4 сынып
Тест тапсырмасы
I нұсқа
1. Қазақ тілінің әліпбиінде қанша әріп бар?
A) 40әріп В) 41 әріп С) 42әріп Д) 43әріп
2. Тек жіңішке буындардан тұратын сөзді табыңыз.
А) Ауыл. Ә) Жолаушы. Б) Қыздар. В) Өндіріс
3. “У” әріпі қай сөзде дауысты дыбыс орнына қолданылып тұрғанын көрсетіңіз.
А) Бауыр. Ә) Аялдау. Б) Ақтару. В) Дауыл
4. Ашық буынды сөзді табыңыз ?
А) Орман Ә) Мектеп Б) Алаша В) Дәптер
5. Мәтін дегеніміз не?
А) Екі не одан көп өзара байланысқан сөйлемді мәтін дейміз.
В) Ұзақ бір сөйлемді мәтін дейміз.
С) Бір сөйлемге жинақталған сөз тізбегін мәтін дейміз.
6.Астана қай өзеннің бойында орналасқан?
А)Есіл өзені В)Жайық өзені
С)Сырдария өзені Д)Тобыл өзені
7. Тәуелдік жалғауы жалғанған сөзді тап.
А) дәптерің В) дәптерлер С) дәптердің D) дәптермен
8.Сөйлемдегі бастауышты белгіле.
Мұғалім Айдыннан сабақ сұрады.
А) Мұғалім В) Айдыннан С) сабақ D) сұрады
9.«Лагерь» сөзінде неше дыбыс бар?
А) алты Б)бес В)төрт С)екі
10. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» мақал не туралы?
А) ел Б)тамақ В)еңбек С)жанұя
11.Сөйлемнің соңында қойылатын тыныс белгісін тап. А) үтір Б)нүкте В)сызықша
12.Қазақстанның рәміздерінің атауын табыңыз.
А)герб,гимн,шаңырақ В)Елорда, елтаңба
С)Герб, гимн,ту Д)Ту,гимн, елбасы
13. Зат есімді белгіле.
А) Мұғалім В) жүгірді С) сары D) сұрады
14 .Қате жазылған сөзді тап.
А) аспазшы В) аспашшы С) теңізші Д) үйірме
15. Бірінші сыңары сын есім, екінші сыңары зат есімнен болған сөз тіркесін тап
А) Екі бала В) Таза су С) сегіз жыл Д) тез оқу
4 сынып
Тест тапсырмасы
II нұсқа
1.Қазақ тілінде неше дыбыс бар?
А)35 В)36 С)37 Д)38
2. Қазақ тілінің ерекшелігіне тән қанша дыбыс бар?
А)8 В)7 С)9 Д)10
3.«Альпинист» сөздегі әріп пен дыбыстың санын анықта:
А) 9 әріп, 8 дыбыс В) 9 әріп,9 дыбыс
С) 8дыбыс, 8 әріп Д) 9дыбыс, 8әріп
4. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
А) 5 В) 4 С) 3 Д) 2
5. Ұяң дауыссыз дыбыстар қатарын тап:
А) к,қ,п,т,с,ф В) б,в,л,м,н,ң, С) л,м,н,ң,р,п Д) б,в,г,ғ,д,ж,з
6. Жіктік жалғауы жалғанған зат есімді табыңыз?
А) Бөлмем В) Дәрігермін С) Ұшаққа Д) Бейбітшілікті
7. Кімнің? Ненің? Қай септіктің сұрағы?
А) Атау септік Б) Ілік септік
В) Барыс септік Д)Табыс септік
8. . Жалқы есімді тап
А) партизандар В) панфиловшылар
С) Жаяу Мұса Д) солтүстік
9. Көптік жалғауын табыңыз
А) ды,ді В) лар,лер С) ым,ім Д) дан,ден
10. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?
А) 2 В) 3 С) 4 Д) 1
11.Қай септіктің жалғауы буын үндестігіне бағынбайды?
А) барыс септік В)жатыс септік
С) шығыс септік Д) көмектес септік
12 . Дұрыс жазылған сөйлемді тап.
А) Біздің тұрады отбасымыз тату.
В) Тату тұрады отбасымыз біздің.
С) Отбасымыз тату біздің тұрады.
Д) Біздің отбасымыз тату тұрады.
13.Астана қай өзеннің бойында орналасқан?
А) Есіл өзені В) Жайық өзені
С) Тобыл өзені Д) Сырдария өзені
14.Киіз үйдің негізгі бөлшегі не?
А)Кереге В)Уық С)шаңырақ Д)Есік
15.Рәміздердің түстері қандай?
А)қызыл, көк В)көгілдір,көк
С)алтын, көгілдір Д)қызыл,ақ
Достарыңызбен бөлісу: |