Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы



Дата15.09.2017
өлшемі47 Kb.
#32546
Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

№22 «Ақбұлақ» балабақшасы МКҚК

Б А Я Н Д А М А

Тақырыбы: «Мектепке дейінгі мекемеде үштілділікті

қолдау жолдары»

Дайындаған:

тәрбиешісі Шамшетова Перида

Тақырыбы «Мектепке дейінгі мекемеде үштілділікті

қолдау жолдары»

«Тілдердің үштілділігі», яғни тілдердің үштік бірлігі жөнінде Президент Н.Ә.Назарбаев әр түрлі ресми жиындарда сөйлеген сөздерінде үнемі еске салып келеді. Бұл идея алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халықтары ассамблеясының ХІІ сессиясында айтылған болатын. Сонда Елбасы ең кемі үш тілді білу біздің балаларымыздың болашағы үшін маңызды екенін атап өткен еді.

2007 жылғы «Жаңа Қазақстан жаңа әлемде» атты Жолдауында Нұрсұлтан Әбішұлы «Тілдердің үштілділігі» мәдени жобасын кезең-кезеңімен жүзеге асыру туралы ұсыным жасады. Жолдауда бұл Қазақстан халықтарының рухани дамуымен қатар ішкі саясаттың дербес бағыты ретінде көрсеттіі. «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі», - деді президент.

«Үштілділік», яғни тілдердің үштік бірлік идеясы, басқа сөзбен айтқан кезде, мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз деген қарапайым да, түсінікті формулаға сыяды.

Үштік бірлік туралы идея жәй ғана әдемі сөз, тіл саясатының жаңа форматы емес, ол өмірлік қажеттіліктен туындап отырған нәрсе. Қазір қай ел ойлы экономиканы бетке алса, әлемге ашық болса, сол ел нәтижелі дамып жатыр. Бұл салаларды табыс пен жаңа таным-білімге әлемдегі ең көп қолданылатын тілдерді игеру арқылы қол жеткізіледі.

2012 жылдың 27 қаңтарда «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту –Қазақстан дамуының басты бағыты» - атты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауындағы» «Тілдерді дамыту» бөлімінде көп ұлттылық пен көп тілділікті біздің еліміздің басты артықшылығы ретінде атаған болатын.

Осылайша, Қазақстан, өз азаматтарының үш тілді меңгеруін бағдар етіп отыр. Ол бүгінгі уақыт талабы. Үш тілдің бірлігі елдің бәсекеге қабілеттілігін танытпақ. Лингвистикалық байлық қуатты әлеуметтік-психологиялық өзгерістер әкелетін болады. Үш тілді еркін меңгерген азаматтар елдің өз ішінде де, шет елдерде де бәсекеге қабілетті болмақ. Басқаша айтқанда бізде өте прагматикалық идеямен, яғни өмірлік қажеттіліктен туындаған және ел мүддесін көздейтін идеямен жұмыс жүргізіледі.

Көп ұлт өкілдері тұратын Қазақстанда ұсынылып отырған тілдердің үштік бірлігі қоғамдық келісімді нығайту факторы болып табылды. Бұл орайда айта кететін жәйт, үш тілге баса назар аудару Қазақстан халқының өзге тілдерін елемеу деген сөз емес. Мәдениет пен тілдің алуан түрлілігі – Қазақстанның ұлттық игілігі.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ мемлекет бүкіл посткеңестік кеңістіктің бәрінде ең либералды тіл саясатын жүргізіп келеді. Бұл Қазақстан халқының мүддесімен орнықты үйлесім тапқан. Ол іс жүзінде елдегі барлық этностардың тілдік құқықтарын сақтауды, азаматтардың қарым-қатынас, тәрбие, оқып-үйрену, творчество тілін таңдап алуын қамтамасыз етеді. Шын мәнінде біздің елімізде барлық этностардың мәдениеті мен тілін дамытудың бірегей формуласы жасалған. Біз оны мақтаныш тұтуымыз керек. Мұнымен қатар мемлекеттік маңызы бар, патриотизммен байланысты - мемлекеттік тіл мәселесін де естен шығаруға болмайды. Бұл әлемдік тәжірибелер көрсетіп отырған жәйт.

Елбасы Қазақстан халықтары ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік тіл – Бұл Отан бастау алатын ту, елтаңба, әнұран секілді дәл сондай нышан. Және ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс» деп атап өтті. Тілдердің үштұғырлылығы – елді, оның әлеуметін одан әрі нығайтуға бағытталған концепция. Шындығына келгенде ұлттық идеологияның бір бөлігі болып табылады. Ол Қазақстанның алдыңғы елдер қатарына көтеріліп, қалыптасуына, бәсекелестік қабілетін дамытуына бағытталған.

Осы концепцияға байланысты бізде тілдердің үштілділігі жөнінде бағдарлама қабылданып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс жүргізу жоспарлары әзірленді. Оларды жасауға оқытушылар белсенді түрде атсалысып келді.

5 қыркүйек 2012 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев университетте оқыған лекциясында былай деген болатын «Мектепке дейінгі білім жүйесі бойынша үш тілді білім беруді біртіндеп енгізу қажет. Осылайша біз білім берудің дұрыс жүйесін қалыптастыра аламыз: бастапқы деңгей балабақшадан, мектепте базалық, университет пен колледжде –мамандық бойынша кәсіби тілді енгізуміз керек»-деген болатын.

Үш тілділікті мынандай жолдармен қолдаймын:

1.Әрбір педагог балабақшаішілік, қалалық, облыстық семинарлар ұйымдастыруға қатысу керек.

2.Әрбір педаг көп тілділік туралы біліктілігін көтеру керек.

3.Шығармашылықпен жұмыс жасауға ынталану керек.

Осыған орай біздің балабақшада үш тілділікті қолдау мақсатында №6 естиярлар тобын үштілділікпен жұмыс жасайтын эксперимент тобы ретінде жұмыс жасатқызып келеміз. Балабақшаның жоғарғы №6,№7,№8,№9,№10,№11,№12 топтарында қазақ , орыс, ағылшын тілдері жүргізіледі. Барлық жоғарғы топ тәрбиешілері барлық білім салалары бойынша ағылшын, орыс тілі мамандарымен байланыс жасап балалардың сол тілдерде тіл байлығын дамытуда жұмыстанып келеді. Біздің балабақшада балалардың ана тілге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, сонымен қатар орыс, ағылшын тілдерін жетік білуге баули отырып, есте сақтау, мәнерлеп оқу, әдемі сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, «Отбасында үштілділік тәрбие беру» атты ата-аналармен сауалнамалар өткізілді, тілдерді меңгеру мақсатында кеңестер оқылды, ағылшын тілі. орыс тілі мамандары мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған бағдарламалар құрастыруда.

Сонымен бірге №6 естиярлар тобында қосымша осы үштілділікке байланысты жоспар жасақталды. Қазақ тілді педагогтарды осы мәселеге тартуда мектепке дейінгі балаларға арналған «Ағылшынша-қазақша экологиялық сөздік, «Ағылшынша үйренеміз»-Алматы кітап баспасы шығарған әліппе. Жалпы қазақша-орысша сөздіктер, «Балалар әлемі энциклопедиясын пайдаланудамыз.

Жұмысын жаңа бастаған тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсетілуде. Балабақша үштілділікті 2009 жылы 22 желтоқсан айында «Мектепке дейінгі балаларды рухани адамгершілік құндылықтарға баулудың маңызы» тақырыбында облыстық семинардың «өзін-өзі тану» пәнінен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Д.Жапарова «Вежливые слова» тақырыбында үш тілді жолмен дәрісті өте жоғарғы деңгеймен өткізген болатын. Бұл іс –шараға облыстың барлық қала, аудандарынан 62 педагог маман келген болатын. Одан беріде жылма –жыл топтарда сол бірнеше тілді қолдану мақсатында тәжірибелі педагогтарымыз А.Нығметова, Ш.Аганиязова, С.Даришева, А.Қозыбаевалар осы бірнеше тілді сөздік жұмыс арқылы жаңа тақырыпты үйретуде қолданып келеді.



Қортындылай келе былай дегім келеді: «Біз бірнеше тілді меңгерту арқылы жас ұрпақтың коммуникациялық және таным – білім қабілетін кеңейтеміз, оқу орындарын әлемдік білім порталына шығарады деп сенемін».

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет