4-бөлім. Әдеби тіл нормалары ис-11, №12 сабақ. Тілдік жүйе және норма. Тілдік норма-әдеби тілдің ең маңызды элементі



Дата22.04.2020
өлшемі31,99 Kb.
#64249
түріСабақ
Байланысты:
541aa068-ea30-4123-a143-9ba28c0bbfb0


4-бөлім. Әдеби тіл нормалары

ИС-11, №12 сабақ. Тілдік жүйе және норма. Тілдік норма-әдеби тілдің ең маңызды элементі
Сөйлемдегі сөздердің тіркесуі, қиылысуының тілдік жүйесі бар. Тілдік жүйе – тілдік норманың арқауы. Тілдік жүйе, дағды, норма ұғымдарының байланысын төмендегідей мысалмен түсіндіре кетсек.

Қазақ тілінің сөз жасау жүйесінде –ла, -ле (-да, -де, -та, -те) өнімді қосымшалар есім сөзден етістік тудырады.

Бірақ осы жұрнақты кез келген сөзге жалғай алмаймыз. Ол сөз жасау жүйесіне қайшы болғанмен, дағдымызда жоқ.

Ендігі сөз тілдік нормаға кеп тіреледі. Тілдік норма тілдік дағдыда бар, қалыптасқан дәстүрлі қолданыста ғана бекітеді.

Мысалы: тоқпақ-та, құжат-та, қол-да, лау-ла, моншақ-та, үтік-те т.б.

Мысалы: мұрын-да, кітап-та, кірпік-те, жүрек-те, т.б. мағынасыз етістіктер біздің қолдану дағдымызда орын алмаған.

Мұрында, кітапта, кірпікте, жүректе деген етістіктер жоқ. Бірақ тілдік нормада жатыс септіктегі зат есімдер ретінде қолданыс тапқан.


Тілдік норма дегеніміз – тілдік таңбалардың (сөз, қосымша, сөйлем), тілдік амал-тәсілдердің қолданыстағы бірізділігі мен реттілігі, белгілі бір тілдік ұжымның дұрыс деп таныған жүйесі.

Әдеби тілдің заңдастырылған нормасы – сөзді дұрыс қолданудың , грамматикалық амал-тәсілдерді дұрыс пайдаланудың көпшілік таныған, тіл тәжірибесінде сыннан өткен қағидалары. Тілдік норма – әдеби тіл туралы ұғымның ең бір өзекті элементі. Тілдік норма, алдымен, тілдік жүйемен салыстырыла қарастырылады.Мен оқыдым, сен жаздың, ол үйге барды тәрізді құрылымдардың жақтық мағыналарын өзгеше қиыстырып айтуға болмайды. Затты тәуелдеп айтып көріңіз: менің кітабым, сенің кітабың, оның кітабы.

Ережені еске түсірейік!

Екі немесе одан да көп сөздің тіркесуі арқылы жасалатын, құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға келмейтін, бәрі тұтасып бір мағынаға ие болатын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын тіркестер – тұрақты тіркестер – фразеологизм деп аталады. Мысалы, Екі иығына екі кісі мінгендей деген тұрақты сөз тіркесі денелі, тұлғалы, иықты деген бір ғана мағынаны білдірсе, Аяғы-аяғына жұқпады тұрақты тіркесі шапшаң, тез жүрді деген ұғымда қолданылып тұр.
І. Тапсырмалар

1-тапсырма. Фразеологиялық тіркестердің  синонимін тауып дұрыс орналастырыңдар:



1.Ереуіл атқа ер салды           

а) сұлулыққа тән балама теңеу;

2.Жібектей есілген                  

ә) жаугершілікте елін қорғауға аттанды;

3.Жігіт ағасы болды                  

б) кекете күлді;

4.Аршын төс                               

в) мінезі биязы, жақсы қылықты;

5.Құралай көз                             

г) шыдамдылық, арты жақсылық, игілік.

6.Мырс етті                             

ғ) есейді, орта жасқа келді.

7.Сабыр түбі-сары алтын          

д) сүйкімді, әдемі көз;


2-тапсырма.Кесте ішіндегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып фразеологиялық тізбек құраңыз.

Қас

ашып

арқасы

пен

Жұмғанша

Қас

арасында

қағымда

Қабақтың

 

қас

көзді

көздің

қаққанша

қиянда

Ит

ІІ. Талдау жұмысы

1-тапсырма.Морфологиялық талдау жасаңдар

Қазақстандағы 100 жаңа есім ақылымен, қолымен, дарынымен заманды Қазақстанды жасап жатқан адамдарды қоғамға танытады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет