1. Демократия туралы жалпы түсінік.
Демократия” – сөзі гректің “демос” – халық және “кратос” – билік деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
1.Мемлекет түрі.
2.Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.
3.Қоғамдық құрылымның мұраты.
Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген.
Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.
Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады.
Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс.
Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек.
Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.
2.Демократияның өмір сүруінің әлеуметтік – экономикалық жағдайлары.
Қазақстанның экономикалық және саяси мүмкiндiктерi сырттан осылай бағаланды: экономикасы әлжуаз, қазынасы бос, саяси жүйесi балаң, Кеңестер Одағы заманының Конституциясы бойынша өмiр сүрiп жатқан, одан бар болғаны белгілi бiр әскери әлеует қана еншiлеген ел саналдық.
Былайғы дүние бiздi көзге де iлген жоқ, әлемдiк қоғамдастықты бiздiң ядролық қару-жарағымыз ғана алаңдатты.
3. Демократияның адамгершілік құндылығы.
Еліміздің егеменді мемлекет ретінде қалыптасуының, сипаты халықтың рухани, адамгершілік, имандылық көзқарасы, жастар арасындағы білім мен тəрбиеге байланысты. Педагогика ғылымында қазіргі талапқа сай өз шешімін таппай отырған мəселелер жеткілікті. Соның ішінде жастардың рухани құндылық туралы білімдерінің, түсініктерінің төменгі дəрежеде екенін аңғартады. Руханилықты көпшілік дінмен байланыстырады, байланысы болғанмен оның басқа да тұстары басым екеніне мəн беру керек. Мемлекетіміздің зайырлы, унитарлы, демократиялылығы жалпы алғанда толықтай көрініс бермейді. Зайырлылық бүгінгі таңда дін мен мемлекет саясатының үйлесімділігіне, унитарлық заңдардың бұлжытпай орындалуына, демократиялық сөз, іс, əрекеттің еркіндігін сипаттауы тиіс. Мемлекет саясатынынан дін саясаты немесе керісінше бір-біріне бастамшылық жасамауы тиіс. Ал заңды белшесінен басып, басына күн туса елін сатып кетіп жатқандар да жоқ емес. Ал, еркіндік деп ойымызға келгенді жасаймыз деген адасқандар да арамыздан кездеседі. Демократия ол ең алдымен тəртіп, ол болмаған жағдайда анархияға ұшыраймыз. Негізінен алғанда барлық нəрсенің шегі болуы тиіс, шексіздік адамдардың өздеріне жамандық алып келеді. Міне, осы шексіздіктің алдын алудың бірі де жастарды рухани құндылықтарды құрметтеуге үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |