Зоопсихология және салыстырмалы психология



бет6/8
Дата24.02.2022
өлшемі49,17 Kb.
#133123
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Зоопсихология және салыстырмалы психология 1 тапсырма
4тапсырма (2), cоциометрия (1), Биология 7 кл. 4-тоқсан. ҚМЖ, 1597259432209, 36401, 1 Сабак жоспары
Этология – жануарлардың мінез-құлқының биологиялық заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы. “Этология” деген атау грек тілінен алынған мінез-қылық деген мағнаны береді. (адамға байланысты мінез-құлық деп аталынып кеткен). Ал мінез-қылық деп жануарлардың тіршілік ортасы мен қарым – қатынасын қамтамасыз ету үшін атқаратын қыймыл-әрекеттердің жинтығын айтады. Этология зоология мен эволюциялық ілім негізінде пайда болып, физиология, экология, генетика, және мінез-қылық генетикасымен тығыз байланыс түзген. Этология негізінен табиғи туа біткен мінез-қылықтар мен инстинктерді, олардың дамуын зерттейді. Этология мінез-қылықтың туа біткен құрамаларын зерттейді, организмнің түрлі реакцияларының сыртқы көрнісін анықтайды. Ал физиология жануарлардың мінез-қылығын қамтамасыз ететін ми қызметінің жүйкелік механизмін зерттейді. Осымен байланысты бұл екі пән бірін-бірі толықтырып, мінез-қылықтың туа біткен және жүре пайда болған түрлерінің нақты жүйкелік механизмін ашады.
Зоопсихология-жануарлық деңгейдегі психикалық бейнелеудің көрінулері,заңдылықтары мен эволюциясы туралы,жануарлардағы психикалық үрдістердің онто-және филогенездегі пайда болуы мен дамуы жайлы және адам санасының алғышарттары мен алғашқы тарихы туралы ғылым.Психика эволюция үрдісінде екі деңгейден өтті:төменгі және жоғарғы.Төменгі деңгей психикалық бейнелеудің басталуымен байлансты.,ал жоғарғысы адам психикасының көрінуімен байланысты.Жануарлардың психикасын олардың жүріс-тұрысынан бөліп қарастыруға болмайды,бірақ жануарлардың жүріс–тұрысын этология ғылымы зеріттейді.Бұл ғылымдардың арасында айырмашылықтар бар.Этологтар жүріс-тұрысты жалпы биологиялық көзқарас тұрғысынан зеріттейді.Жүріс-тұрс оларды индивидуалды даму барысындағы және эволюция үрдісіндегі ортаның жағдайларына бейімделу факторы ретінде қызықтырады.Олар көбінесе тіршілік етудің табиғи жағдайларындағы жануарлардың инстинктивті жүріс-тұрысын зерттейдіжәне олар «жүріс-тұрыс биологиясы»теориясын қалыптастырған.Зоопсихология жүріс-тұрыстң психикалық аспектілерін көбінесе лабараториялық жағдайларда зерттейді.Сонда да,бұндай бөліну шартты болып табылады және бұл екі бағыт өзара тығыз байланыстардың арқасында дамиды.
Зоопсихологиялық зерттеулер үшін қазіргі кездегі техникалар кеңінен пайдаланылатын түрлі әдістер қолданылады.Бұл,бірінші кезекте,табиғи жағдайлардағы жануарлардың жүріс-тұрысын бақылау үшін аудио-және видео жазба құрылғыларды, электронды чиптер мен компьютерлік техникаларды пайдалану. Сонымен қатар, мынадай зоопсихологияның дәстүрлік әдістері пайдаланылады:
1)жануардың ақыл-ойлық мүмкіндіктерін зерттеуге арналған «лабиринт»әдісі;
2) «айналма жол» әдісі;
3) дефференцияланған жаттықтыру әдісі жануардың объектілердің белгілерін ажыратуға қабіелттілігін анықтауға бағытталған;
4)жануардың интелектуалды жүріс-тұрысын зерттеуге арналған «мәселелік тор» әдісі;
5)жануардың ашық кеңістіктегі бейімделуін және белсенділігін зерттеуге арналған «ашық алаң» әдісі.
Жалпы психологияның түбегейлі мәселелеін шешу үшін,адамның психикалық іс-әрекетнің,оның санасының пада болу және даму заңдылықтарының биологиялық тамырларын анықтау үшін зоопсихологияның мәнін қайта бағалау қиын болып табылады.Зоопсихологияның мәліметтері,сонымен қатар балалар психикасы дамуының биологиялық негіздерін анықтауға көмектеседі.Жануарлар онтогенезін зерттеу барысында табылған «сыни кезеңдердің», ортаның түрлі факторларына жоғары сезімталдық кезеңдерінің болуы Баланы тәрбиелеуде ескеріледі.Балалардың жануарлармен қарым-қатынас жасауында үлкен тәрбиелік және танымдық мән бар.Соңғы ғылыми мәліметтер бойынша балалардың жануарлармен (дельфиндермен,иттермен және т.б)қарым-қатынасы бірнеше психикалық ауытқулар мен ауруларда терапиялық та мәнге ие болады.
Жануарлар,сонымен қатар адамдардың психикалық іс-әрекеттерінің бұзылуларын зерттеу үшін модельдер ретінде де қызмет атқара алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет