— Макс Шелер Тұлға деген кім?



Дата09.10.2023
өлшемі1,75 Mb.
#184237
Байланысты:
Презентация 3

Тұлғаның қалыптасуы және дамуы

Адам белсенді қимылдап өзін-өзі тұлғаға айналдыра алады, дəлірек айтқанда өзін тастүйін тұлғаға жалғастырып шығара алады.

Макс Шелер

Тұлға деген кім?

  • Тұлға — пайымдауморальзердемендік сана секілді болмыстық қырларын, сондай-ақ әлеуметтік байланыс пен мәдени нормалға қатысты туыстықмүлік меншігізаңдық жауапкершілігі қатарлыларды қамтитын, кісілік қабілеттер мен ерекшеліктерге ие жеке адамды сипаттайды

Тұлға психологиялық түсінік бойынша

  • Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге “меннен” ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды.

Ал енді дамуына келсек

  • Тұлғаның дамуы дегеніміз - адамның анатомиялық, физиологиялық жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, сондай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз

Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы.

  •  Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдаы жеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік фактрлар да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық- педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э. Роттердамский, Я. А. Коменский, К. А. Гельвеций, Д. Дидро, А. Дистерверг, К. Д. Ушинский, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, К. Маркс, Ф. Энгельс, З. Фрейд, Д. Дьюи, Э. Торндайк, Н. К. Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Выготский, Э. И. Моносзон, Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т.б.).
  • Тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң, дене жағынан үлкейеді, яғи оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молайады. Бала көптеген әлеуметтік- тұрмыстық және моралдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы- оның бойында болып жатқан сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моралдық- жігерлік т.б.). Мінез- құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс- әрекеттілікке айналады. Дербестік пен өз мінез- құлқын билей алу қабілеттілігі артады. Осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесін сипаттайды.

ҚОРЫТЫНДЫ

  • Даму дегенімізді адамның анатомиялық- физиологиялық жетілуінегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, сондай- ақ танымдық және шығармашылық іс- әрекетіндегі, оның дүние танымы, өнегелілігі, қоғамдық саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі деп түсіну дұрыс. Адамның дамуына ішкі және сыртқы, меңгерілетін және меңгерілмейтін факторлар әсер етеді, олардың арасында мақсатты тәрбие мен білім берудің алар орны ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет