1. Дене қызу 20°С. Тері жабындылары бозарған, салқын. Суықты ауыру сезімі секілді қабылдайды. АҚ 130\90 мм с.б., тахикардия, есі анық, аздап қозулы, рефлекс сақталған. Осы аталған симптомдар тоңудың қай сатысына тән:
1. бірінші. есі анық аздап қана қозулы рефлекстері сақталған сол себепті үсудің І дәрежесі болады.
2. екінші
3. үшінші
4. төртінші
5. бесінші
2. Дене қызу 25°С.Тынысы, тамыр соғуы және АҚ әрең анықталады.Рефлекс сақталмаған. Осы аталған симптомдар тоңудың қай сатысына тән:
1. бірінші
2. екінші
3. үшінші
4. төртінші Науқастың тынысы, пульсі, АҚ әрең анықталып тұр және рефлекстері сақталмаған сол себепті үсудің 4-ші дәрежесіне жатады.
5. Бесінші
3. 26 жастағы науқасты ара шақты. Кенеттен болған әлсіздікке, жүрек айнуына, жүрек қатты қағуына шағымданады. Қарап тексергенде: бозарған, акроцианоз. АҚҚ 80/50 сынап бағанасымен. ЖЖЖ – минутына 112 рет. Ауруханаға дейінгі сатыда алғашқы кезеңде не жасау қажет?
1. мұз қою
2. бұрау (жгут) салу
3. адреналин
4. антигистаминді препараттар
5. оттегі
4. 31 жастағы науқасты белгісіз бір жылан шақты. Сөйлеу және жұтынудың бұзылысына, бұлшық ет әлсіздігіне шағымданады. Қарап тексергенде: естің бұлыңғырлауы, бұлшық еттер күшінің әлсіреуі. АҚҚ 100/60 сынап бағанасы бойынша. Жыланның қай түрі шаққанда осындай көріністі береді.
1. Сұр жылан
2. Кобра
3. Уж
4. Гюрза
5. Щитомордник
5. 43 жастағы ер адам. Туысқандарының сөзінен ұрысысып қалған соң науқасты жуынатын бөлмеде асылып тұрған жерінен тауып алған. Жедел жәрдем келгенше ілмектен өздері шешкен. Қарап тексергенде: кеуде қуысында тырысулы тыныс қимылы бар, бетнің және кеуде қуысының жоғарғы бөлігінің айқын цианозы, көптеген нүктелі қанқұйылулар, мойнында странгуляциялық жүлге бар. ТЖ минутына – 4 рет. АҚҚ 70/40 мм сынап бағанасымен. ЖЖЖ минутына – 36 рет. Ауруханаға дейінгі сатыда науқасқа бірінші кезекте қандай шаралар жасау қажет?
1. кеңірдек интубациясы
2. Жүректің жабық массажы
3. Дофаминнің инфузиясы
4. Преднизолон енгізу
5. Адреналин енгізу
6. Науқас 52 жаста, алақан қырымен мойыннан соққы алды. Тыныс алудың қиындауы, дауыстың қырылдауы және ысқырықты қатты жөтелге шағымданады. Кейін
қан түкіру мен жұтынудың бұзылуы пайда болды. Науқаста аталған аурулардың қайсысы болуы мүмкін?
1. Өңештің зақымдалуы
2. Жұтқыншақтың қысылуынан қалқанша безіне қан құйылу
3. Жұткыншақ шеміршектерінің сынуы
4. Дыбыс байламынын орналасқан жерінен ажырауы
5. Кеңірдектің жыртылуы
7. Еркек адам 22 жаста, тамақ ішіп отырып тамағын ұстады. Тыныс алуы шулы, ысқырықты, беті көгерген, тері жабындысы сүр-цианозды түсте. Сөйлеуге шамасы жоқ. Тыныс алу актісінде қосымша бұлшық еттер қатысады. Науқасқа бірінші кезекте қандай жедел жәрдем шараларын жасау қажет?
1. Heimlich әдісі
2. коникотомия
3. «ауыздан мұрынға» тыныс беру
4. трахеостомия
5. жүректің жабық массажы
8. Странгуляциялық асфиксиядан кейін регургитация болды, оқиға болған жерде жедел жәрдем көрсетілді. Науқасқа бірінші кезекте қандай емдік шара жасалуы қажет?
1. Селлик әдісін қолдану
2. «Ауыз қуысын және тыныс жолдарын сорғышпен тазалау»
3. Асқазанға зонд енгізу
4. Басын жанына қарай бұру
5. Басын шалқайту
9. Странгуляциялық асфиксиямен зардап шеккен науқасқа ӨЖЖ жүргізген кезде асқазандағы заттар тыныс жолдарына шықты. Дәрігер тыныс жолдарын сорғышпен тазалады. Дәрігердің одан кейінгі әрекеті қандай?
1. Кеңірдек интубациясы
2. Трахеостомия
3. Коникотомия
4. Ауа өткізгішті енгізу
5. Амбу қапшығымен ӨЖЖ жалғастыру
10. Қыз 20 жаста. Туыстарының айтуы бойынша сауық кештен жылап оралған. Жуынатын бөлмеге кірген. 10 минуттан кейін оны асылып тұрған жерінен тауып алды. Қарап тексергенде странгуляциялық жүлге көмейден жоғары орналасқан. Есі жоқ, тері жабындысы көгерген. Ұйқы артериясында пульс анықталмайды. Тынысы мен жүрек соғуы тоғқтаған. Науқасқа қандай шараларды тез арада жасау қажет?
1. Өкпені жасанды желдендіру
2. Жүрек-өкпе реанимациясын жасау
3. Трахеотомия жасау
4. Коникотомия жасау
5. Ауаөткізгішті енгізу
Достарыңызбен бөлісу: |