№1 «Фатиха сүресі» Қуылған шайтанның (кесірінен) Аллаға сыйынамын.
1) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
2) Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаға тән.
3) Аса қамқор, ерекше мейірімді.
4) Қиямет күнінің иесі.
5) Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз!
6) Бізді тура жолға сала көр!
7) Нығметке бөленгендеріңнің жолына! Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес!
№112 «Ихлас сүресі» Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
(1) (Мұхаммед Ғ.С. оларға) айт: Ол Алла, Біреу ақ.
(2) Алла мұңсыз. (Әр нәрсе оған мұқтаж)
(3) Ол тумады да, туылмады.
(4) Әрі Оған ешкім тең емес.
Мағынасы: Алла (Т.), Одан басқа еш тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеріп тұрушы, Ол қалғымайды да ұйықтамайды. Көктердегі және жердегі нәрселер Оған тән. Оның құзырында өзінің рұқсатынсыз кім шапағат етеді? Олардың алдарындағыны да, арттарындағыны да біледі. Олар, Оның қалауынан басқа еш нәрсе білмейді. Оның күрсісі (білімі) көктер мен жерді сыйдырады. Оған, ол екеуін қорғау ауыр келмейді. Және Ол, өте биік, аса зор.
Баланың басын не ауырған жерін ұстап отырып төмендегі сүрелер мен дұғаларды оқисыз және әр сүре аяқталған кезде балаға үрлейсіз:
1. «Фатиxа» сүресін 7 рет оқу; 2. Аятул Курсиді («Бақара» сүресі, 255-аят) 3 рет оқу; 3. «Кәфирун» сүресін 1 рет оқу; 4. «Ықылас» сүресін 3 рет оқу; 5. «Фәләқ» сүресін 3 рет оқу; 6. «Нас» сүресін 3 рет оқу. Кейін мына дұғаларды оқыса болады:
1. "Әъузу би кәлимәтилләһит тәммә, мин кулли шайтанин уә һәммәһ, уә мин кулли ъайнил-ләммәһ" Мағынасы: Әрбір шайтаннан және улы жәндіктерден, сондай-ақ, әрбір сұқ көзден Алланың кәміл сөздерімен пана сұраймын. 2. "Әзһибил-бә’сә, Раббән-нәс, уәшфи, Әнтәш-Шәфи, лә шифә’ә иллә шифә’укә, шифә’ән лә йуғадиру сақама(н)" Мағынасы: Дертті кетір, адамдардың Раббысы! Шипа бер, Сен – Шипа берушісің, Сенің шипаңнан басқа шипа жоқ. Ауруды қалдырмайтындай шипа бер! 3. "Әзһибил-бә’сә, Раббән-нәс, бийәдикәш-шифәә, лә кәшифә ләһу иллә Әнтә" Мағынасы: Дертті кетір, адамдардың Раббысы! Шипа Сенің қолыңда, Сенен өзге оны кетіруші жоқ.