Табиғаттың ең қатаң кезеңіне неонтроптар жатады. Бұлар жалпы адамзат тарихындағы ең қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Бұл шамамен 18-20 мың жылдай бұрын болды. Яғни бұл кезде ең шегіне жеткен кез болатын. Яғни мұндағы мұздықтың шекарасы Бискай шығанағынан Каспий теңізіне дейін, одан әрі Солтүстік Қытайға дейін созылып жатты. Сондықтан қазіргі уақыттағы табиғаты қатаң аймақтар Гренландия, Якутия немесе Колыма өлкесіндегі табиғатпен пара-пар болды.
Ең маңызды экологиялық кезең, бұл бұдан 10-12 мың жылдай бұрын болады. Бұл кезде климаттың салқындануы азайып, қазіргі уақыттағы климаттың жағдайына сәйкес келе бастайды. Бұл кезең жалпы үлкен кеңістікте мұз жамылғыларының босануымен және де ормандардың тундраға шабуыл жасауымен және әлемдік мұхит суының көтерілуімен сипатталады. Бұл алғашқы адамдар үшін ең жақсы кезең болып табылады. Яғни адамдар қайтадан жаңа өмір сүруге бұл Еуразияда, Африкада бейнеленеді. Еуразия жазықтарында климаттың жылынуы мамонттар фаунасының қырылуына әкеп соқты. Солтүстік бұғылар солтүстікке қарай жылжыды. Ал Солтүстік Африканың климаты бұл уақытта қазіргідей емес, саванналық қалың шөпті жамылғылармен, фаунасының байлығымен көзге түсетін. Бұл жерде сол кезде ылғалды солтүстік жел соғып, қалың жауын-шашынның түсетін аудандары болған. Бірақ біздің эрамызға дейін 5 мың жалдықтарда бұл аймақтың климатының арентазацияға ұшырауына байланысты қазіргі Сахара шөлі қалыптасты.
Экологиялық дағдарыс Герасимовтың, Величконың, Реймере және басқа да ғалымдардың пікірінше алғашқы қауымдық кезеңге адамдардың жалпы бейімделулері, өмір сүру ерекшеліктері сол уақытпен сипатталады. Мәселен, Реймере арентазация дағдарыс туралы бұдан 35-50 жыл бұрын адамдардың мұздық режимде қалыптасуын көрсетеді. Ал ғалым Котляков ең алғашқы қауымдық кезеңнің соңғы стадиясында болған дейді.
Жалпы экологиялық дағдарыстарды зерттеу қазіргі уақыттағы қалыптасқан экологиялық жағдайлармен салыстырмалы түрде сипаттама беру үшін маңызды. Бұл әсіресе ең бірінші ғаламдық климаттың жылынуы болып табылады. Бұның ішінде негізінде өткен кезеңнен 3 климаттық оптимумымен сипатталады. Бірінші бұл плиоценде бұдан 3 – 4 млн жыл бұрын болған. Ол осы кездегі температура қазіргі уақытқа қарағанда 3 – 40С жоғары болған. Бірақ Гренландия ол кезде материктен бөлек, бірақ мұз жамылғысы жоқ, орманды жамылғымен сипатталады. Екінші кезең бұл мұзаралық кезеңмен сипатталады. Бұл бұдан 125 мың жыл бұрын болған. Осы кездегі ауаның орташа температурасы қазіргіге қарағанда 2 – 30С жоғары болады. Ал үшіншісі лолоценде, яғни 5 – 6 мың жыл бұрын болған. Ол кездегі орташа температура 1 – 20С болған.
Жер бетіндегі адам ізі қалай зерттеледі? Қазірде адамзаттыц шыққан түп тегін — филогенезін алғашқы адам күнкөрісін, қолданған құрал-сайманын, тұрағын, от басы, ошақ қасы қалдықтарын — бір сөзбен айтқанда, жер бетіндегі адам ізін кептеген ғылым салалары бірлесіп осы күнгі ғылым, техника табыстарына сүйене отырып тағайындайды. Олардың бастылары — палеонтология, археология, морфогенез, приматология, география, геология, геоморфология, этнография, лингвистика тағы басқалар.
Палеонтология деген ұғым гректің үш сөзінен тұрады: палео (ертедегі), онтос (тіршілік), логос (ілім). Палеонтология, бұдан миллион, миллиард жыл бұрынғы жан – жануарлар қалдығын зерттейтін ғылым. Палеонтология олардың тасқа басылған таңбаларын, әр түрлі құрт - құмырысқа, бақа - шаяндар, өсімдіктер, жәндіктер, хайуанаттар қалдықтарын, тасқа айналып, қатып қалған қаңқаларын зерттейді. Осы тәсілмен палеонтология ертедегі жан – жануарлардың шыққан тегін, бір – бірімен байланысын, өсіп - өрбу қарқынын зерттеп біледі.
Археология - жер бетіндегі және жер астындағы адам ізін іздейтін тарих ғылымының тамаша бір саласы. Ол негізінен XIX – XX ғасырларда қалыптасты. Ертедегі адамдардың да біршама археологиялық түсінігі болған. Мәселен, біздің заманымыздан бұрынғы 555 - 383 жылдары Вавильон патшасы Набони Храм сарайының іргесін қазғызып, тығылған құнды мұралар алған, олар қазірде Британ музейінде сақталуда. Б.э.д., 484 - 425 жылдарда өмір сүрген Геродотты бірінші археолог дейміз. Өйткені ол Египет пирамидаларын зсрттеп, сипаттады. Ал археология деген түсінікті тұңғыш рет б.э.д., 427 - 347 жылдары өмір сүрген Платон қолданды. Бұдан кейін археология орта ғасырлардағы ғылым, білім қайтадан көтерілген кезде біраз дамыды. І485 жылы Рим маңында жер қазып жүрген жұмыскерлер әдемі жас қыздың «мумиясына» кез болып, оны бір күнде 20000 адам қарап шыққан, бірақ VIII Рим папасы Иннокентий қызды қайтадан көмгізіп тастаған. XV—XVI ғасырларда Леонардо да Винчи, Рафаэль, Санти, Микеланджело, Тициана тағы басқалардың таңғажайып туындылары жарияланып, археологияның дамуына септігін тигізді.
1492 жылы Христофор Қолумб Американы ашқаны, 1519—1522 жылдары Фердинанд Магеллан жер шарын кемемен айналып шыққаны мәлім. Бұдан кейін ғалымдар адамның өткен өміріне үңіліп, жер бетінде жер астында қалдырған асыл мұраларын, адам ізін іздейтін болды. Нәтижесінде XVII ғасырда ең алдымен Италия, одан кейін Франция археологиялық зерттеулердің орталығына айналды. Кларк Пейреск (1580 - 1637) бірінші болып арнайы археологиялық зерттеу жүргізді. 1753 - 1756 жылдары Лондонда Британ музейі ұйымдастырылып, оған дүние жүзінен табылған мәдени мұраларды, археологиялық қалдықтарды жинайтын болды.
1711 - 1779 жылдары Везувий жанартау атқылауынан астында қалған Геркуланум, Помпей қалалары қазылып зерттелді. Мұны Гете әлемнің ең бір тамаша табысы деді. Бұдан кейін - XVIII ғасырда археология ғылымы Еуропада капитализм өсуіне орай дамыды. Француз ғалымы Франсуа Шампольеон 1790 - 1832 жылдары Египетте арнайы археологиялық зерттеу жүргізіп, 1808 жылы 12 томдық еңбек жарияланды. Енді француз, ағылшын, итальян, неміс археологтары біріге отырып Месопотамия - Қос өзен аралығын арнайы зерттеп, үлкен табыстарға ие болды.
1899 жылдан бастап 1914 жылға дейін неміс археологы Кольдевей Жаңа Вавильон жүрттын зерттеп, көптеген ескерткіштер тапты.
Археология ғылымы XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында мейлінше өсіп жер шарынан өте құнды адам ізін айқындайтын мұралар ашты. Ал француз археологы Сарзен Евфрат және Тигр өзендерінің төменгі ағысынан тапқан, бұған дейін ешбір белгісіз Шумер мәдениеті әлемді таң қалдырды. Қос өзен аралығын Америка, тағы басқа елдер экспедицнясы үздіксіз зерттей берді. Оңтүстік Иракта Леонард Буллдиннің 1922 - 1934 жылдары жүргізген археологиялық қазбасы өте жемісті болды Месопотамиядан Тель-Халаф, Масула, Ниневия қалаларының орны табылды.
Ресейде археологиялық зерттеулер XVIII ғасырда Солтүстік Қара теңіз жағалауындағы скиф мәдениетін зерттеуден басталды да, 1811 жылы Оңтүстікте бірінші музей үйымдастырылды. Музей, сондай-ақ 1825 жылы Одессада, 1826 жылы Керчьте ұйымдастырылды.
Археологиялық зерттеулерге қарағанда адамзат жер бетінде төрттік геологиялық дәуірдің орта шенінде, Еуропа мен Азияның солтүстік шетін, Американың солтүстігін қалың мұз басқан кезде пайда болған. Осындай нақты археологиялық зерттеулерге сүйене отырып, дүние жүзі ғалымдары алғашқы адам тектестер Оңтүстік Африкада пайда болып, басқа материктерге осы жерден тарапты деген қисынды қолдайды да, оны Эфиопиядан, Кениядан, Египеттен табылған олардың қалдықтарымен дәлелдейді. Ал Қазақстан жеріне алғашқы адам қашан, қайдан келген деген сұраққа ғалымдар осы күнгі әр жақты нақты зерттеулерге сүйене отырып былай деп жауап береді. Қазақстан жеріне алғашқы адам, бұдан 75 - 80 мың жылдар шамасы бұрын Африкадан, Азиядан, Еуропадан келген деседі және мұны археологиялық қалдықтармен дәлелдейді. Жалпы Қазақстан тарихын, этнографиясын, археологиясын Оңтүстік Сібірден бөлмей біріктіре зерттейді. Енді осы өңірлерде жургізілген нақты археологиялық зерттеулер нәтижесіне жүгінейік. Мәселен, Афанасьев мәдениеті Зұл мәдениет ең алғашқы археологиялық қалдықтары табылған Афанасьев тау атымен аталады. Оны 1920 жылы іздеп тауып қазғандар А.С.Тепляков, С.В.Киселев, В.П.Левашева және А.Б.Линский. Археологиялық қалдықтарды зерттеу нәтижесінде ғалымдың б.э.д., 3 - мыңыншы жылдардың ақыры мен 2 - мыңыншы жылдар басында Оңтүстік Сібірде болған мәдениетке салыстырады. Бұл мәдениет Краснояр өлкесін, Минуссин ойпатын, Алтай тауларын мекендеген алғашқы тайпаларға тән. Афанасий селосынан көптеген қалдықтар табылған. Бұлардың ішінде еңбір бастысы өлгендерін етпетінен бүк түсіріп жерлеуі. Бұл өңірді мекендеген адамдар палеоеуропойлық типке жататын мыстан еңбек құралдарын жасап, пайдаланып мал бағушылар.
Андронов мәдениеті. Бұл - 1914 жылы Ачин-Минуссий темір жолын тартқан кезде Андрон селосы маңындағы жер астынан табылған археологиялык қалдық. Бұл қалдыктарды А.Я.Тугаринов пен С.А.Теплоухов зерттеді. Андронов үлгісін 1926 жылы И.П.Грязнов Актөбе облысының төрт жерінен кездестіріп қазды. А.Н.Бернштам бұл үлгіні 1940 - 1946 жылдары Тянь - Шяньнан, Памирден тауып зерттеді, сондай-ақ, кейіннен В.Н.Гряков Ор өзені бойынан, басқалар Қостанай облысынан, Нұра өзені бойынан, Алтай өңірінен тапты. Орталық Қазақстанды Ә.X.Марғұлан мен А.Н.Бернштам арнайы зерттеп, үлкен ғылыми табыстарға ие болды. Б.э.д., Оңтүстік Сібір мен Қазақстанға кең тараған Андронов адамдары көшпелі мал шаруашылығымен қатар егіншілікті де білген, негізгі құралдары мыстан, қоладан жасалған. Андронов мәдениеті кезінде, б.э.д. 2 - мыңыншы жылдарда малшылық, егіншілік, метал қорыту дамып, қуатты бірлестіктер болған.
Осы кезде Алтайда, Сібірде әсіресе Қазақстан жерінде көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы сақтар күшті, қуатты тайпа болып, олар кейіннен темірді қорытып қаруланып күшейген.
Қарасуық мәдениеті. Бұл мәдениет Оңтүстік Сібірде, Алтай, Саян тауларын-да, Қазақстан жерінде кеңінен тараған. Негізгі құралдары қола, айбалта, қанжар, орақ жасаған әр түрлі әшекейлі қыш ыдыстар өндіре алған, тоқыма өнерін де білген. Қарасуық мәдениеті б.э.д., 2 - мыңыншы жылдардың ақыры мен 1 - мыңыншы жылдардың басында болған.
Негізгі әдебиеттер:
Семенов – Тянь – Шанский П.П. «Путешествие в Тянь - Шань» - М., География, 1958
Алексеев В.П. «Географические очаги формирования человеческих рас» - М., Мысль, 1985
Свет.Я.М. «История открытия и исследования Австралии и Океании» - М., Мысль, 1966
В.П.Максаковский «Историческая география мира» Учебная пособие для вузов.-М: Экопрос, 1999. с. 26-99.
Я.М.Свет «История открытия и исследования Австралии и Океании» М-Мысль 1966
Трешников А.Ф. «История открытия и исследования Антарктиды» - М., География, 1963
Берг Л.С. «Очерки по истории русских географических открытий» - М., Изд. АН ССР, 1956
Горкунг М.Б., Липец Ю.Г., Олейников Н.Н. «История открытия и исследования Африки» - М., Мысль, 1973
Северин Н.В. «Отечественные путешественники и исследователи» - М., Учпедгиз, 1956
Артемов В.И. «Всемирная история: вопросы и ответы» – М., Дрофа, 1996
Саушкин Ю.Г. Географическая наука в прошлом, настоящем и будущем» - М., Просвещение, 1978
Қосымша әдебиеттер:
Артемов В.И. «Всемирная история: вопросы и ответы» – М., Дрофа, 1996
Баяндин И.Н. «Ғасырлар қойнауына саяхат» – А., Мектеп, 1985
Бландин Р.К., Бондарев Л.Г. «Природа и цивилизация» - М., Мысль, 1988
Алексеев В.П. «Географические очаги формирования человеческих рас» - М., Мысль, 1985