1. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы: Индустрияландыру барысы және оның отаршылдық мазмұнына қазақ қайраткерлерінің қарсылығы



бет1/5
Дата26.12.2021
өлшемі40,2 Kb.
#105944
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Насибуллина Дильназ Практикалық сабақ 4


1. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы: Индустрияландыру барысы және оның отаршылдық мазмұнына қазақ қайраткерлерінің қарсылығы.

1925-1933 жылдары Қазақ өлкесін революционер Ф.И. Голощекин басқарды. Ол Қазақстанда сталиндік бағытты жүргізіп, «Kiшi Қазан» идеясын жүзеге асырған басшы болды. Ф.И. Голощекинге қарсы оппозициялық бағытта Қазақ Республикасының мүддесін қорғау мақсатында күрес жүргізген қайраткерлер Тұрар Рысқұлов, Смағұл Садуақасов, Сәкен Сейфуллин, Сұлтанбек Қожанов, Жалау Мыңбаев және басқалары қуғын-сүргінге ұшырады. 1927 жылы желтоқсанда БКП(б) XV съезі болып, ол ұжымдастыруға бағыт алған съезд ретінде тарихқа енді. Съезд 1932 жылға дейінгі қысқа мерзімде жеке шаруа қожалықтарынан ұжымдық шаруашылық (колхоз) жүйесіне көшу туралы шешім қабылдады. Күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру саясатына қазақ қайраткерлерi қарсы шықты. Ә. Бөкейханов қазақтарды отырықшылыққа эволюциялық жолмен біртіндеп көшipy қажеттігін дәлелдеді. Ал М. Дулатов болса, өз ойын: «Қазақ халқы көшкілepi келгеннен кейін көшіп-қонып жүрген жоқ, табиғат жағдайына байланысты көшіп жүр», - деп ашына білдірді. С. Садуақасов бұл жөнінде: «Өркениет ешқашан мал шаруашылығымен айналысуға тыйым салмайды, Kepiciншe, оның өркендеуіне жол ашады», - деп атап көрсетті. КСРО Бүкілодақтық Атқару Комитетінің сессиясында сөйлеген Т.Рысқұлов қазақтар үшін жекеменшік мал басын алты-жетіден асырмау саясатының үлкен зардаптарға әкеп соғатынын қатты ескертті.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет