Байланысты: Зоопсихология және салыстырмалы психология 1 тапсырма
Унитарлық реакция үш компоненттен тұрады: 1.инстинкт немесе әр түрлі күрделілікті шартсыз рефлекстер жиынтығыы
2. үйрену
3. пайымдалу әрекеті
Әрекетті атқару кезінде аталған компоненттердің үлестік ара-қатынастары әр түрлі болып келуі мүмкін. Олардың ішінде шартсыз рефлекстер ұрпақтар жинақтаған тәжрибені пайдалануды, ал үйрену ( шартты рефлекс) және пайымдау әрекеті организмнің нақты жағдайдағы ең тиімді реакциясын қамтамасыз етеді, икемділіктің негізі болып табылады. Жануарлардың мінез-құлқы туа біткен және жүре пайда болған болып екі топқа бөлінеді.
Туа біткен мінез-қылық құрамалары тұқым қуалайды, олар ешбір жаттығусыз, үйретусіз ақ атқарылады. Демек, туа біткен мінез-қылық белгілі бір жағдайда атқарылатын күрделі іс-әрекеттің жинтығы- инстинкт болып табылады. Туа біткен бейімделу әрекетін таксис, рефлекс және инстинкт сяқты реакциялар құрайды. Жүре қалыптасқан әрекеттерге үйрену мен ойлау жатады.