадан тазартып, қабаққа салыңыз және бірнеше уақыт ұстаңыз. Кейін терінің үстінде лимон қабығының астында қызыл таңба пайда болады, ол қызады, ал бас ауруы басылады.

  • Тіс жиегіңіз жиі қанайтын болса, тістеріңізді лимонның қабығымен ысыңыз.

  • Егер, аяғыңыздың сіңірлері тартылса, аяқтың табанына таңертен және кешке лимонның шырынын жағыңыз. Бірақ одан соң сәл жүрмей қоя тұрыңыз. Аяқ кимді шырын кеппегенше кимеңіз. Емделу мерзімі – екі жеті.

  • Тырнақтарыңыз сынғыш болса, оларға лимон шырыны мен май қоспасын жиі жағып тұрыңыз.

  • Ал құлағыңыз ауырса, 2-5 тамшы лимон шырынын тамызыңыз – бұл құлақтың ауруын басады және естуді жақсартады.

 

Лимоннан дәрі-дәрмектердің бірнеше рецептері

Сүйелдер

Екі лимонның ұсатылған қабығын 30% сіркесудан 0,5 стақан құйыңыз, тығыз жабылған ыдыста, кезеңдеп шайқап отырып, 8 күн ашыту. Сүзіңіз. Осы тұңбада суланған тампонды, күніне бір неше рет сүйелдерге жағыңыз.



Секпілдер

100 г бал алып, бір лимонның шырынымен араластырыңыз. Осы қоспамен дәкеден жасалған майлықтарды дымқылдатыңыз және секпілдер жабылған жерлерге 15 – 20 минутқа жағыңыз. Табысқа жету үшін үнемі 15-20 маска жағуғу болады.



Гипотония

төмен қан қысымы болған кезде климактериялық кезеңінде тамақтан соң үгітілген кофе дәмдерінен 50 г, 0,5 кг балдан және бір лимонның шырынынан жасалған қоспаны 2 сағаттан кейін 1 шай қасықтан қабылдаңыз. Қоспаны тоңазытқышта сақтаңыз.



Бас ауыруы

Жаңа піскен лимонның қабығын алыңыз, цедрадан тазартыңыз, қабаққа салыңыз және бірнеше уақыт ұстаңыз. Кейін терінің үстінде лимон қабығының астында қызыл таңба пайда болады, ол қызиды және қышиды, ал бас ауыруы басылады.



Тістерді нығайту

Егер сіз тістеріңіз ақ, ал тамырлары – мықты болсын деп тілесеңіз, тістеріңізді лимонның қабығымен ысыңыз.



Қан кету

Жатырдан қатты қан кетуде 6 жұмыртқаның ақтарын 0,5 шай қасығы лимон қышқылымен араластырып, ішіп қойыңыз. Егер қажет болса қайталаңыз.



Мүйізгектер

Ұйықтар алдында аяқты ыстық сумен буындырыңыз, құрғақ болғанша сүртіңіз және кішкене балдырмен лимонның қабығын – лимонның шетін мүйізгекке байлап қойыңыз. 4 – 5 күннен кейін мүйізгек толығымен жоқ болып кетеді.



Аяқ сіңірінің тартылуы

Аяқтың табанына таңертен және кешке лимонның шырынын жағыңыз және жүрмеңіз, аяқ кимді шырын кеппегенше кимеңіз. Емделу курсы – екі жетіден аса емес.



Талып қалу

100 г құрғақ лимон қабықтарын ұсатыңыз, 1 л арақ құйыңыз, анда санда шайқап отырып, 3 апта жылы жерде ашытыңыз. Сүзіңіз. Күніне 3 рет 25-30 тамшыдан қабылдаңыз.



Жасарту

Қабығымен 3 лимонды, 3 бас сарымсақ, 3 стақан мүк жидекті сығыңыз, 7 стақан қайнатылған сумен ашытыңыз, 2 күнге салқын жерге қойыңыз, сүзіңіз, 400 г бал құйыңыз, араластырыңыз және тағы 2 күнге салқын жерге қойыңыз. Күніне 3 рет 1 ас қасықтап ішіңіз.



Құлақ

Құлаққа 2-5 тамшы лимон шырының тамшылаңыз – бұл ауыруды басады және естуді жақсартады.



Қайызғақ

4 лимонның қабығын 1 литр суда 15 минут пісіріңіз, қайнатпаны сүзіңіз. Шашты қайнатпамен аптасына бір рет шайыңыз.



Бет терісін тазарту

Лимонның құрамында бет терісіне өлген жасушалардан құтылуға көмектесетін ферменттер бар. Бет терісін лимонмен тазалау негізінен терісі майлы немесе аралас адамдарға арналған. Өз қолыңызбен жасаған табиғи косметика бетіңіздің терісін сергітіп, беттегі артық майдан құтылуға көмектеседі. Бетті лимон көмегімен тазалау үшін сізге 1 лимон және 1 стақан су қажет болады. Лимонды алып тураңыз да, оны шыны немесе пластик ыдысқа салып, үстінен мұздай су құйыңыз. Ыдыстың бетін тығыз жауып қойыңыз. Бетті тазалауға арналған осы суды 2-3 сағат ішінде тұндырыңыз. Содан соң оны сүзіп алып, бір тәулік ішінде қолдансаңыз болады. Ол үшін суға мақтаны салып, осы мақтамен бетіңізді сүртесіз. Әрбір сүрткен сайын, таза мақта қолдану керек. Бетті лимонмен тазалау 3-4 күн ішінде қоданылады. Тазалау барысында, теріңізді мұқият бақылаңыз. Егер қандай да бір аллергиялық реакциялар байқасаңыз, бетті лимонның көмегімен тазартуды тоқтатыңыз.



Тісті ағарту

Тісті ағарту үшін тіс пастасына лимон шырынының 1-2 тамшысын қосуға болады. Лимон шырыны сондай-ақ қызыл иектің қанауы мен қабынуын төмендетеді.



Теріні  ылғандандыру

Құрғақ әрі сезімтал теріні ылғандандыру үшін 8 шәй қасық жоғары сұрыпты өсімдік майына 4 шәй қасық лимон шырыны мен 1,5-2 шәй қасық балды ыдысқа салып, араластырып жағуға болады.



Терінің майлылығын азайту

Лимон терінің майлылығын азайтып, безеуден арылуға да пайдалы. Бір жұмыртқаның ақуызы мен лимон шырынын араластырып 20 минуттан кейін жуып тастаса, тері әрленіп тазаланады.



Тырнақтарды күту

Тырнақтар икемділік пен қаттылықты жоғалтпау үшін, оларға лимон шырыны мен май қоспасын жиі жағу керек



Алақан терлесе

Қолды жуғаннан кейін 4 ас қасық глицерин мен 2 ас қасық лимон шырыны және 2 ас қасық спирт қосылған ерітіндімен сүртіп отырады. Көп ұзамай қолыңыз терлемейтін болады.



Лимонды үй шаруашылығында пайдалану

Лимонды үй шаруасында да қолдануға болатынын көбі білмейді. Бірақ оның тазартқыш және иіс кетіргіш қасиеттерін қолдану тәсілдері өте көп.



  • Азық-түлікті кесетін тақтай әртүрлі жағымсыз иісті (сарымсақ, пияз, балық, т.б.) сіңіп алса, оны лимонның жартысымен сүрту керек, ол барлық иістерді бірден кетіреді.

  • Егер жеміс-жидектерді жуатын суға лимонды қосса, ол бактерия мен микробтарды өлтіріп, жемістерге хош иіс береді, себебі оның антибактериалдық және дезинфекциялық қасиеттері бар.

  • Құрап қалған салат жапырақтарын суық суға салып, лимон жартысын сықсақ және бір сағат тоңазытқышта ұстасақ, ол жаңадан ашылады.

  • Егер лимонға қалампыр бұтағын кіргізіп, оны шқапқа салсақ, ол кеуіп, өзінен жағымды хош иіс шығарады. Ауаны тазартып, тамаша иіс қалтырады.

  • Ас бөлмесіндегі сұр алюмин заттар мен ыдыстар ұнамаса, оларды лимонның жартысымен сүртіп жылтырлатуға болады.

  • Киімдегі дақтардан бір стақан лимон шырыны көмектесе алады, оны кір жуғанда жуатын машинаға кұю керек. Жуған киім хош иісті сіңіп алып, дақтардан айырылады. Ал үлкен дақты кетіру үшін, ас содасын лимон шырынын 50/50 ара қатынаста алады. Жуу алдында осы ерітіндіні даққа жағу керек.

  • Ваннаны тазарту үшін де лимон жақсы көмекші болып табылады. Оның шырынына су және сірке суын (уксус) қоссақ, ол  дақтар мен кірді жақсы кетіреді.

  • Автомат кір жуғыш машинаның ішін қаспақтан тазарту үшін оған 1 ас қасық лимон қышқылын салып, 90ͦ температураға қойып, жүргізу қажет. Осы әдісті 3 айда бір рет қолданған жөн.

  • Кейбір бұнақденелілердің иістерді жақсы сезетіні белгілі, сондықтан лимон шырынын бөлме бұрыштарына, терезе астына сеуіп қоюға болады. Сол уақыттан бастап, үйге өрмекшілер, құмырсқалар, бүргелер мен тарақандар  кіруін қояды.

  • Ал еден жуатын суға лимон шырынын тамсақ, ол дезинфекция жасап, жағымды иіс қалтырады.

Лимон ас бөлмесінде

  • Лимонның көмегімен дәмді ірімшік дайындауға болады. 1 литр қайнаған сүтке 1 лимон шырышың қосып, сүзіп қойыңыз. Қалған сүзбені ішуге немесе нан илеуге қолдануға  болады.

  • Егер сіз тазаланған картопты біраз уақытқа суда қалтырғыңыз кесе, оған бірнеше тамшы лимон шырының немесе қышқылын қосыңыз. Картоп қараймайды.

Лимоннан тағамдарға әшекей жасау

Лимоннан гүл жасау үшін, оның қабығын тігінен жолақшалап кесіп, дөңгелетіп немесе бөліп турайды. Оларды тағамға әдемілеп қояды.

 

«Змейка» жасау үшін – лимон дөңгелегін ортаға дейін кесіп, жан-жаққа қаратады немесе үзбей кесіп созады.



 

Лимоннан «Көбелек» те жасауға болады.

Әшекейлерді лимон қабығынан  да жасауға болады. оның иісін күшейту үшін пайдаланудың алдында қайнап тұрған сумен шаю керек. Өткір пышақпен лимон қабығын кесіп алып, раушан гүл сияқты орап қою керек.

Жіңішке жолақшамен кесілген лимон қабығын спиральдап орау керек. Олармен балықтан және еттен жасалған тағамдарды әшекейлеуге болады.

 

Сен білесің бе?

Ақпан айында француз қаласы Ментонада Лимон мерекесі тойланады. Бұл «қышқыл» емес, керісінше өте көңілді мереке. Оған мыңдаған адам жиналып, ол екі аптаға дейін созылады. Барлық адамдар өз қалауларымен түрлі лимон шырындарының, одан жасалған тәттілердің дәмін көреді. Мереке барысында 130 тоннадай лимон желінеді.

 

Лимон ертегі кейіпкері де болды. Ол итальян жазушы Джанни Родариның «Чипполиноның басынан кешкендері» деген ертегісінде Ханзада Лимон, деп аталған. Автор



«Принц Лимон басынан аяғына дейін сары киім киініпті, басындағы сары тақиясында алтын қоңырау сыңғырлайды.» — деп Лимон Ханзадасын сипатталған.

 
Осындай тамаша жеміс – лимон!



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. INFO-TSES.KZ. Лимондағы дәрі мен дәрумен, М. Сүлеймен

  2. Камшы.кз. Лимонның пайдасы, Г. Серік

  3. http://blogs.mail.

  4. Джанни Родари, Чипполиноның басынан кешкендері, алматы, Жалын, 1984, 4 бет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет