Тігін бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтардың ең негізгісі – тігін машинасы. Тігін машиналарының түрлеріне тоқтамас бұрын біз олардың шығу тарихынан кішкене мағлұмат алайық.
• XV – ғасыр – Леонардо да Винчи – тігін машинасының жобасын ұсынды.
• 1755 жыл – Карл Вайзенталь – бір жіпті тігін машинасын ойлап тапты.
•1834 жылы – Уолтер Хант шөрнекті машина жасады
•1844 - 1845 жылы – Элиос Хоу бір қалыпты жұмыс істейтін тігін машинасын ұсынды
•1850 - 1851 жылы – Ален Уилсон мен Исаак Зингер қазіргі заманғы машина түрлерінің негізі дүниеге әкелді
•1870 жылы – АҚШ - та Исаак Зингер – “Зингер” фирмасын ашты.
•1900 жылы – Ресейде Подольск қаласында “Зингер” зауытын ашты.
•1917 жылы – Кеңес елінде Подольск қаласында тұңғыш механикалық зауыт іске қосылды. Машинаның сыртқы дизайндары жасалып, фирманың белгісін жазатын болды.
•1850 - 1851 жылы – Ален Уилсон мен Исаак Зингер, қазіргі заманғы машина түрлерінің негізі.
(Қызығушылықтарын ояту). Енді біз тігін машинасының ойлап тапқан тапқыштарымыз жайлы «Таңшолпан» айдарынан мынандай қызықты мағлұматтар тыңдап көрелік. Тұрмыстық тігін машинасы өзінің құрылымы, техникалық мүмкіндігі және сыртқы көрінісі бойынша түрліше болып келеді. Бірақ олардың құрылысы, реттеуі және пайдалану ережелерінің көпшілігі ортақ. Тігін машинасының қол машина, аяқ машина және электр машина деп аталатын түрлері бар. Енді әр машинаның құрылысы мен айырмашылығымен танысайық.
Біздің бірінші танысатынымыз қазіргі заманауи тұрмыстық тігін машинасының бірі электр тігін машинасының құрылысы.
Қол машинасы.
Тұрмыстық тігін машиналарынан басқа өндірістік машиналарда бар екен. Бұл машиналар салмақ пен көлем жағынан да өте үлкен машиналар. Бұл машиналарды біз киім тігетін отельелерден көре алады екенбіз.
2. Сонымен біз өзіміздің үйіміздегі қолданылып жүрген тұрмыстық машинамызбен жұмыс жасауды бастайық. Жұмыс бастамас бұрын алдымен тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін білуіміз керек.
1. Жұмыс орнын ретке келтіру.
2. Шашты жинап, жеңді қайыру.
3. Машинада тіке, орындыққа толық жайғасып, денені жай ғана еңкейтіп, басты алға қарай иіп отыру керек.
4. Жарық жұмыс орнына сол жақтан немесе алдынан түсуі керек.
5. Тігін машинасын тікелей мұғалімнің жетекшілігімен іске қосу.
6. Машина мен жұмыс орындаушының ара қашықтығы 20 - 30 см
7. Аяқтар толығымен еденде немесе аяқ қойғышта (подставка) орнығуы керек.
8. Машина үстінде артық заттар жатпау қажет.
9. Машина тігісін бастарда бұйымда түйреуіштер немесе инелер болмауы тиіс.
10. Жұмыс бастамай тұрып орналасуын тексеру (табанды реттегіш бұранда жақсы ұстап тұр ма, ине тесігіне тура келе ме).
11. Матаны қойып, табанды түсірмей тігін машинасын жүргізуге болмайды.
12. Тігістерді ауыстырғанда инені жоғары көтеріп қою.
3. Машина тігістерінің түрлері.
Тігіс дегеніміз не? Бір немесе бірнеше қабат материалды тігім арқылы қосқанды тігіс деп атаймыз. Тігіс – бұл бұйым бөлшектерінің жіппен, желіммен немесе дәнекерлеу арқылы біріктірілген орны.
Тігім - инешаншымдардың қайталанған қатары, ал инешаншымдар – бұл иненің екі шаншымы арасындағы жіптер. Кезектесіп келетін екі инешаншым арасындағы арақашықтық инешаншымдар ұзындығы деп аталады.
Бөлшек қиығынан тігімге дейінгі аралық тігіс ені деп аталады.
Енді біз тігін машинасының тігістерінің бірнеше атауына тоқталайық: сырып тігу, бастыра тігу, жөрмеп тігі, бүгіп тігу. Машинамен тігу үшін біз осы тігістердің ішінен сырып тігу, бастыра тігуді орындаймыз.
Мен сіздерге әр машинамен қалай жұмыс жасау керектігін көрсетіп шығамын сіздер мұқият қадағалаңыздар.