4.Тәуелсіз Қазақстандағы демократиялық және рухани жаңарулар Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру және жаңарту. Қазақтардың тұңғыш дүниежүзілік құрылтайы. Азаматтық қоғамның және оның саяси және қоғамдық институттарының дамуы. Қазақстан халқының форумы. ҚР-ндағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар. Саяси партиялар мен Қазақстанның партиялық жүйесі. «Нұр Отан» ХДП - жетекші әлеуметтік-саяси күш ретінде. ҚР-ның саяси партиялар туралы Заңы және оның маңызы. «Қазақстан – 2050» стратегиясы мен «Нұр Отан». «Нұрлы болашақжолында» атты Саяси доктрина - «Нұр Отан» партиясыныңкөшбасшылығының кешенді бағдарламасы».Демократиялық үрдістің дамуы. Парламентке сайлаудың пропорционалды жүйесін енгізу, партиялық тізім бойынша сайлаудың нәтижелері. Үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, азаматтық қоғам институттарының дамуы. І-ші Азаматтық форум және оның маңызы. ҚР жастар саясаты және рухани жаңғыру бағыты Жастар істері бойынша саясаттың негізгі бағыттары. «Нұр Отанның» жастар қанатының қызметі. Жастарды патриоттық және интернационалдық рухта тәрбиелеу. 2004 жылғы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңы. Жастардың рухани, мәдени, бiлiм алуы, кәсiби қалыптасуы мен дене тәрбиесiн дамытуы үшiн әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепiлдіктер жасау, бүкiл қоғам мүддесi үшiн олардың шығармашылық әлеуетiн ашу. ҚР-ның жастар саясаты туралы «Қазақстан – 2020» даму бағдарламасы. Қазақстанда жаңа конфессионалдық шындықтың қалыптасуы. Дін тұту бостандығының заңмен қамтамасыз етілуі және Қазақстандағы конфессияаралық келісім. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы (ҚМДБ). Астанадағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 2003 ж. 1-ші съезі, 2006 ж. 12-13 қыркүйектегі ІІ съезі, 2009 ж. 1-2 шілдедегі ІІІ съезі. Қауіпсіздік мәселелері контексіндегі Қазақстанның конфессионалдық саясаты.
5. Ұлы дала еліндегі жаңа тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру саясаты. Отандық тарих ғылымы еліміздің тəуелсіздігімен бірге келген терең түбегейлі өзгерістер мен жаңаруларды басынан өткеруде. Оның басты көрінісі — тарих ғылымының бұрынғы идеологиялық қыспақтан арылып, төл тарихты зерттеуге бет бұрған дер едік. Ұлттық тарих тұтас ұлттық таным, төл рухани құндылықтар контексінде қарастырыла бастады. Елбасы əртүрлі-деңгейде сөйлеген сөзінде, оннан астам жарияланған еңбектерінде Тəуелсіз Қазақстанның өмір шындығына сай жаңа тарихын жазуға жəне сол арқылы халқымыздың жаңа тарихи санасын қалыптастыру ісіне басты назар аударуда. Ол өткен тарихын білмеген, өзінің ұлттық қасиет терінен айырылған халық қасіретке ұшырайтындығы туралы, өзінің жақсысы мен жайсаңын сыйламайтын адам басқаларға құрмет бола алмайтындығы жөнін-де те рең тұжырымдар жасады. Төл тарихымызды танып-білудің үш құрамдас бөліктен құралатын кешенді бағыты төмендегідей: Бірінші бағыт — Қазақстан тарихының əртүрлі-деңгейдегі оқу орындарындағы оқыту дəрежесін үнемі жетілдіріп отыру. Екінші бағыт — Отандық тарихты қолда бар құралдарды, мүмкіндіктерді пайдалана отырып, халық арасында кең насихаттау. Үшінші бағыт — Қазақстан тарихының тереңдей зерттелуі. Мəселен, 1999 жылы жарық көрген «Национальные истории в советском и постсоветских государствах» атты еңбекті атауға болады. Бұл маңызды құжатта тəуелсіздік жағдайында еліміздегі тарихи сананың қалыптасу жағдайы, тарих ғылымының алда тұрған мəселелері тарихи білім мен, ағарту ісінің келешегі айқындалды. Қазақстан тарихы пəнінің тарихи сананы қалыптастырудағы негізгі бағыттары: 1. Болашақ жас маман ретінде студенттердің жеке дамуын бақылау, оның еркін дамып, қабілеттерінің ашылуына тиімді жағдай жасау. 2. Студенттердің Отан тарихына деген ынтасы, қабілетін зерттеу, бағдар беру. 3. Ұлттық санасын қалыптастыра отырып, өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік жасау. 4. Өзіндік ғылыми ізденістеріне бағыт беру. 5. Білім беру, жан-жақты дамыту, тəрбиелеудің бір тұтастығын қалыптастыру. «Ұлттық сананы қалыптастыру үшін Ұлы Дала тарихын ұрпақ санасына тірілту керек», сонда ғана біз мақсатымызға жетеміз. 6. Қазақ хандығының 550жылдығын тойлаудың тарихи маңызы. Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы . Қазақ хандығының 550 жылдығы – ата-тарихымыздағы айтулы дата. «Ата-тарих» деген жақсы ұғым келді ғой. Шынында да, бізге өз тарихымызды білу – тек өткенімізден хабардар болу үшін емес, болашағымызға айқын бір ұстаныммен қадам басу үшін де өте маңызды. Бұл той біздің патриоттық рухымызды өрістетті. Ғалымдар да, тарихшы-жазушылар да Қазақ хандығына жаңаша көзқараспен қарайтын болды. Оны Тәуелсіздігімізбен байланыстырып қарайтын болды. Өйткені сол кездегі хандарымыздың да, халқымыздың да арманы – Тәуелсіз ел болу еді. Бұл тойдың тағылымы – жүрегі «қазақ» деп соғатын қазақстандықтарға бізді біріктіретін бір тіл, бір дін екенін ұғындыру.550 жылдықтың, әсіресе, Қазақ хандығының алғаш құрылған кезіндегі идея, құрылғаннан кейін күшею, гүлдену кезіндегі идея, стратегиялық-тактикалық іс-қимылдар, оның тарих сахнасынан жойыла жаздауы, шабуылға ұшырауы, отарлануы тұстарында көптеген тарихи ащы сабақтар, жинақтауға тиісті тәжірибелер бар. Мен ойлаймын, біздің ұрпақ алдыменен осы тарихтың сабағын жақсырақ игеруі керек деп. Сол негізде бүгінгі той тек ойнап-күліп, қуану ғана емес, елді Мәңгілік елге айналдыру үшін патриоттық рух көтерілуі керек, сана көтерілуі керек. Тарих деген сол ұлттың өткені арқылы, оның жалғасуы арқылы елді мәңгілікке айналдырады. Сондықтан, мәңгілік елге ұмтылудың алдында осы тарихтан сабақ алып, патриоттық рухты көтеру керек.