- Экологиялық тәрбие: қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу; жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру; табиғатты қорғау, күту және жақсарту; экологиялық білімді насихаттау.
- Э
кономикалық тәрбие: Оқушыларды қоғамның даму заңдылықтарымен, өндіріс экономикасымен таныстыру. ұқыптылық, іскерлік, ықыластылық, тәртіптілік, т.б. қасиеттерді дағдыландыру. Экономикалық есеп,талдау жасау дағдыларына үйрету, еңбекті ғылыммен байланыстыра білу.
- Құқық тәрбие: тәртіп бұзушының теріс мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал ететін жағдайды жою; оқу, еңбек іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру; отан қорғау, туған елдің күш-қуатын молайту, сөз бостандығы мәселелері жөнінде іс-шараларды өткізу; заңның орындалуын бекіту; қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азаматтың қатынасуы.
Тәрбиенің негізгі зандылықтары.
1. 'Тәрбиенің қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, демократиялық принципті іске асыруына, адам құқығын қорғау мәселелеріне тығыз байланыстылығы. ҚР- сының "Білім туралы" (1999) Зақына сәйкес құжаттар еліміздің білім саласындағы мемлекеттік саясатының негізі болды.
2. Оқыту мен білім берудің байланыстылығы.
3. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу бірлігі.
Ақыл-ойдың түрлері: диалектикалық, логикалық, абстрактылық, категориялық, теориялық, индуктивтік, дедуктивтік, алгоритмдік, техникалық, өнімдік және репродуктивтік, жүйелілік.
Диалектикалық ойлау - жаңаның пайда болуын көру, құбылыстардың өзара байланысын, пайда болу себептерін табу.
Логикалық ойлау - білімді өңдеудің логикалық тәсілдерімен байланысты. Талқылау, дәлелдеу, теріскешығару, қорытынды, болжам жасау тәсілдері байланыстарды табуға, жаңа білім алуға көмектесіп, білімді жүйеге келтіреді.
Абстрактылы ойлау- адамға мәнсіз белгілерді көріп, жалпы және мәндіні бөлуге, абстрактылы ұғым қалыптастыруға көмектеседі.
Категориялық ойлау - айырмашылықтары мен ұқсастықтары негізінде ұғымдарды топтарға біріктіру іскерлігі.
Теориялық ойлау - білімнің ғылыми негіздерін, даму принциптерін түсініп, заңдылықтарды көріп, құбылыстар арасындағы мәнді байланыстарды түсіну іскерлігі.
Индуктивтік ойлау - ойдың жекеден - жалпыға, фактілерден - корытындыға қарай қозғалысы.
Дедуктивтік ойлау - ойдың жалпыдан - жекеге, қорытындыдан - фактілерге қарай қозғалысы.
Алгоритмдік ойлау - нұсқауға, ережеге толықтай сүйеніп, міндеттерді бөліп, іс-әрекет стратегияларын анықтау.
Оқыту принципі
1. Оқыту заңдылықтары.
1. Оқытудың мақсат-міндеттерін айқыңдауының мазмұны, әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру нысандарының өзгеруі, жаңаруы.
2. Білім беру, тәрбие, дамыту қызметінің бірлігі.
3. Кез келген ақпарат, іс-әрекет білім, іскерлікке айналу үшін мұғалім оқушының санасындағы білім, іскерлік, дағды деңгейіне сүйену.
4. оқытушы іс-әрекеті (оқыту), оқушы іс-әрекеті (оқу) арасындағы тұрақты тәуелділіктер.
5. Жеке адамды үйрету тек іс-әрекет арқылы мүмкін.
- Оқытудың ғылымилығы. Мысалы, ағаштың сыртқы түрінен оның ішкі құрылымын, көбеюін, зат алмасуын білу. (инд/дидукт.тәсіл.қолдану; тәжірибе, эксперимент; іздендіру: бір.рет.түсінд.шектелмеу)
- Бірізділігі/жүйелілігі. Дағдыларды қалыптастыру.
- Саналылық/белсенділік. Өз бетімен меңгерілген білім санаға жақсы сіңеді.
- Теория/тәжірибенің байланысы. Өмір мен тәжірибе балаларға дұрыс тәрбие береді.
- Көрнекілік.
- Оқушылар білімінің беріктігі.
- Түсініұтілік.
- Ынталандыру.
- Гуманизациялау (ізгіліндіру)
- Мәселелілік.
- Интеграциялау.