Зоопсихология және салыстырмалы психология


Таксис – төменгі сатыдағы жануарларға тән организм мен сыртқы орта қатынасын қамтамасыз ететін әрекеттің қарапайым түрі. Рефлекс—



бет4/8
Дата24.02.2022
өлшемі49,17 Kb.
#133123
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Зоопсихология және салыстырмалы психология 1 тапсырма

Таксис – төменгі сатыдағы жануарларға тән организм мен сыртқы орта қатынасын қамтамасыз ететін әрекеттің қарапайым түрі.
Рефлекс— бейімделу әрекетінің бір түрі. Бұл жерде шартсыз рефлекстік реакция жануарлар дүниесіндегі бейімделудегідей негізгі құралы ретінде қаралады.
Инстинкт туа біткен мінез-қылықтың жоғарғы күрделі түрі. Ол организмнің ішкі жән сыртқы тітіркендіргіштер өзгерістеріне жауап ретінде тарйхи даму барысында пайда болған мінез-қылықтың әрекеті, түрдің нақты тіршілік жағдайларына бейімделу формасы.
Үйрену— жеке дарақтарда өткен тәжрибені еске түсіре отырып жаңа реакцияларын қалыптастыруға, тиімсіз реакцияларды жоюға бағытталған процесс. И.П.Павлов зерттеулерінде сәйкес үйренудің негізінде шартты рефлекстердің қалыптасу механизмі жатады.
Жүре пайда болған мінез-құлықтың әрекетінің ең жақсы зерттелген түрі шартты рефлекцтер. Үйрену нәтіижесінде классикалық шартты рефлекс және оперативтік шартты рефлекс қалыптасады. Үйрену нәтіижесінің алғашқы түрінде шартты сигналға жануар шартсыз рефлекстермен, ал екінші түрінде қыймыл-әрекетпен жауап береді. Үйренудің аталған екі түрі де ассоциациялық үйрену(жинақталған тәжірибе) болып табылады, себебі олар мида уақытша байланыстың пайда болыуының нәтіижесінде атқарылады.
Жүре пайда болған мінез-қылық әрекетінің ең күрделі түрі инсаит (зеректік) түсінуге негізделген ақылды әрекеттердің нышаны. Инсаит көбіне жоғары сатыда дамыған приматтарда байқалады. Мысал ретінде, жануарлардың қарапайым құралды пайдалануы, қара құстың тасбақаның қабығын биіктен тастап жаруы т.б келтіруге болады. Үй жануарларында мінез-қылық әрекетінің бірнеше түрі байқалады. Олар метоболистік, конфорттық, қорғаныстық, үйірлік, жыныстық, ұрпақ қорғау зерттеу әрекеттері болып жетіледі.
Қоректік мінез-қылық деп жануарлардың азық іздеп, қабылдап, организмдегі метобалистік гомоестазды сақтауға бағытталған белсенділігін айтады.
Конфорттық мінез-қылық деп жануарлардың өзіне тиімді тіршілік жағдайын туғыза бағытталған реакциялармен сипатталады. Көбінесе ол дене жылуын реттеу әрекеттерімен (оқшаулану, қолайлы жер іздеу, жылыу түзуді және жылыу бөліуді күшейту не әлсірету) байланысты.
Сақтық мінез-қылық деп енжар (пассивті) және белсенді (активті) болып бөлінеді. Енжар жануарлардың әрекетінсіз, қыймыл-қозғалыс- тұрып қалыуымен сипатталады.
Бір түлік өкілдерінің үйірдегі (табындағы, отардағы) өзара қатынасын тобырлық мінез-қылық анықтайды. Жануарлардың өзара шайқасуынан кейін топ бастаушылар анықталады. Әлсіз, жасқаншақ, қорқақтар топтан шеттеледі, топта деңгейлік (иерархиялық) үстемдік қалыптасады. Осыған байланысты жәйіліп жүргенде немесе тыныстаған кезде немесе жеке дарақтар арасында белгілі бір алшақтық сақталады, үйір тәртіп пен реттілік сақтап қозғалады.
Мінез-қлылықтың қалыптасуында бағдарлау реакциялары да маңызды рөл атқарады. Жануарлар белгісіз, бұрын таныс емес беймәлім жағдайға кездескенде жан-жағына қарап, өздерін қоршаған заттарды искелеп, дыбыстарды тыңдап, бағдарлау нәтижесінде белгілі әрекет атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет