Географиялық ортаның алғашқы қауымдық адамдардың өміріне ықпалы. Егер де алғашқы адамдар архантроптардың табиғатпен өзара әрекеттесу кезеңін санайтын болсақ, бұл шамамен 2,5 млн жылды құрайды. Сондықтан бұл ұзаққа созылған уақыт аралығында қалыптасқан адамдардың мінезі мен ортаға бейімделуі әлдеқайда әртүрлі сипаттамада болған.
Алғашқы қауымдық кезеңде адамдардың өмір сүруі табиғатқа тікелей тәуелді болды. Бұл жерде олардың жалпы жағдайы, қауіпсіздігі, олардың жүріс-тұрыстары түгелдей табиғаттың ерекшеліктерімен байланысты болған. Бұл ежелгі адамдар табиғат экосистемасының компонентінің бір бөлігі болып табылады. Гумелевтің пікірінше, палеолитті адам «гомеостаз» жағдайда өмір кешті. Яғни, адам ландшафтың ең жоғарғы звеносы болып табылды. Адамдардың материалдық жағдайының шектеулілігі табиғатқа деген тәуелсіздігінің пассивтігін көрсетті. Бірақ арада жүздеген жылдар өте келе адамдар негізгі әрекет етуші типтерге айнала бастады. Ойлау қабілеті дамыды, мәдени материалдық құрал-жабдықтар жетілді, яғни қоршаған ортаға деген олардың белсенділігі кеңейді.
Ғалымдар коэволюция түсінігі бойынша адамдардың табиғатпен қалыптасу процесі салыстырмалы түрде жүргізілді. Бұл анализ олардың арасындағы негізгі тәуелсіздікті анықтауға тырысты. Ғалым Величконың зерттеулер нәтижесінде көптеген қызықты сенімді дәлелдер пайда болды. Соның ішіндегі оның біріншісі – Африкадағы климаттың құрғақшылыққа ұшырау, екінші жағынан – Еуропаның түгелдей салқындауымен сипатталады. Африканың құрғақшылыққа айналуы плиоценде, яғни плейстоценнің басында басталады. Бұл процестің нәтижесі болып қазіргі Сахараның орнындағы тропикалық ормандардың шегінуі болып табылады. Сонымен қатар саванна және далалық белдеулерде кеңеюімен сипатталады. Адам тәріздес маймылдардың бұл жердегі өмірі, яғни тропикалық ормандарға байланысты болғандықтан барлығы ашық жерде қала бастайды. Мұндай экологиялық ауысу бұрынғы адамдардың жаңаша өмір сүруіне итермеледі.
Кейінгі палеонтроп адамдардың қазіргі қалыптасуы бұл Еуропадағы жаппай салқындауынан болды. Бұл негізгі мұздықты және мұз аралықты кезең болатын. Шамамен 700 мың жылдай бұрын күшті мұз жамылғылары Орталық Европаға түгелдей жайылған. Кейін бұл жамылғылар бірнеше рет шекарасы ұлғайып немесе кейін азайып отырған.