Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Филология факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
№15 OСӨЖ
Тұлғаның сөйлеу мәдениетін дұрыс қалыптастыру
Орындаған: Тақаева Аяужан
Тексерген: Мұратбек Б.Қ.
Ақтөбе 2022
Сөз мәдениеті – әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік амал-тәсілдерде айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту. Сөз мәдениеті сөйлеу әдебі деген ұғыммен ұштасып жатыр. Сөз мәдениеті теориясының дамуында лексикография, әсіресе нормативті түсіндірме сөздіктер, орфоэпиялық, орфографиялық, синонимдік т. б. арнаулы сөздіктер маңызды орын алады. Қазақ тіліндегі Сөз мәдениетінің дамуына ауыз әдебиетінің өкілдері және Абай, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, т.б. шығармаларының ықпалы зор болды. Қазақ тіл білімінде сөз мәдениетінің мәселелерін А. Байтұрсынұлы, М. Балақаев, Р. Сыздықова т. б. ғалымдар зерттеді. Кеңестік орыс тіл білімінде сөз мәдениетінің теориялық мәселелерін Л. В. Щерба, В. В. Виноградов, Г. О. Винокур, Р. И. Аванесов, С И. Ожегов, Ф. П. Филин т. б. зерттеді.
А.Байтұрсынов: «Әркім өз қалауынша алып, өз оңтайынша алып тұтынған сөз сол адамның тілі болады. Сөздің келісті болатын заңдарын, шарттарын біліп түзу – тіл қисыны деп айтылады». А.Байтұрсынов «Тіл-құрал» еңбегінде сөз талғау мәселесі бойынша: Ақын тілі сөздің дұрыстығының, тазалығының, дәлдігінің үстіне,көрнекті, әуезді болу жағын да талғайды. Сөз өңді, ұнамды болу туралы талғаудың қоятын жалпы шарттары мынау:
Сөз дұрыстығы. Сөз дұрыс айтылуы деп әр сөздің, әр сөйлемнің дұрыс күйінде жұмсалуы айтылады.
Тіл тазалығы. Тіл тазалығы дейтініміз – ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау.
Тіл анықтығы. Айтылған лебіз ашық мағыналы, түсінуге жеңіл, көңілді күдіктендірмейтін болса, тіл анықтығы дегеніміз сол болады.
Тіл дәлдігі. Тіл дәлдігі – ойлаған ұғымға сөз мағынасы сәйкес келуі айтылады.
Тіл көрнектілігі. Сөздің дұрыс, таза, анық, дәл айтылуының үстінде талғау сөздің көрнекі болуын да керек қылады.
Адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікірін, ойын білдіруін – сөйлеу деп атайды. Сөйлеу үшін жасалған тілдік амалдар ұзақ уақыт бойы адамдардың пікір алысу тәжірибесі негізінде қалыптасты.
Оқушылардың тілін дамыту негізінде баланың сөздік қорын дамыту, жаңа сөздермен таныстырып, ойын дұрыс, жүйелі айтып беруге, сөйлей білуге үйрету ең басты мақсат. Оқушылардың тілін дамыту барысында сөздерден сөз тіркесін, сөз тіркесінен сөйлем, сөйлемнен күрделі ой, күрделі ойдан әңгіме, шығарма құрастыруға дейін сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айтуға, айтқанын жазбаша түрде жеткізе білуге дағдыландыру жолындағы әдістерді қажет етеді.
Ауызша тіл дамыту әдістері мынадай жүйеде жүргізіледі:
Ауызша суреттеп сөйлеу әдісі
Табиғат көрінісін, суреттен көргенін, көрмеден, түрлі мәдени орындардан алған әсерін, жанды - жансыз заттарды көз алдында тұрғандай етіп суреттеп баяндауға дағдыландырады. Суреттеп сөйлеуге баулуда оқушы жауапкершілігі артады. Себебі бір нәрсені суреттеуде, сол заттың белгілері мен ерекшеліктерін айтуда оқушы әр ұғымның атауын іздестіріп, сөздік қорын байытады.
Мәтін оқу әдісі
Мәтін оқу ауызша, жазбаша, тіл дамыту жұмыстарына ортақ категория. Мәтін оқу, мәтінді мазмұндау оқушы тілін дамыту жұмыстарының әдіс - тәсілдерінің бірінен саналады.
Ойдан әңгіме, өлең шығарту әдістері
Оқушылар қиялға өте бай келеді. Сондықтан оқушыларға өз қиялдарынан шағын әңгіме, ертегі айтқызып, өлең шығарту жұмысы жүргізіледі. Бұл оқушылардың ауызша, жазбаша тілін дамытады. Оқушы тілін дамытуда жазбаша жұмыстар басты роль атқарады.
Жазбаша жұмыстарды:
1) Хабарлау
2) Баяндау
3) Әңгімелеу әдістері түрінде жүргізуге болады.
Оқушы тілін дамытуға еркін тақырыптар ұсынуға немесе сұраққа жауап бергізу арқылы да әңгіме жаздыруға болады. Оқушы тілін дамытудың негізгі объектісі – шығарма жаздыру. Оқушыға шығарма жазғызудағы мақсат – оның ойын, пікірін әдеби тілмен жатық, сауатты жаза білуге және шығармашылық ізденіске баулу, логикалық ой-өрісін кеңейтуге машықтандыру болып табылады.
Түрлі - түсті суреттер немесе өз ортасына байланысты баяндау әдісі
Бұл әдістер арқылы ауызша және жазбаша баяндау негізінде сөздік қорын молайтып, тілін дамытуға мүмкіндік туады. Өз ортасына байланысты «Менің досым», «Менің әкем», «Менің күшігім» т. б.
Достарыңызбен бөлісу: |