Зинелова Жібек «Әдебиеттану» мамандығы



бет1/3
Дата13.06.2022
өлшемі18,68 Kb.
#146500
  1   2   3
Байланысты:
М.Мағауин Құмырсқа қырғын


Зинелова Жібек
«Әдебиеттану» мамандығы
2-курс магистранты

М. Мағауиннің «Құмырсқа қырғын» әңгімесіндегі автор және кейіпкер ерекшеліктерін талдаңыз

Қазақ классикасында символдық мәнге ие шығармалар аз емес. Әсіресе, философиялық символизм кең өріс алған М.Әуезов, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин сынды заңғар жазушыларымыздың шығармаларын талдау үлкен ізденісті талап етеді. Бүгін сол шығармалардың бірегейі ретінде М.Мағауиннің «Құмырсқа қырғын» әңгімесін басты тақырыпқа алып көрейік. «Әр автордың қайталаудан алыс, жаңалығы мол, тың шығарма беруге ұмтылысы әрдайым дәстүрге сабақтарымен астасып жатқанда ғана жемісті» (Г.С.Балтабаева(2009) Известия НАН РК №2, 8–11). Шынымен, автордың жаңашылдығы ұлттық тағдырмен біте қайнасқан, астарласа жалғасқанын көре аламыз. Құмырсқа қырғын – бақшадағы жәндіктердің қырғын соғысы ма, жоқ Дешті Қыпшақ даласында алты алаштың тағдыры ма? оны да тереңінен болжамасқа болмайды.


Шығармадағы автор мен кейіпкер мәселесіне тоқталсақ. «Құмырсқа қырғын» әңгімесі 1-жақтан, яғни баяндаушы арқылы баяндалады. Белгілі бір деңгейде авторға жақынырақ тұсы да жоқ емес. Олай дейтініміз әңгіме басында: «Менің жұмыссыздығым – жұмыстың ең үлкені. Жұртқа мәлім жазу ғой баяғы. Қайдан қол тисін. ... Көктемнен бері қоныс аударып алған қосымша кабинетіме біраз кітап әкелгем. Бірақ бұрынғы үздіксіз оқу қожырады. Жазудан бос уақытта, яғни түстен кешке дейін бау ішінде, ағаш басындағы әр түйнекке, жаңадан бүр жарған жас бұтақтарға қарап, таза ауамен тыныстап жүрем де қоям. Немесе, тіпті, көбіне-көп, құмырсқа илеуін тамашалап тұрам. Шынында да ғажайып жәндіктер» (М.Мағауин «Құмырсқа қырғын»). Әрине, бұл үзіндіден кейіпкерді автор деуге не авторды кейіпкер деуге асықпаймыз. Дегенмен, олардың арасындағы байланысты осы мысалдан байқауымызға болады. Құмырсқа илеуіндегі жағдайға адресанттың өзі де куә болуы мүмкін. Әсіресе, барлық илеудің мән-жайын суреттеген сәтте де автор ретінде куәгерлік қажет.
Бір қарағанда өзімізге таныс оқиға болғанымен, құмырсқалар өмірін сырлы суреттеумен берудің астарында үлкен астарлы мән бар екені ақиқат. Бұл тақырыпқа оралмас бұрын автор образына қатысты зерттеулерімізді тереңдей түсейік. Әңгіменің саналы кейіпкерлерінің бірегейі – баяндаушының өзі. Құмырсқа қырғынына куә болған да осы кейіпкер, баяндаушы. Бір қызығы шығармадағы бандаушы тек нарратор ғана емес, бағамдаушы да. Олай дейтініміз егер әңгіме тек баяндау туралы болса, құмырсқадан ешқандай астар іздемей-ақ кәдімгі көп әңгіменің біріне телуге де болар еді. Бірақ автордың: «Мына бір илеу – тұтас бір әулет. Немесе, мемлекет. Ерекше тіршілік жүйесі, бағзыдан бекіген, бұлжымас заң-жарғылары, басқару рәсімдері бар. Әрине, өзіндік үлгі, бөтен бір өлшемдегі қоғамдық құрылым» деген пікірінен осы мәнді аңғаруға болады.
Кейіпкер жалғыз баяндаушы емес, сондай-ақ сөз болып отырған құмырсқа қырғынға қатысқан қара, қоңыр құмырсқалардың өзі. Бұған әңгімеден мысалдар келтіріп көрейік. «Құмырсқа болғанда, қиқым, майда,

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет