Зерттеудің теориялық әдістері. Ең алдымен назар зерттелетін құбылыстардың, процестердің заңдылықтарын жинақтауға, анықтауға, қалыптастыруға бағытталады. Соңғы жылдары оқыту әдістемесінде жүйелі құрылымдық әдіс қолдана бастады. Оның мәнісі - зерттеу өзара байланысты элементтерден құрылған біртұтас жүйелерінде қаралады, элементтер арасындағы өзара байланыстылық пен қарым-қатынасқа басты назар аударылады. Осыған сәйкес оқыту әдістемесінде мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты анықтау қажеттілігі туады (яғни оқыту мен білім алу), оқытудың мақсаттарымен, мазмұнымен, әдістері, құралдарымен, оқушылардың білімді қабылдауы, дамуы және тәрбиелену арасындағы байланыстарды анықтау қажет болады Оқытудағы жүйелі-құрылымдық әдіс сабақтың мақсатын анықтауды, осы мақсаттарға байланысты оқытудың мазмұнын, әдістері мен құралдарын сұрыптап ала білуді, сабақтың тиімділігін бағалауды көздейді. Жүйелілік әдіс мұғалімнің бағдарлама бойынша бірнеше сабақты жоспарлап, дайындалуына мүмкіндік береді, әр сабақтың өзіндік ерекшеліктері мен мақсаттары, мазмұны, оқыту әдістері жағынан, оқушылардың танымдық әрекетінің сипаты жағынан өзара байланыстылығы сақталады.
Әдістемелік зерттеулерде типологиялық әдіс те көрнекті орын алады. Бұл әдіс бойынша зерттелетін объектілер мен құбылыстар топталып, әр топтың негізгі белгілері анықталады. Типологиялық әдіс әдістеме ғылы-мының мәселелерін зерттеуде жиі қолданылады. Мысалы, ана тілінен берілетін білім мазмұнын талдап шешуде оның негізгі құрамдас бөліктерін топтап қарастыру, атап айтқанда, білім беру, іскерлік, көзқарастық идеялар және әрекет тәжірибесін түгел қамту т.т. Оқытудың жолдары мен ұйымдастырудың түрлері жөніндегі мәселелерді зерттеу, тілді оқыту әдістерін жіктеуге, оқушылардың өз бетімен істейтін жұмыс түрлері мен сабақ түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің теориялық әдістерінің ішінде тарихи әдістің де тиісті орны бар. Бұл әдіс бойынша зерттелетін құбылыстар уақыт жағынан даму, өзгеру тұрғысынан қарастырылады. Тілді оқытудың қазіргі әдістемесінің мәселе¬лерін шешуде бұл әдіс те қолданылып отырады. Зерттеудің эмпи-рикалық әдістеріне мектеп тәжірибесін зерттеу және эксперимент әдістері жатады. Мұның алғашқысы іс жүзінде қолданылып жүргендерді анықтап, есепке алу мақсатымен жүргізіледі. Бұл мағлұматтарды білу бағдарламалар мен оқулықтарды жетілдіруде, мұғалімге ғылыми әдістемелік жәрдем беруде, озат тәжірибені зерттеп, көпшілікке таратуда зор маңызы бар. Мектеп тәжірибесін зерттеу әдістерінің мына түрлері белгілі: 1) оқыту процесіне байқау жүргізу; 2) мұғалімдер мен оқушыларға анкета тарату; 3) мектеп құжаттарын зерттеу; 4) әңгімелесу; 5) жазбаша тексеру жұмыстары. Мектеп тәжірибесін зерттегенде, алдымен оның мақсатын дәл айқындап, жоспар жасау керек, тексеру жұмысына мұқият дайындалып, сабақтарға байқау жүргізудің схемаларын жасап, оқушылар мен мұғалімдерге арнап, анкета дайындау қажет.
Эксперимент педагогикалық жаңа тәжірибе жасауға бағытталған. Ол тілдің жүйелі курсының мазмұнына зерттеуші қажет деп тапқан оқу материалының оқушыға түсініктілігін, ана тілін оқытуға ұсынылған жаңа әдіс-тәсілдер мен жаңа көрнекіліктердің тиімділігін анықтау үшін пайдаланылады.
Эксперимент жүргізудің бірінші шарты - дәлелдеуге және тексеруге қажетті терең ойластырылған гипотеза немесе ғылыми болжам болады. Әдетте гипотеза, біріншіден, зерттеушінің ойынша, оқушылардың қабылдауына лайықты білім мен дағды және іскерлікті анықтау; екіншіден, оқытудың неғұрлым қолайлы әдістері мен кұралдарын іріктеп алу тұрғысынан жасалады. Екінші шарты - гипотезаны іске асыру үшін оқу әдістемелік материалдар (оқушылар үшін оқу мәтіндерін, сұрақтар мен тапсырмаларды, үлестірмелі дидактикалық матери¬ал) дайындау, осыдан кейін эксперименттік оқу жүргізілетін болады.
Педагогикалық экспериментті ұйымдастырудың көп тараған түрі - эксперименттік және бақылау сыныптарына бөлу. Бұл ретте бір сыныпта (эксперименттік) жаңа оқу материалы немесе жаңаша оқыту әдісі енгізіліп, бас¬қа сыныпта (бақылау) оқыту өзгеріссіз жүргізіледі. Екі сыныпта да оқушылардың даярлығы мен үлгерім дәрежесі бірдей болуы қажет. Әдістемелік ғылымның дамуы үшін қазіргі кезде эксперимент кеңінен қолданылып жүр, ол алынған қорытындылар мен ұсыныстардың ғылыми-практикалық маңыздылығының ақиқаттығын дәлелдейді.
Әдетте теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістері өзара тығыз байланыста қолданылады. Бұл әдістердің барлығы да (мәселен, зерттеу гипотезасын анықтауда, жинақталған педагогикалық фактілерді қорытындылауда т.б.) зерттеудің барлық әдістері - анализ, синтез, ин-дукция, дедукция, абстрактылау, жинақтау, салыстыру сияқты логикалық операциялардың жәрдемімен жүргізіледі.
Қазақ тілі және пәнаралық байланыс
Қазақ тілі мен басқа пәндер арасында, әсіресе, әдебиет, орыс және шетел тілі пәндерінің арасында, сондай-ақ тарих, география т.б. пәндері арасында тығыз байланыс болады. Бұл байланыс көбінесе тіл ұстарту мақсатында жұмсалады. Өйткені бағдарламада тіл ұстарту жұмысы тіл мен әдебиет пәндеріне ортақ. Бұл ортақтық мектепте бүкіл оқу мерзімі уақытында тіл ұстарту жұмысының жүйесін жасауға, оқушылардың сөздік қорын байытуға, олардың сөйлеуіндегі қателерді түзетуге мүмкіндік береді. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мәнерлеп оқу кезінде оқушылар жіберген қателерді үнемі түзетіп отыруға (дауыс ырғағын дұрыс қоя білу т. б.) жол ашылады.
Орыс және шетел тілімен байланыстылығы, алдымен, грамматиканы оқытудан байқалады: ана тілі мен орыс және шетел тілдерінде кездесетін ортақ грамматикалық ерекшеліктерді, ережелерді байқауға мүмкіндік туады. Ана тілі грамматикасы орыс және шет ел тілдерінің сәйкес, ұқсас грамматикалық заңдарын игеруге септігін тигізеді. Екі тілдің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты салыстырып ұғуға мүмкіндік береді. Орыс және шетел тілдерін оқу тіліміздегі басқа тілден енген сөздердің түп-төркінін білуге жәрдемдеседі.
[15:45, 28.09.2020] Akgul👩🎓🖤: Тұтас алғанда, барлық пән, жекелей алғанда әрбір пән оқушылардың сөйлеуін, тілін байытуға бағытталады, емлелік дағдылардың бірыңғай сөйлеу режимін нығайтуға жағдай жасайды, жаңа терминдерді, сөздерді дұрыс жазуға дағдыландырады. Ауызша жауап, әңгіме, айтыс - осының бәрі ауызша және жазбаша тілді дамытуға толық әрі нақты жауап беруге, оқушылардың жинақтау дағдыларын, әдеби тілмен дұрыс сөйлеу, ақыл-ойын дамытуға негіз болады. Бұл іс тек ана тілі сабақтарында ғана емес, әдебиет, тарих, география, математика, физика, жаратылыстану т.б. пәндердің сабақтарында да жүзеге асырылып отырады.
[15:46, 28.09.2020] Akgul👩🎓🖤: Пәнаралық байланыс
Қазақ әдебиеті
1) тәрбиелік мақсатта. Ол үшін, а) тілдік фактілерге мысал ретінде әдебиет сабақтарында өтілген көркем шығарма мәтіндерін пайдалану, ә) жеке сөздердің, грамматикалық формалардың, синтаксистік құрылымдардың, сөйлемдегі байланыс тәсілдері мен мәтіннің бөліктеріне байқау жүргізу.
2) тіл ұстарту екі пәнге де ортақ (мазмұндама, шығарма жазуға, оқығанын өз сөзімен айтып беруге үйрету).
Орыс тілі – шет тілі
1. Орыс тіліндегі көптеген ұғымдарды меңгеруде ана тілі сабақтарында оқушылардың алған білімдері тірек болады.
2. Термин ортақтығы бар, фонетика, алфавит, морфология, синтаксис, орфография, пунктуация, орфоэпия.
Тарих
1) Тәрбиелік; танымдық; 2) терминдер; 3) тарихи даталар.
Жаратылыстану пәндері
а) Зоология; ә) анатомия; 1) танымдық, 2) терминдер, 3) тәрбиелік.
Математика - физика
1) Танымдық, 2) Терминдер.
«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н.Ә.Назарбаев
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауында Тәуелсіз Қазақстанның дамуының жарқын үлгісін және нақты қадамдарын анықтап көрсетіп берді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.
Тәуелсіздік күнінің оңайлықпен келмегенін білеміз. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға бар өмірін сарп еткен хан-сұлтандары мен батырларын тарихқа өлшеусіз үлес қосқан ірі тұлғалар ретінде ардақтап, олардың өлмес рухын ұлт мақтанышы ретінде күні бүгінге дейін жеткізді. Бұл қасиетті шежіре – бүгінгі буын арқылы келер ұрпақтың бойына жастайынан сіңірілетін баға жетпес игілік. Осы өнегені, ұлт сүйгіштік, отансүйгіштік дәстүрді жастардың бойына дарыту, патриоттық рухта тәрбиелеу – бүгінгі таңда әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы болып саналады. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр.
Кезінде әлемді билеген Шыңғыс ханның баласы Жошы:
— Ұлы мәртебелі әлем әміршісі хан қандай болу керек ?-деп сұрапты. Сонда Шыңғыс хан: «Хан халқының көңілін табу үшін ақылды, ал халқы ханның көңілін табу үшін тақымды болу керек» — деп жауап беріпті. Шыңғыс ханның дәріптеп айтып отырған ханы, бүгінде өз тәуелсіздігін алып, жетекші елдердің қатарына ілігіп, өз ойын ашық айта білетін демократиялы елдің азаматтары мен азаматшаларын тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп отырған — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты көрсеткендей. Еліміздің қай салада болмасын қарыштап дамуы үшін Елбасының халыққа арнаған жолдауларының көмегі көп.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпы ұлттық идеясы- болашақ табыстардың негізі екені баса айтылады. Сондай-ақ, ең бастысы- еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін білімділік пен ұлттық идеясы жарияланған болатын.
Осы идеяны әрқайсысымыз сезініп,осы жолда бар әлеуетімізді салсақ, елдің руханияты мен жасалған басты қадамдардары нақтылытын болады.Даму үстінде шарықтаған жеріміздің мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі.Тәуелсіз елді өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына кәміл сенуге болады. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Болашағы мен бағыты анық, рухы өр» ел боламыз. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Тарих өткен шақпен, адами жадымен және әлеуметтік еспен байланысты болғандықтан, бұған төл тарихты тану арқылы қол жеткізуге болады. Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді. Келешек қамына алаңдайтын болсақ, әуелі білім мен ғылымды дамытудан бастау керек екені сөзсіз. Бұл ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген ұғымды білдіреді. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс деп түсу керек.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру керектігіне қайта тоқталып, «Қоғамдық сана жаңғырудың» негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман талабына сай төтеп беруімізге керекті нақты жобаларды жүзеге асыруымыз керектігін міндеттеп отыр.Бұл тақырып қоғам талқысында оң өзгеріс тауып,көпшілік назарын аудартып отыр. Өйткені мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктететін, қолданыс аясын барынша арттыратын латын әліпбиіне көшуді белгіленген мерзім аралығында жүйелі түрде жүзеге асыру – ортақ міндетіміз дер ұғынуымыз керек.
Бүгін жаңғыруды тек дамушы елдер ғана қажет етпейді, дамыған елдер де үздіксіз өзгеру үстінде, әсіресе ұлттық дамудың тиімді үлгілерін іздеу жолында жүр.
Адам табиғаты тек тиімділік пен ұтымдылықты негізге ала бермейді. Адамға ең алдымен рухани негіз керек. Біздің ұлттық болмысымыз, мәдениетіміз бен санамыз ұзақ уақыт тұмшыланған күйде болды. Өткен жылдар туралы мәлеметіміздің көпшілігі қате болып шықты.
Елбасы айтып отырған әлеуметтік сананың жаңғыру ескі сананың қалдықтарын жойып, ескіліктен арылуды меңзейді.
Бүгін тек идеологиялық бағдарлама ғана емес, қоғамдық-гуманитарлық саладағы зерттеушілер мен оқымыстылар үшін олардың тәжірибелік жобаларын іске асыратын жаңғырған платформа ауадай қажет.
Елбасының мақаласында латын әрпіне сатылап көшу, қазақ тілінде 100 жаңа оқулық шығару, «Туған жер» бағдарламасы, Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары, әлемдік кеңістіктегі қазақ мәдениеті туралы мәселелер кең қамтылған.
Елбасының бұл мақаласы үдемелі қоғамда өмір сүргісі келетін әлеуметтің сауалына берілген жауап. Тарих бізге жаңару және жаңа идеяларды жүзеге асыру арқылы өзіміз өмір сүргіміз келетін үдемелі қоғамды өзіміз құруға мүмкіндік беріп тұр.
Біріншіден жазу, әліпби ауыстырудың үлкен саяси мәні бар мәселе. Оны дұрыс түсіну қажет. Екінші жағынан бұл тек қана саясат емес, бұл — тілдің таза лингвистикалық мәселелерді шешу үшін керек. Әлемдегі ең дамыған ғылыми және әдеби туындылар осы әріптермен жазылатындықтан, жаһандық өркениетке жақындауға зор мүмкіндік туатыны да, ана тіліміздің мәртебесін асқататыны да анық.
Қазақ елінің Тәуелсіздігінің бір тұғыры — ана тілі. Ел тәуелсіздігінің арқасында Қазақстан мемлекетінің Ата заңында қазақ тілі мемлекеттік тіл атанды. Бүгінгі күнгі басты мақсат пен мүдде де мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, оның қолданылу аясының кеңеюіне бағытталған.Қазақстанда жазу реформасының мәселелері тәуелсіздік алған сәттен бастап көтерілді. Қоғамда бұл мәселенің мемлекеттік деңгейде бірнеше рет Елбасының, зиялы қауым өкілдерінің, ғалымдардың түрлі жиындарда өзекті мәселе ретінде сөз қозғауы оның маңыздылығын арттыра түсті. Елбасы 2006 жылғы қазан айында Қазақстан халкы Ассамблеясының отырысында сөз сөйлей отырып, алғашқы рет коммуникациялық кеңістікте латын әліпбиінің айрықша үстем рөлін ерекшелеп өтті.
2012 жылғы желтоқсан айында Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2050» Стратегиясы» Жолдауында қазақ әліпбиін латындандыру тақырыбын жаңдандырып, 2025 жылдан бастап оны латын графикасына көшіруге тапсырма берген болатын. «Біздің балаларымыздың болашағы үшін біз осы шешімді қабылдауға тиіспіз, — деді ол, — және бұл біздің әлеммен бірлесуімізге, балаларымыздың ағылшын және интернет тілдерін терең меңгерулеріне жағдай жасайды және ең бастысы — бұл қазақ тілін жаңғыртуға серпін береді.
Бүгінгі таңдағы Қазақстан жайында оқушылардың рухани азаматтық сезімін қалыптастырудың, адамгершілікке негізделген ұлтаралық береке, бірлікті, ынтымақтастықты, бейбітшілікті нығайтудың маңызы зор. Осыған байланысты оқу- тәрбие үрдісінде оқушыларды отансүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа, елін, жерін қорғауға, шыншылдыққа тәрбиелеу керек. Қазіргі жағдайда рухани — азаматтық тәрбиенің өлшемдік көрсеткіштері:
Өзін-өзі мемлекеттің азаматы ретінде сезінуі;
Отанына деген сүйіспеншілік сезімінің болуы;
Мемлекеттік рәміздер мен халықтың дәстүрлерін білу;
Халықтың өткен тарихын білудің қажеттілігі;
Қазақ халқының әдет-ғұрыптарын сақтау, мәдениеті мен дәстүрлерін зерделеу қажеттілігі болып табылады.
Тәрбиенің жалпы негізі рухани — азаматтық құндылықтары болуы керек. Рухани — азаматтық құндылықтар үлкен мен кішінің арасындағы шынайы қарым — қатынас кезінде бала бойына даритыны белгілі.Сондықтан мұғалімнің басты мақсаты — өзіндік рухани — азаматтық құндылықтарын оқушы бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту. Мектептегі, сабақтан тыс уақыттағы біздің ісімізді жалғастыратын жеке тұлға болып табылатын оқушыларды рухани — адамгершілікке, азаматтық жүйеге тоғыстыру. Мектеп қабырғасында жақсы тәрбиеленген, саналы білім алған шәкірт өмірде өз орнын табады. Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды бала кезінен-ақ ұлттық тәлім-тәрбиеге, рухани адамгершілік әдетке, азаматтық мәдениетке баулу керек. Сол кезде жас ұрпақ елі үшін қызмет ететін, имандылық қасиеттерді жақсы білетін азамат болып өседі. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. «Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа…» «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» — деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің қоғам алдындағы борышымыз.
Жаңа әліпбидің бізді жаңа мүмкіндіктерге, зор жетістіктерге бастайтыны сөзсіз. Сондықтан латын әрпі – ғылым мен техниканың, интернет пен IT-технологиялардың тілі деп түсінуге болады. Латын әліпбиі рухани болмысымызды байытып, қоғамдық ой-санамызды жаңғыртады. Латын әліпбиі – түркі әлемді танудың төте жолы. Өз ерекшеліктерімізді сақтай отырып әліпбиді өзгерту тіліміздің халықаралық аренаға шығуына және ғылыми-техникалық прогрестің заманауи жетістіктеріне жол ашатыны белгілі. Әлемдік мәдени тұтастықты нығайтып, коммуникациялық үдерістерге одан әрі қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Ақпарат алу мүмкіндіктері кеңейіп, шет тілдерден енген сөздер ұлттық ерекшеліктерімізге қарай икемделетінін, көп ұлтты халқымыздың бірлігін одан әрі дамып,бүкіл түркі әлемін біріктіруге күш салатынын да атап айта кету керек. Латын әліпбиіне көшу үрдісі кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын игі іс.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық » деп айтқан еді.
Еліміздің латын әліпбиіне көшу халқымыз үшін жасалған игі қадамдардың бірі. Ұлы Дала елінің тарихына қарайтын болсақ, бірінші тұғыры байлық – жер, екіншісі – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі байқалады.. Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген.Тарихқа сүйенсей, латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Латын әліпбиі б.з.б. VII ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. I ғасырда қалыптасқан. Орта ғасырда латын әліпбиі Еуропаға тарады. Африка, Америка және Азия халықтары қолдана білді.
Уақыт талабына сай қараша айында Атырау қаласындағы №9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте латын әліпбиіне көшу мәселесіне орай, «Рухани жаңғыру» деген тақырыпта мұғалімдер мен оқушылар бір кісідей диктант жазды. Сонымен қатар латын әріптеріне қызығушылықтары артып, өздерінің аты-жөндерін жазып көрді.Мектеп басшысы Мұхамбетова Меруерт Ибатоллақызының айтуынша, латын қарпіне көшу — тіліміз үшін жасалған игі қадам. Ал мемлекет жаңғыруы – ол алдымен жазудан басталады. Болашағы зор латын графискасына көшу – ұлт аралық қатынастарды анағұрлым жақсартады.
Қорыта келгенде, Рухани жаңғыруды біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі деп есептеймін. Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер де осы заман талабына сай қайта құруды міндеттейді. «Тәрбие бар жерде ғана сапалы білім саналы ұрпақ болады» деген дана халқымыздың мақал сөзіне сүйенсек, рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Үштілділікті меңгерген адам ештеңеден ұтылмайды.»Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік»-деп Абылай хан айтқандай елбасымыздың болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласында ісімізден санамыз озып жүру керектігі анық айтылған. Біздің ендігі мақсатымыз тарихи ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, жаңарып жатқан жаңа дүниенің жағымды жақтарын бойымызға сіңіріп, дамыған 30 елдің қатарына ену. Елбасымыз айтқандай » жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты ұлттық кодты сақтай білу «. Себебі өткеніңді білмей болашақты болжау мүмкін емес. Ендеше болашаққа бұлыңғырсыз аяқ басу үшін тарихымызды жаңаша жандардыруымыз қажет және дамыған елдердің көшін бастауымыз керек.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру / Егемен Қазақстан, 12 сәуір 2017 ж.
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан халқына Жолдауы / 14 желтоқсан 2012 ж. http://www.akorda.kz/kz/official_documents/strategies_and_programs
Қазақ әліпбиі / https://kk.wikipedia.
Қазақстан. Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Б. Аяған. – Алматы. 2004 ж. – 238 б.
Латын әліпбиі: рухани тәуелсіздік жолы / Қазақ үні, 11 сәуір 2017 ж. – 7 б.
Достарыңызбен бөлісу: |