1. Этнопедагогика – жалпы педагогика ғылымының құрамды бөлігі



Дата25.12.2021
өлшемі16,95 Kb.
#105384
Байланысты:
Этнопедогогика 2


1.Этнопедагогика – жалпы педагогика ғылымының құрамды бөлігі.

Этнопедагогика белгілі бір халықтың , тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік, мәдени мұрасы. Этнопедагогика ғылымы екі саладан тұрады:

Халықтың ауыз әдебиеті мен салт – дәстүрлерінен құралған ауыз әдебиеті.

Ұлттық тәлім – тәрбиенің жазу мәдениетіндегі көрінісі.

Ғылымда жеке бір халықтың, тайпаның этностық ерекшеліктерін айқындайтын ғылыми салаларына “этнос” түбірі қолданылады.

Қазақ этнопедагогикасының негізгі саласы – әдеп.

Қазақ этнопедагогикасының қайнар бұлағы – біздің заманымызға дейінгі дәуірден бастау алады.

Қазақтың жазу мәдениеті арқылы белгілі болған ұлттық педагогикалық ойлардың тарихы ертедегі тас жазулардан (Күлтегін, білге қаған т.б.) басталады.

Қазақтың жазу мәдениетінде Қорқыт атаның, тәрбиелік мәні зор жырлары мен мақал – мәтелдері, Әл – Фарабидің ұлттық мәдениет пен ғылым, білім, поэзия, музыка жөніндегі тұжырымдары, Ахмет Яссауидің діни тәрбиенің мәні туралы ойлары, Жүсіп Баласағұнидің кемелді ел басќару жолдарын көрсетуі, Мұхаммед Хайдар Дулатидың ұлы тәлімгерлік ойлары, Абайдың өсиеттері, Ыбырайдың педагогикалық ойлары, Шоқанның ел мәденитін арттыру үшін істеген әрекеттері, Байтұрсыновтың ұлттық білім беру жүйесі, Жұмабаевтың қазақ педагогикасын түзуі, Ж. Аймауытовтың қазақ психологиясы ғылымын жетілдіру, кейінгі ғалымдардың қазақ этнопедагогикасын ғылым ретінде қалыптастырып, пән ретінде оқытуға ұсынуы ұлттық педагогиканың, яғни қазақ этнопедагогикасының дамып қалыптасу жолдарын көрсетеді.

Этнопедагогика дегеніміз – ұлттар мен ұлыстардың атадан балаға мирас болған тәлім – тәрбиелік тәжірибе жүйесін зерттейтін ғылым.



  1. Халық педагогикасы жайлы жалпы ұғым және әр түрлі көзқарастар.

Халық педагогикасы жайлы ұғымды анықтау, әр түрлі ғылыми – педагогикалық көзқарастарды қалыптастыру поблемаларына көптеген ғалымдар, педагогтар көңіл аударды, құнды пікірлер айтты.

Олар орыс педагогтары К.Д. Ушинский, Н. Крупская, А.С Макаренко, В.А Сухомлинский, В.Н. Водовозов, Г.С. Виноградов, чуваш педагогы Г.Н Волков, татар педагогы Я.И Ханбиков, азербайжан педагогы А.Ш Гашимов, грузин педагогы А.Ф Хинтибидзе, қырғыз ғалымы академик А.Ә Измайлов, қазақтың көрнекті педагогы Ы.Алтынсарин, қазақтың асқан ақыны, педагог М. Жұмабаев т.б.

Халықтық педагогика дегеніміз – әр этностық белгілердің қолданылу сипатындағы жинақталған тәлім – тәрбиелік білімдердің жүйесі.

Халық педагогикасының тарихын зерттеу, оның мағлұматтарын бүгінгі және болашақ ұрпақтың игілігіне айналдыру, салт – санамызды, әдет – ғұрпымызды, ұлттық дәстүрімізді өскелең өмір талаптарына сай жүзеге асыру – аса басты міндеттердің бірі.



Халық педагогикасының мақсаты – бірнеше ғасырларға созылған халық тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ ұрпақты еңбекке, өмірге дайындау, өнер, білімге баулу, бүкіл елдің қамын ойлау сияқты ең жоғары адамгершілік, имандылық қасиеттерге тәрбиелеу.

Халық педагогикасының негізіне халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халық ойындары, отбасы тәжірибелері т.б. жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет