27
НАМАЗДАН КЕЙІНГІ ЗІКІРЛЕР
«Әстәғфируллаһ. Әстәғфируллаһ. Әстәғфируллаһ. Аллаһуммә
әнтәс-сәләму, уә минкәс-сәләму, тәбәрактә йә зәл-жәләли уәл-
икрам».
Мағынасы: «Аллаһтан кешірім сұраймын. Аллаһтан кешірім
сұраймын. Аллаһтан кешірім сұраймын. Уа, Аллаһ! Сен
кемшіліктерден Пәксің, есен-амандық Сенен, ардақтылық пен сый
Иесі Сен жоғарысың».
(Муслим)
«Лә иләһә илләллаһу, уахдәһу лә шәрикә ләһу, ләһул-мулку, уә
ләһул-хамду уә һууә ъалә кулли шәй-ин қадир. Лә хаулә уә лә қууәтә
иллә билләһ. Лә иләһә илләллаһу, уә лә нәъбуду иллә ийәһу, ләһун-
ниъмәту уә ләһул-фадлу, уә ләһус-сәнә-ул-хасәну, лә иләһә
илләллаһу мухлисыйнә ләһуд-динә уә ләу кәриһәл-кәфирун».
Мағынасы: «Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ. Ол жалғыз әрі
Оның серігі жоқ. Үкім Оған тән әрі барлық мақтау Оған лайық.
28
Сондай-ақ Ол әр нәрсеге құдіретті. Аллаһсыз ешқандай күш-құдірет
жоқ. Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ. Біз тек Оған ғана құлшылық
етеміз. Нығмет Оған тән, жақсылық та Оған тән, Оған көркем
(түрдегі) мақтау-мадақтар болсын. Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ.
Біз кәпірлер ұнатпаса да, құлшылығымызда (дінімізде) Оны
(Аллаһты) шын ықыласымызбен бірлейміз».
Достарыңызбен бөлісу: