Жамбыл орта мектебі
Бекітемін
Тәрбие жұмысының ұйымдастырушысы: Г.Диханбаева
Тәрбие сағаты
Класы: 1
Күні:
Өткізген: Төлегенова Н.Н.
2014-2015 оқу жылы.
Ғұламалар тағылымы
Мақсаты:Абай өлеңдерін терең меңгеріп мәнерлеп айту; сахнада өздерін еркін сезініп, ойларын толық жеткізіп,әдеби тұрғыдан нақышына келтіріп сөйлеуге баулу,ынталандыру.
Құрал- жабдығы:бейнепроектор,музыка жазылған үнтаспа,слайдтар,костюмдер,кітап көрмесі,Абай суреті,музыкалық аспаптар.
Барысы.
Мұғалім: Қайырлы күн,қымбатты оқушылар және аяулы ұстаздар мен қонақтар!Бүгінгі Абайға арналған"Ғұламалар тағылымы"атты әдеби-тарихи кешімізге қош келдіңіздер!
"Өлмейтұғын артына сөз қалдырған"Абай мұрасын қастерлеу-халықтық болмыс-бітімімізді бейнелер бір парызымыз.Өзіңді-өзің танытудың тура жолы-қазіргі әлемдік ақпарат жүйесіне елдігіңді танытар ерендікпен еркін ену.
Абай әлем алдында төл әдебиетімізді мәдениетімізді лайықты көрсету міндет толық атқарады.
Абайды таныту арқылы біз әлемге Қазақстанды,қазақ халқын танытамыз.Абай әрқашан біздің ұлтымыз ұранымыз болуға тиіс.
Өмірбаяны. Абай Құнанбайұлы Семей өңіріндегі Шыңғыс тауының бөктерінде 1845 жылы дүниеге келген.Абайдың әкесі-Құнанбай,атасы-Өскенбай,арғы атасы-Ырғызбай.Аталарының барлығы ру ішінде беделді,билік жүргізген адамдар.Абай он жасқа жеткенде әкесі оны Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесіне оқуға береді.Сол уақыттағы барлық медреселер сияқты бұл да діни ілім беретін еді.Оқулар араб және парсы тілдерінде жүретін.Абай осы медреседе 3жыл оқиды.Медреседегі оқудан тыс Абай өз бетінше араб,парсы,шағатай тілдерінде жазылған ертегі дастан қиссаларды оқитын.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы,соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыспа кінә қойма,-деп
ақынның өзі айтқандай,соқпақсыз жерде өсіп,тар жол тайғақ өмір кешкен,өкініш пен жұбанышы көп,қайғысы мен қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде ел мұңдарын "асау жүрегінен" ағыта,шабытты жырғып төккен алып Абай өлеңдері-бүгінгі кешіміздің басты тақырыбы.Әрине-қазақ халқы-ақынын төрге оздырған халық.Әсем,байтақ,көрікті кең даламызды қазақ халқының жомарттығына берген жер.Тұлпар шапса тұяғы,сұңқар ұшса қанаты талатын ұлан-байтақ жеріміз Абай өлеңдерінде айқын суреттеледі.
Сахнада Абайдың өлеңдері оқылады.
Мұғалім: Алып Абай өлнңдерін бүгінгі кешімізде Жамбылдың мына бір өлең жолдарымен ұсынуды жөн көріп тұрмын.Жамбыл атамыз Абай суретіне қарап бірде былай деген екен:
"Мына тұрған Абайдың суреті ме,
Өлең сөздің ұатаған құдіретіне.
Ақыл, қайрат,білімді тең ұстаған
Өр Абайдың төтеген кім бетіне?"
Қазақ халқы -ақынын төрге оздырған халық деп бекер айтпаған.Табиғат-адам баласының еңбек етіп,өмір сүретін ортасы.Оны дүние жүзінің классик ақындары беріле жырлаған.
"Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
Жоқ-барды,ертегіні термек үшін"деп жырлаған Абай атамызға өз өлеңдерін арнап жазған оқушыларымыздың шығармашылығын назарларыңызға ұсынамыз.
(Оқушылар өздері шығарған өлеңдерін сахнада оқиды.)
1.Қабдолданов Әлішер:"Абай атама"арнауымен.
Көрініс:"Күй"(домбыра).
Мұғалім: Шіркін,Көкшкнің сұлулық табиғатына таң қалмаған жан бар ма екен!?Әлгі"Горные вершины спят во тьме ночной"дегенЛермонтовтың өлеңін өзімнің ана тіліме аударсам қайтеді.Иә,солай жасайын.
"Қараңғы түнде тау қалқып"өлеңі.
Қараңғы түнде тау қалқып,
Ұйқыға кетер балбырап.
Даланы жым-жырт дел сал- ғып,
Түн басады салбырап.
Шаң шығармас жол-дағы,
Сілкіне алмас жапырақ.
Тыншығарсың сен- дағы,
Сабыр қылсаң азырақ.
Мұғалім: Міне осылай Абай атамыз
Пушкиннің,Лермантовтың,Крыловтың шығармаларын қазақ тіліне аударып,қазақ тіліне бай екенін дәлелдеген.
"Көзімнің қарасы"әні.
Мұғалім:
"Туған елім-тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім менде бірге өсемін,
Өшсе тілім менде бірге өшемін!"деп ақын Әбділда Тәжібаев жырлағандай Абай өз елінің тілі,жері үшін жазған еңбектері қашан да қастерлі,құдіретті.Тәуелсңз еліміз үшін достықтың кілті,ынтымақмастық бастауы,ырыс-берекенің алды,ұлттың жаны,әрі ары.
Мұғалім:Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымыз,салт-санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр.Ұлттың болашағы ана тілдің дамуына,оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты.Сондықтан туған тілге,Отанға деген сүйіспеншілік сезіміміз бала кезден басталуы тиіс.
Мұғалім:Осымен бүгінгі ғұламалар Абай Құнанбайұлына арналған тарихи-әдеби шығармашылық кешіміз аяқталды.
Назарларыңзға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |