Сабақ №68. Сыныбы: 5 Күні: Пән мұғалімі: Тексерген



Дата26.08.2017
өлшемі249,65 Kb.
#28866
түріСабақ
Сабақ №68. Сыныбы: 5 Күні:___________

Пән мұғалімі:_________________________Тексерген: _________________________

Сабақтың тақырыбы

Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу

Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары

Білімділігі: Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктей білу, жай көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде жаза білу, берілген құрама санның жіктелуіндегі жай көбейткіштер құрамы бір ғана түрде болып, тек қана олардың орналасуы әр түрлі болуы мүмкін екендігін үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділіктерін арттыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту. Оқушының ауызша сұрақтарға тез жауап беру қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқуға саналы сезімге, жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.

Оқып-үйренуден күтілетін нәтиже

  • Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктей біледі;

  • Құрама сандарды жай көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде жаза біледі

Оқытуда қолданылатын әдіс -тәсілдер

Көрнекі-түсіндіру, салыстыру-талдау, өз бетінше жұмыс істеу, диалогтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, деңгейлік тапсырмаларды орындау, оқыту үшін бағалау.

Ресурстар (дереккөздер)


1. Алдамұратова Т.А. Математика 5 сынып – 1-бөлім (Атамұра)

2. Алдамұратова Т.А. Математика 5 сынып, Дидактикалық материалдар (Атамұра)

3. Алдамұратова Т.А. Математика 5 сынып, Оқыту әдістемесі (Атамұра)

4. Әбілқасымова А.Е. Математика 5 сынып, (Мектеп)

5. Әбілқасымова А.Е. Математика 5 сынып, Оқыту әдістемесі (Мектеп)

6. Алдамұратова Т.А. Математика 5 сынып, Жұмыс дәптері (Атамұра)



Сабақтың типі

Жаңа тақырып

Сабақтың түрі

деңгейлік, ауызша сұрақ-жауап

Оқытудағы әдістемелік нұсқау

Оқушыларға құрама санды жай көбейткіштерге жіктеудің вертикаль әдісін таныстыру. Берілген құрама санның жай көбейткіштерге жіктелуінде жай көбейткіштер құрамы бір ғана түрде болады. Олардың тек қана жазылу реттілігі әр түрлі болуы мүмкін. Берілген құрама санның жай көбейткіштері өсу ретімен жазылады.

Сабақтың кезеңдері

Дидактикалық міндеттер

І. Сабақтың басталуын ұйымдастыру

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1) Сыныпты түгендеу, оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру;

2) сынып оқушыларының назарын сабаққа аудару;

3) бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру, оқыту тәсілдерін талдау.


- Кезекші оқушы сыныптың сабаққа қатысуы туралы мағлұмат береді.

- Оқу құралдарын түгендеп, сабаққа даярланады.





«Көңіл-күй» шкаласын таратып береді. Рефлексия. «Көңіл-күй» шкаласынан өз көңіл-күйіңе сәйкес суретті таңдап алыңдар.

Өздеріне таратылып берілген «Көңіл-күй» шкаласынан өз көңіл-күйлеріне сәйкес суретті таңдап алады.

ІІ. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру

  • Оқушыларға логикалық сұрақтар беріледі, жауаптарының дұрыс қателігін анықтайды.

  • Берілген логикалық сұрақтарға жауап береді




  1. 8 л, 5 л, 3 л ыдыстар берілсін. 8 л ыдыс суға толы. Енді осы суды екі ыдысқа 4 литрден қалай тең бөлуге болады? Шешімі: 8-5=3 5-3=2 3+3=6 6-2=4

  2. Сыныпта 35 оқушы бар. Қыздар ұлдардан үшке артық. Сыныпта ұлдар қанша , қыздар қанша? Шешімі: x+x+3=35 x=16(ұлдар) х+3=16+3=19(қыздар)

  3. Жұп санды үшке бөлгенде қалдық қандай болуы мүмкін. Жауабы: 1 және 2

  4. Арман черновикте есеп шығарып, оны дәптерге көшірді.Бірақ жақшаларды қалай қойғанын ұмытты. Оның есінде қалғаны мынау 6*8+20:4-2=40. Арманға жақшаларды қоюға көмектесіңіз. Жауабы: 6*(8+20):4-2=40

  5. Әділ тақтаға екі сан жазды. Мейрамбек олардың қосындасын қасына жазды. Жәнібек тақтадағы үш санын қосты. Егер Мейрамбектің жазған саны бес болса, Жәнібек тапқан қосынды нешеге тең? Жауабы: 5+5+10=20

ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту

Мұғалім жаңа тақырыпты мысалдарды пайдаланып отырып түсіндіреді.

Оқушылар мұғалімнің айтқанын тыңдап, мысалдарды дәптерлеріне жазады.

Әрбір құрама санды жай сандардың көбейтіндісі түрінде жазуға болады.

Мысалы: 15=3·5; 28=2·2·7; 99 = 3·3·11.

Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу – оны тек қана жай сандардың көбейтіндісі түрінде жазу.

Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеудің екі түрі бар.

Мысалы: 1. жай көбейткіштерге жіктеу 84=2·2·3·7


  1. Баған түрінде жіктеу 420 2

210 2

105 3


35 5

7 7


1

Құрама сан өзі жіктелген жай көбейткіштердің көбейтіндісіне тең.

Берілген құрама санның жай көбейткіштерге жіктелуінде жай көбейткіштер құрамы бір ғана түрде болады. Олардың тек қана жазылу реттілігі әр түрлі болуы мүмкін.

Құрама санды жай көбейткіштерге жіктегенде, ондағы қайталанатын көбейткішті дәрежемен алмастыруға болады.

36 2 100 2

18 2 50 2

9 3 25 5

3 3 5 5


1 1

36=22·32 100=22·52



IV. Игерген материалды дамыту (практикалық кезең)

А тобы - №670, №671; В тобы №676, №677, №678; С тобы – №685, №686.

Сыныпта орындайтын тапсырмаларды беріп, жұмыстарын тексереді.

Оқушылар тақтаға және дәптерлеріне тапсырмаларды орындайды.

V.Үйге тапсырма: А тобы - №672; В тобы – №679; С тобы - №687.

Үйге тапсырма беріп түсіндіреді.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады.

VI. Сабақты бекіту

  1. Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу деген не?

  2. Құрама санды жай көбейткіштерге жіктегенде қандай реттілікті сақтау керек?

  3. Егер құрама санның жіктелген жай жай көбейткіштері белгілі болса, құрама сан қалай табылады?

  4. Егер берілген құрама сан әр түрлі тәсілдермен жай көбейткіштерге жіктелсе, олардың бір-бірінен айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде?

VII. Сабақты қорыту

1. Не білдім? Не түсіндім? Қолдана аламын! схемасы бойынша талдау;

2. Сабаққа белсене араласқан және тақтамен жұмыс жасаған оқушылардың білімін бағалау. Сабақтың мақсатқа жетуіне баға қою.

3. Бүгінгі өтілген сабақ бойынша оқушылардың көңіл-күй рефлекциясын анықтау.





1. Не білдім? Не түсіндім? Қолдана аламын! схемасы бойынша өздерінің жаңа тақырып бойынша білгендерін қорытындылайды.

3. Сабақ соңындағы өз көңіл-күйлерін анықтайды.




А тобы

670. 1) 14=2·7; 26=2·13; 35=5·7; 52=2·2·13; 87=3·29.

2) 4=2·2; 9=3·3; 25=5·5; 32=2·2·2·2·2; 49=7·7; 92=2·2·23.

3) 12=2·2·3; 18=2·3·3; 51=3·17; 58=2·29; 78=2·3·13; 105=3·5·7.

671. 1) 2·3·5=30 2) 2·2·3·7=84 3) 2·3·3·5=90

4) 2·2·2·5=40 5) 2·5·7·11=770 6) 2·3·3·11=198

672. 1) 2-ге бөлінетіндер:

a=(2·7·13):2=91; d=(2·3·11):2=33; k=(2·3·19):2=57; y=(2·7·11):2=77.

2) 3-ке бөлінетіндер: с=(3·7·11):3=77; x=(3·7·13):3=91; m=(3·5∙7):3=35.

3) 5-ке бөлінетіндер: b=(5·7·11):5=77; n=(5·11·13)=143.



В тобы

676. 1) 88=2·2·2·11; 136=2·2·2·17; 222=2·3·37; 246=2·3·41;

385=5·7·11; 435=3·5·29; 530=2·5·53; 555=3·5·37.

2) 396=2·2·3·3·11; 456=2·2·2·3·19; 504=2·2·2·3·3·7; 700=2·2·5·5·7;

594=2·3·3·3·11; 1170=2·3·3·5·13; 2310=2·3·5·7·11; 3100=2·2·5·5·31.

677. 6=2·3; 15=3·5; 10=2·5; 14=2·7; 21=3·7; 35=5·7.

678. 24=2·2·2·3; 40=2·2·2·5; 56=2·2·2·7; 65=5·13; 77=7·11; 95=5·19.

679. 1) 210=2·3·5·7 2) 330=2·3·5·11 3) 126=2·3·3·7.



С тобы

685. 10=2·5; 100=2·2·5·5; 1000=2·2·2·5·5·5; 10000=2·2·2·2·5·5·5·5.

686.

a=2·5·7=70 бөлгіштері: 2, 5, 7, 10, 14, 35; b=3·7·11=231 бөлгіштері: 3, 7, 11, 21, 33, 77;

c=2·3·13=78 бөлгіштері: 2, 3, 13, 6, 26, 39; d=5·7·11=385 бөлгіштері: 5, 7, 11, 35, 55, 77.

687. 1) v=66см3 2) v=195см3 3) v=255см3

a=11см a=5см a=5см

b=2см b=3см b=3см



c=3см c=13см c=17см

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет