1. 11Антика ойшылдарының этикалық көзқарастары



бет1/3
Дата13.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#172249
  1   2   3
Байланысты:
Әлеметтану ргр1
Чормакова Жания СРМ. Философия и искусство

Орындаған:Беркінұлы Мерей Тобы: Ээк 21-1 Тексерген: Бисенова А


« ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ БІЛІМ МОДУЛІ (ӘЛЕУМЕТТАНУ, САЯСАТТАНУ)» пәні
СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС №1
Тақырыбы: Әлеуметтік мобильдік әлеуметтік стратификасының құрамдас бөлігі

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

«ҒҰМАРБЕК ДАУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА

ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»

«Әлеуметтік пәндері» кафедрасы


Дәріс жоспары
1. Әлеуметтік мобильдіктің сипаты
2.Мобильдіктің түрлері мен арналары
3.Әлеуметтік мобильдіктің индивидтің дамуына әсері

Біз қоғамының әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары. Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор


Кіріспе
Әлеуметтік қауымдастықтар теңсіздігі жүйесін сипаттау үшін социологияда “әлеуметтік стратификация” ұғымы пайдаланылады. “Стратификация” терминінің өзі социологияға геологиядан келген. Ағылшын тілінде “strata” немесе “stratum” сөзі алғашында геологиялық қабат деген, ал “stratіfісatіon” сөзі қабатталу, қатталу деген ұғымды білдірген. Социологтар әлеуметтік теңсіздікті белсенді түрде зерттей бастаған кезде осы терминді алған, сөйтіп ол жаңа мағынаға, қоғамды белгілі бір топтарға бөлу мағынасына ие болған. Қоғамда әрдайым құрылым болатындықтан , ондағы адамдар түрлі негіздер бойынша жіктеліп отыратын болған..
Әлеуметтік мобильділік - бұл әлеуметтік мәртебелер жүйесінде адамның жағдайының өзгеруіне байланысты әлеуметтік стратификациялар механизмі.
Адам туылғанда аскриптивті немесе маңдайға жазылған мәртебе деп аталатын өзінің ата-аналарының мәртебесін алады. Ата-аналары, туыстары және отбасына жақын адамдар баланың бойына өздерінің мінез-құлық нормаларын, тиісті және мерейлі нәрселер туралы түсініктерін сіңіреді.
Алайда адам өзі қызметінің белсенді кезеңінде бұл қабаттағы жағдайына қанағаттанбауы, одан да зорына ұмтылуы және қол жеткізуі мүмкін. Соңғы жағдайда ол қол жететін мәртебеге ие болады.
Зерттеушілер әлеуметтік мобильділіктің барлық түрлерін (ұрпақаралық, кәсіптік және т.б.) бөліп қарауға мүмкіндік беретін статистикалық рәсімдер мен көрсеткіштер жүйесін пайдаланады, бұл жалпы алғанда халық қозғалысының әралуан түрлерін талдауға мүмкіндік береді.
Социологиядағы әлеуметтік стратификацияның негізгі тұжырымда­ма­ларын қарастырып көрелік.Энтони Гидденс “стратификация әртүрлі топтардың, адамдардың арасындағы құрылымдалған теңсіздік ретінде анықталуы мүмкін” деп есептейді. Американ социологиялық сөздігінде мынадай анықтама берілген: “Адамдар теңсіздіктің қандай да бір өлшемімен иерархиялық ұйымдастырылған қатарға тізілгенде әлеуметтік жіктелу әлеуметтік стратификацияға айналады” .


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет