1. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар және олардың жіктелісін сипаттаңыз



Дата08.02.2022
өлшемі33 Kb.
#118781
Байланысты:
2-апта кері байланыс


Күрделі деңгей:

1. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар және олардың жіктелісін сипаттаңыз.


Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар дауыс қатысына және жасалуына қарай өзара бірнеше топтарға бөлініп, жүйеленеді. Олар:
- үн мен салдырдың қатысына қарай: қатаң, ұяң және үнді дауыссыз дыбыстары;
- айтылу жолына қарай: шұғыл, ызың және діріл дауыссыз дыбыстары;
- жасалу орнына қарай: ерін және тіл дауыссыз дыбыстары.
2. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың емлесін түсіндіріңіз.
Қазақтың төл сөздерінде л, р дыбыстарының алдынан ы, і дыбыстары айтылады, бірақ жазылмайды.

Орта деңгей:

3 Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар және олардың түрлерін түсіндіріп жазыңыз


Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырауы арқылы жасалған дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай үшке бөлінеді: Олар: 1) қатаң дауыссыздар; 2) ұяң дауыссыздар; 3) үнді дауыссыдар.
1. Қатаң дауыссыз дыбыстар салдырдан жасалады. Қатаң дауыссыз дыбыстар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, һ.
2. Ұяң дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалады. Ұяң дауыссыз дыбыстарда үннен салдыр басымырақ болады.
3. Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, салдырдан үн басым болатын дауыссыз дыбыстар үнді дауыссыз дыбыстар деп аталады. Олар: р, л, й, у, м, н, ң.
4 Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың емлесін нақты мысалдармен түсіндіріңіз.
Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың да сөз ішінде қолданылуында өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, қазақтың сөздері б, в, г, ғ, д, щ дыбыстарына аяқталмайды, ң, й дыбыстарынан сөз басталмайды.

1. Б, в, г, д әріптеріне аяқталған орыс тілінен енген сөздерге қосымша қатаң дыбыстан басталады: клуб — клубқа, актив — активке, педагог — педагогтен, завод — заводты. Сөз соныңда бұл дыбыстар қатаң болып айтылады.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет