1 ХІХ ғасырдың І жартысындағы Ресей өкіметінің отаршылдық саясатына байланысты Қазақстанның экономикалық жағдайының өзгеруі



Дата07.02.2022
өлшемі59,65 Kb.
#82109
Байланысты:
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ ағартушыларының қоғамдық-саяси көзқарастары
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ ағартушыла, ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ ағартушыла, Жастар әлеуметі курстық жұмыс, Силлабус зерттеудің физикалық әдістері 112, 12 практика

Мазмұны:

І Кіріспе...................................................................................................................3


1 ХІХ ғасырдың І жартысындағы Ресей өкіметінің отаршылдық саясатына байланысты Қазақстанның экономикалық жағдайының өзгеруі........................4

    1. Ресейдегі саяси және құқықтық ілімдер..........................................................4

2 ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ ағартушыларының қоғамдық – саяси көзқарастары..................................................................................................7
2.1 Ағартушы ғалым Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың өмір жолы..............7 2.2 Қазақстан баспасөзі бірінші орыс революциясы кезеңінде.......................15
2.3 Қазақ баспасөзін дамытудағы Ресей баспасөзінің әсері.............................20
ІІІ Қорытынды.......................................................................................................25
ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................26

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: ХІХ ғасырдағы қазақ халқының болашақ тағдырын орыс мәдениетімен бірлікте алып, қараған Шоқан, Ыбырай, Абай секілді ұлы ағартушы демократтар тарихымызда өшпестей із қалдырды. Олар көп салалы мәдениеттің барлық сбаласын дамытуға үлес қосты. Оның үстіне олардың әрқайсысының мәдениетте түбегейлі айналысқан, белгілі бір бағыттары болды. Осы қызметіне қарап халық Шоқанды - ғылымды дамытушы Ыбырайды – оқу ағарту ісін дамытушы, ол мәдениет пен білімнен артта қалған ел – жұртын көрші елдің өнер – білімін, техникасын игеруге шақырып қана қоймай, сол игі істі тікелей жүзеге асыруға да өлшеусіз үлес қосты. Қазақ даласында, тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті, негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапқа сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды.


Абай да патшалық дара биліктен орыс халқын айыра білді. Орыс-қазақ еңбекшілерінің достығын уағыздаған Абай ұлы халықтық тілін, мәдениетін үйренуге шақырды.
Абай әндері, өлеңдері қазақ даласына кең тарады. Алайда бай рулық-патриархалдық топтар Абайға оның туыстарын қарсы қоюға әрекеттенді. Ұлы ойшылды күндеп, ақындық шабытын уландыруға тырысты. Білімді де талантты Әбдірахманның, одан кейін сүйікті баласы Мағауияның аурудан дүние салуы Абайды науқасқа шалдықтырды. 1904 жылы ұлы ақын қайтыс болды. Тамаша "Ғаклияның"— нақыл сөздердің авторы Абай Құнанбайұлы өз заманының ұлы кемеңгері еді. Абай шығармаларының терең, ойлы мазмұны — ұрпақтарға қалған өшпес мұра.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Курстық жұмыстың негізгі мақсаты ХІХ ғ. кезеніндегі саяси ойларды, оның мәдениетін егжей-тегжейлі зерттеу.Осыған орай мынадай міндеттер орындалады.
-ХІХ ғасырдың І жартысындағы Ресей өкіметінің отаршылдық саясатына байланысты Қазақстанның экономикалық жағдайының өзгеруі;
-Ресейдегі саяси және құқықтық ілімдер;
-ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ ағартушыларының қоғамдық – саяси көзқарастары;
-Ағартушы ғалым Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың өмір жолын қарастыру;
-Қазақстан баспасөзі бірінші орыс революциясы кезеңінде;
-Қазақ баспасөзін дамытудағы Ресей баспасөзінің әсерін талда ;
Міне, осы секілді сұрақтарға дерек көздерін пайдалана отырып жауап беру курстық жұмысының міндеті болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ХІХ ғасырдың І жартысындағы Ресей өкіметінің отаршылдық саясатына байланысты Қазақстанның экономикалық жағдайының өзгеруі.

    1. Ресейдегі саяси және құқықтық ілімдер.

Қарастырылып отырған кезеңде феодализм ыдырай түсті. Орыс самодер-жавиесінің саяси бағыты реакциядан либерализмге дейін өзгеріп отырды. Көптеген либералдық реформалардың жобалары жасалды. Дворяндардың басым көпшілігі заңдармен шектелмеген самодержавиені және крепостниктік правоны сақтап қалуды жақтады. Бұл Карамзиннің саяси идеоло¬гиясында анық көрінді. Осы тұста декабристердің де тарих аренасына шыққандығы белгілі.
Александр I патшаның статус-секретары болған Михаил Михаилович Сперанский (1772-1839) революцияны болдырмау үшін самодержавиеге конституциялық монархия түрін енгізуді ұсынды. Оның ішкі және сыртқы саясаттағы көзқарасы помещиктердің наразылығын туғызды. Сперанскийдің басқа¬руымен Ресей империясының 45 томдық заңдар жинағы шықты. Онда сенатта үш тармақ: заң шығару, орындаушы, соттық деп көрсетіліп, мемлекеттік Совет, мемлекеттік Дума құру ұсынылды. Азаматтардың азаматтық және саяси құқықтарының болуы көрсетілді. Жоғарғы мемлекеттік қызметті тек дворяндар ғана алуы мүмкін. Төменгілердің саяси құқығы болмайды. Ол крепостниктік құқықты жоюды әлденеше рет айтқан. Бірақ помещиктердің жерінің сақталуы көрсетілген. Ресей үшін самодержавиелік шексіз билік бірден-бір қажетті дейді.[1]
Анархо-синдикализм. Париж коммунасы жеңілгеннен кейін әр түрлі сектанттар, реформистер, анархистер, әсіресе Бакунин шабуылға шықты. Мемлекетті жою керек деген бакунизмнің субъективистік-идеалистік докторинасына Маркс пен Энгельс қарсы шықты. Бакуниннің анархистік көзқарасы Прудонның ықпалымен қалыптасты. Бакуниннің түсінігі бойынша тарих – адамзаттың «жануарлар дүниесінен» «бостандық дүниесіне» эволюциялық жолмен көшу процесі. Зұлымдықтың барлығы мемлекеттен деп қате түсініп, мемлекеттік құрылысқа, пролетариат диктатурасына қарсы шықты. Бакунин әлеуметтік революцияны қиялдай отырып, оның мазмұнын, жұмысшы табының тарихи міндетін түсіне алмады. Ол бар үмітін шаруаға, қаланың жартылай проле¬тариаты мен люмпен-пролетариатына артты.
Петр Алексеевич Кропоткин (1842-1921) – князь, революционер, анархист, географ, ғалым болған адам. «Біз болашақ құрылыстың мұратын қарастыруға тиістіміз бе?», «Революциялық насихат бағдарламасы» деген еңбектер жазып, өзінің анархистік көзқарасын баяндады. Оның ықпалымен Ресейде анархистік топтар құрылды. Бірінші орыс революциясы жыл¬дарында «Анархия, оның философиясы, оның идеалы», «Анархия және оның социалистік революциядағы орны» деген еңбектерін жазды. Қазан төңкерісінен кейін Ресейде «таптарды татуластыру» идеясын насихаттады. Қанаушыларға қарсы
күрес – прогрессивтік, бірақ ол өкімет билігі үшін күреске айналмауы тиіс, өйткені әрбір өкімет, тіпті революцияшыл диктатураның өзі де зорлықтың, деспотизмнің құралына айна¬лады деп есептеді. Болашақ қоғам өзара көмек пен ынтымаққа негізделген ерікті федерациялық одақтар болуға тиіс. «Өкіметсіз социализм» жолындағы революциялық күрес туралы утопиялық идеясы да бар. Кропоткин «Ұлы Француз революциясы» атты еңбегінде революция эволюциямен алмасады деген пікірін қоғам дамуының ортақ заңдылығы деп ұсынды. Революция орындай алмағандарды эволюция жүзеге асырады деді.[6]
Ресейде революциялық демократизм идеяларының таралуына Александр Иванович Герцен (1812-1870) көп әсер етті. «Ғылымдағы дилетантизм», «Табиғатты зерттеу жөніндегі хаттар», «Коперниктің күн системасы», «Адамның табиғаттағы алатын орны» деген еңбектерінде адам мен табиғаттың, материя мен сананың, эмпирия (тәжірибе) мен ақыл-ой бірлігінің мәнін түсіндіруге тырысады. Ол Гегель диалектикасын «революцияның алгебрасы» деп, адамзаттың антогонизмсіз қоғам орнату мақсатында дамуын заңды деп дәлелдемек болды. Герцен келешекте ақыл-ойдың құдіретімен тарихтың ең қажетті кезеңдері антикаға тән табиғатқа табыну, реализм жеке адамның тәуелсіздігі, рухани бостандық принциптері жүзеге асады деп үміттенді. Осы принциптерді социализм мұраттарымен барабар деп санады. Герцен тарихи дамудың заңдылығы адамзат қоғамының ішкі қайшылықтарынан, билеп төстеушілер мен езілген таптардың арасындағы күрестен туады деп білді. Капиталистік құрылысты өткір сынады, буржуазиялық либерализмді әшкереледі. Әдебиет самодержавиеге қарсы күреске шақыратын қуатты құрал деді. Езілген халықтарға көңіл бөлді. Есет Көтібаровтың көтерілісін жазалаған патша өкіметін айыптады. «Өткендер мен ойлар» шығармасы – Ресей мен Батыс Еуропадағы қоғамдық өмір мен революциялық күрестің шежіресі, орыстың қоғамдық ой-пікірлеріндегі идеялық ізденістің тамаша ескерткіші.
Николай Гаврилович Чернышевский (1828-1889) – револю¬ционер-демократ, социалист-утопист. Елдегі патшалыққа, феодалдық-буржуазиялық қоғамға қарсы революциялық-социалистік идеяларға сенімді болды. Революциялық Ресейдің танымал көсемі революциялық ұйым құру идеясын «Өзгерістердің басы емес пе?» деген мақаласында насихаттады. Басыбайлылық пен патшалық тәртіпке қарсы революциялық күреске берілді. Шаруалар революция арқылы Ресейде социалистік қоғамдық қатынастарға апаратын жолға түседі деп сенді. «Философиядағы антропологиялық принцип» деген еңбегінде адамның тума қабілетін, білімін жоғары бағаласа, «Даналық теориясында» ағартушылық рациона-лизмге бой ұрады. Көркемөнердің шын мақсаты адамды азат етуге бағытталуы керек деген жаңа эстетикалық теория жасады. «Не істеу керек?» атты романы соның кепілі.
«Пролог» романы да қоғамды революция арқылы қайта құру проблема¬сына, «жаңа адамдарға» арналған. Чернышевскийдің еңбектері Ресейде марксизм-ленинизм идеяларының қанат жаюына негіз қалады.[5]
Революцияшыл-халықшыл Петр Лаврович Лавров (1823-1900) «Тарихи хаттар» деген еңбегінде тарихты оқыған, интеллигент адамдар дамытады деп тұжырымдады. Орыс қоғамын қайта құру адамдардың күшімен жасалатындығын айтты. Орыс революционерлерінің мақсаты шаруалардың әлеуметтік революция жасауға жеткізу деп білді. Ол үшін «ғылыми социологиялық ойды дамыту, халыққа социалистік идеяларды насихаттау керек, партия құру керек» деген пікірлер айтты. Лавров «Болашақ қоғамдағы мемлекеттік элемент», «1871 жылғы 18 наурыздағы Париж Коммунасы» деген еңбектерінде бұрынғы анархизмнің орнына революция¬лық диктатураның қажеттігін меңзеді. Ол Париж Коммунасын социалистік мемлекеттің үлгісі деп сипаттады.
Петр Никитич Ткачев (1844-1885) социализмге бөгет бо¬лушы самодержавие, орыс мемлекетінің өмір сүріп отырған құрылыспен байланысы жоқ, тезірек революция жасау керек деген ойларды айтты. Революциялық азшылық шешуші рөл атқарады деп есептеді.

2 ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ ағартушыларының қоғамдық – саяси көзқарастары.


2.1 Ағартушы ғалым Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың өмір жолы.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835 —1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен.
Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында (қыстауында) атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып өзгертілді. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлық ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы ата жайлауда өткен. Әжесі Айғаным тұратын Сырымбеттегі хан ордасында да балдәурен күндерін өткізген.«Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, Күнтимес ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде хат таныған Шоқан сол мектепте ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады.Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды. Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды.
Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады. Оның арғы бабасы Абылай хан XVII ғасырдағы айбынды қазақ билеушілерінің бірі болды. Ал атасы Уәли хан патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы еді. Шоқанның әкесі - Шыңғыс Уәлиханов білімді адам болған. Ол 1834 жылы Омбыда Сібірдің казак әскери училищесін бітіріп, орыс армиясында жоғары әскери шен - полковник атағын алды және Қазақстанды басқару аппаратында бірсыпыра жауапты қызметтер атқарды: Құсмұрын округінің аға сұлтаны, Сібір қырғыздарының облыстық басқармасының кеңесшісі, Көкшетау округінің аға сұлтаны болды. Россияның алдында сіңірген еңбегі үшін оған өмірлік мұра ретінде дворян атағы берілді. Шоқаннын анасы жағынан туыс нағашылары — Баянауыл өлкесіндегі атақты Шормановтар әулеті болатын. Шорманов Мұса орыс армиясының полковнигі, белгілі қазақ биі, Баянауыл сыртқы округының аға сұлтаны еді.[15]
Шоқан Уәлиханов 1853 жылы кадет корпусын бітіріп, Омбыда әскери қызметке қалады. Ол Сібір қазақ-орыс әскерінің 6-атты әскер полкына офицер болып тағайындалады, іс жүзінде Батыс Сібір мен Қазақстанның Солтүстік-Батыс аймағының генерал-губернаторы Г.X.Гасфорттың адъютанты қызметіне белгіленеді. Сондай-ақ, Батыс Сібір өлкесінің Бас басқармасы оған айырықша тапсырмаларды орындайтын офицер ретінде қарады. Қызметі барысында Шоқан Уәлиханов патша өкіметінің отаршылдық саясаты туғызған әділетсіздіктерді жете танып, қарсы батыл пікірлер білдіруге тырысты. Осы қызметтерді атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен географиясын зерттеуге белсене араласты. Омбыдан кетуді, өзінің туған халқына пайдасы тиетін істермен шұғылдануды армандағанын өзінің достары Ф.М.Достоевскийге, Қ.Қ.Гутковскийге жазған хаттарынан анық көруге болады. 1855 жылы Шоқан Уәлиханов Омбыдан Семей, Аякөз, Қапал арқылы, Іле Алатауынан өтіп, Жоңғар қақпасына дейін келеді, қайтарда Алакөл, Тарбағатай жерлерін аралайды. Орталық Қазақстан-Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау арқылы Омбыға оралады. Бұл сапарда ол қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында көптеген материалдар жинайды. Сонымен бірге өзі болған аймақтардың тарихы, ескі қалалардың орны, шың-тастарағы жазу, белгілерін, көне ескерткіштер, аңыз-әңгімелер, ертегілер мен өлеңдерді жазып алады. Осы материалдардың негізінде "Тәңірі", "Қазақтардағы шамандықтың қалдығы" сияқты еңбектер жазады. 1856 жылы Шоқан полковник М.М.Хоментовский басқарған әскери-ғылыми экспедицияға қатысады. Қырғыз елін жете зерттеуге, Ыстықкөл аймағының картасын түсіруге тиіс болған бұл экспедияцияға қатысу Шоқанның зерттеу жұмысын ойдағыдай жүргізуіне мүмкіндіктер туғызады. Ыстықкөлге, Қытай империясының Құлжа қаласына саяхаты және 1856-1857 жылдары Жетісу, Тянь-Шань сапарларында П.П.Семенов-Тянь-Шанскиймен бірге болуы, Кырғыз Алатауына екінші рет сапарының нәтижелері оның "Жоңғария
очерктері", "Қырғыздар туралы жазбалар", "Ыстық көл сапарының күнделіктері", "Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы" атты еңбектерін жазуға септігін тигізеді. Шоқан тарихи маңызы бар шығармаларға айырықша назар аударды. Мәселен, ол қырғыз халқының "Манас", "Семетей" туралы дастандарының біраз тарауын тұңғыш орыс тіліне аударып, оған ғылыми тұрғыдан толық тарихи және әдеби талдаулар жасады. Бірінші рет баспаға ұсынды. Көлемі жағынан, оқиға құру, адам образдарын бейнелеу жағынан әлемдік әдебиеттің озық үлгілерімен теңдес, аса құнды туынды ретінде бағалаған. "Манас" – қырғыздардың ескі мифтерінен, аңыздарынан, ертегілерінен жиналып, бір адам Манастың төңірегінде топталған энциклопедия. Бұл жағынан, ол "Илиада" тәрізді. Бұл аса зор эпопеяда қырғыз халқының өмірі, діні дәрігерлік ұғымдары шетелдермен қарым-қатынасы түгел қамтылған. Екінші эпос – "Семетей" – "Манастың" жалғасы. Бұл қырғыздың "Одиссеясы", – деп көрсетеді Шоқан. Шоқан әдебиет, оның теориясы мәселелері жөнінде сол кездің өзінде-ақ, көптеген тың пікірлер, тұжырымдар жасап, өз халқының тіршілігі мен мәдени дамуының жағдайларына лайық дамытады. Сондай-ақ, әр халықтың әдебиетін оның қоғамдық, әлеуметтік өмірімен тығыз байланыста қарастырады. Қазақ поэзиясының халықтық сипаттары жайлы тың ой-пікір білдіреді. Халықтың рухани серігі болған поэзия туралы ол: "Бұл халықтың ертеден өзіне тән тұрмысында есте қалдырмаған бірде-бір маңызды оқиғасы, бірде-бір тамаша адамы жоқ деуге болады. Олардың бірін суырыпсалма ақындар не жыршылар жыр етсе, екінші біреулерінің атын кейінгі ұрпақ естерінде ұмтылмастай етіп белгілі бір сыбызғышы не қобызшы музыканттар тастап кеткен", – деп жазады. Қазақ өлеңдерінің халықтығы жайлы құнды пікірлер білдіруде, Шоқан халық әдебиетінің бағалы нұсқаларын жасаған және ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерін жырлаған. Орынбай, Шөже, Жанақ, Арыстанбай, Құрымбай сияқты ақындардың еңбектеріне жүгінеді, мысалдар келтіреді. Сонымен бірге қазақ поэзиясының жанр, түр, өлең құрылысын зерттей келе, мұны орыс ғалымдарына таныстыруды мақсат тұтқан. Ол қазақ, өлеңдерін: жыр, жоқтау, қара өлең, қайым өлең, өлең деп беске бөледі. Өлең құрылысын жыршылардың қобыз не домбыраға қосып айтуына қарап жүйелеген. Өлеңге, әсіресе, суырып салма өлеңге бейімділік барлық көшпелі елдердің өзіне тән ерекшелігі екенін анықтаған. Қазақ халқының ауыз әдебиеті мұраларын жинап, зерттей келе Шоқан олардың славян халықтарының, әсіресе, орыстардың ауыз әдебиетімен байланысын ашып дәлелді мысалдар келтіреді. "Жоңғария очерктерінде" "Көп уақыттан бері қазақтың ертегілерін, мифтерін, этникалық жырлары мен аңыздарын жинаумен шұғылдана жүріп, мен олардың Еуропа халықтарының, әсіресе, славяндардың осы тектес шығармаларымен бір сарындастығына қайран қалдым", – деп көрсетеді. Орыс-қазақ ертегілерін, мақал-мәтелдерін салыстыра отырып нақты дәлелдейді. Мысалы: өмір шындығының сәйкестігі
әдебиетте де тақырып, сюжет ұқсастығын туғызатынын Шоқан қазақ пен араб поэзиясын салыстыра отырып, дала өмірін жырлаған екі елдің поэзиясының бір-біріне ұқсастығын, көшпелі ел тұрмысы сұлу табиғат, рулық тартыс, қайшылықтарды суреттеуінен анық көрінетінін айтады. Әсіресе, бұл халықтарда өлеңді суырып салып айту өнерінің ерекшелігіне назар аударған. Қазақтың шешен билері жайында құнды пікір білдіреді. Ш.Уәлихановтың тарих, география, әдебиет саласындағы зерттеу еңбектері Петербург ғалымдарының назарына ілігіп, құнды ықылас-ілтипаттарына ие болады. П.П.Семенов-Тянь-Шанский өзінің Жетісу бойындағы зерттеулерін жүргізген кезде Шоқан пікіріне үнемі ден қойып, ақылдасып отырған. Ыстықкөл сапарында біраз жерлерді бірге аралаған. Семенов-Тянь-Шанскийдің ұсынуымен 1857 жылы 27 ақпанда Шоқан Орыс География қоғамының толық мүшелігіне сайланады. Бұл орыс қоғамы зиялыларының, орыс ғылымының жас ғалым еңбектерін зор бағалағандығы, ғылым мен мәдениетке қосқан үлесін мойындағандығы екенінің дәлелі. 1858-1859 жылдары Шоқанның "Жарық жұлдыз", "Қашқария сапары" оны ғылыми-зерттеушілік, ағартушылық саласында жаңа биікке көтерді. Ол кезде Қашқария Ресей тарапынан зерттелмеген өлке болатын. Еуропа ғылымы үшін белгісіз, құпиясы мол ел болатын. Себебі, XII ғасырдың соңғы ширегінде Марко Поло, 1603 жылы саяхатшы Голе Қашқария жерінде болғаннан кейін, бұл өлкеге ешкім аяқ баспаған Шоқаннан бір жыл бұрын Қашқарияға Үндістан арқылы барған немістің белгілі географы Адольф Шлагинвейтті жергілікті билеушілер басын кестіріп өлтірткен. Адольфтің бұл қайғылы тағдыры жөнінде алғаш мәліметті жеткізген Шоқан болды. 1870 жылдары Петербургте Шоқанның "Жонғария очерктері". "Алты шаһардың немесе Қытайдың Хан-Лу провинциясының шығыстағы алты қаласынын жағдайы туралы", "Адольф Шлагинтвейттің өлімін әкелген жағдайлар туралы мәліметтер" туралы еңбектері жарияланды. Қашқарда болған кезінде Шоқан ұйғыр тілін жақсы меңгереді. Оның архивінде Қашқардағы ұйғыр тілінде жазған жазбалары да сақталған. Кіші Бұқарада жаңа ұйғыр тіліндегі әдебиеттің едәуір бай аударма әдебиеті бар. Кіші Бұқараның әдебиеті аудармаға неғұрлым бай болғанымен, өзіндік қолтума шығармаларға соғұрлым кедей. Олардың өз іштерінен шыққан бір де бір ақыны және белгілі бір жазушысы болған емес деп көрсетеді. Қытай тарихында Хой-ху, Хой-хор, Қой-ғой деген атпен белгілі болған халқының Хой-хор әулетін берген және кейіннен осы күнгі Шығыс Түркістанға келіп қоныс тепкен жат жерлік халық елге мәлім. Шығыс мәліметтерінде бұл халық ұйғыр деп аталады. Бүгінгі жеті шаһар тұрғындарын қытайлар чапту деп атайды. Чапту түрік тілінің ұйғыр деп Клапрот (осы тілдің сөздігін құраған адам) атаған диалектісінде сөйлейді. Ұйғыр тілінде моңғол сөздері көп кездеседі. Ұйғырлар сонау Шыңғыс хан заманының өзінде-ақ, мұсылман дініндегі сол кезде өзінің жазу өнері бар халық болған. Оларды моңғолдар
сауатты халық болғандықтан хатшы есебінде іс жүргізушінің қызметтеріне пайдаланған. Сондай-ақ, Шоқан Ұйғыр деген атымен белгілі болған ертедегі монғол жазуының үлгілерін қанша іздегенмен таба алмағанын қынжыла жазады. Бұл аймақтың өткені мен сол кездің қалпын жақсы білетін адамдарымен, ғалымдарымен, ақындарымен де кездесіп мағлұматтар жинаған, шығыс қолжазбаларының бірсыпырасын қолға түсірген. Тау жыныстарының коллекциясы, гербарий жасаған. Солардың бірінде Мирджай тауы мен Қарақаш өзені аңғарынан шығатын нефрит асыл тасының текшелері болған мүлде бейтаныс елді жан-жақты сипаттайтын, әскери, саяси, экономикалық, сауда-саттық жағынан үкіметке де, ғылымға да пайдалы бай материал мен сирек деректерді жинап, қиыншылықтар мен қауіп-қатерді көп көріп, Шоқан керуенмен 1859 жылы сәуір айында елге оралған. Қашқария сапарының нәтижелі жемісі – Ш.Уәлихановтың "Алты шаһардың, яғни Қытайдың Нан-Лу провинциясының шығыстағы алты қаланың жайы" атты еңбектерінде жан-жақты мәлімделді. Қашқария сапарының ғылыми нәтижелері туралы Орыс География қоғамында мәлімдеме жасағаннан кейін-ақ, оның материалын Германияда неміс тілінде басып шығарды. 1865 жылы Лондонда ағылшын тілінде жарияланды. Демек, Қашқария сапарындағы айқындалған мәліметтер Шоқан Уәлихановтың дүниежүзілік география ғылымына қосқан маңызы зор жаңалығы болып есептеледі. Қашқария экспедициясы үкімет тарапынан да ресми түрде аталып өтті. 1860 жылғы 8 сәуірдегі Үкімет указы бойынша поручик сұлтан Шоқан Уәлихановқа штабс ротмистр әскери атағы, 4-дәрежелі ізгі Владимир ордені, 500 сом күміс ақша берілген. Шоқанның ұсынысы бойынша, осы экспедицияның жұмысына қатысы бар 22 адам қоса наградталған, оның ішінде керуен басы Мұсабай, Семей көпесі Бұқаш, К.К. Гутковский т.б болды. Ш.Уәлиханов (1859-61) Петербургте болған жылдары оның ғылыми-шығармашылық қызметінің аса елеулі кезеңі болды. Мәселен, Бас штабының әскери-ғылыми комитетінің тапсыруы бойынша, ол Орта Азия мен Қазақстанның карталарын жасайды. "Балқаш көлі мен Алатау жотасы аралығының картасы", "Құлжа қаласының жобасы", "Ыстықкөл экспедициясының қорытындысына қосымша карта", "Қытай империясы батыс өлкесінің картасы" т.б. дайындалады. Мұның өзі Ш.Уәлихановтың география, картография салаларына қосқан үлесі зор екенін көрсетеді. Сондай-ақ, Шоқан География құрамында белгілі неміс ғалымы Карл Риттердің еңбектерін баспаға әзірлеседі, сыртқы істер министрлігін Азия департаменті жанындағы Жоғары мектепте, География қоғамында ІПығыс Түркістан, Қырғызстан туралы лекция оқиды, университеттің тарих-философия факультетінде лекцияларға қатысып отырады. Мұның өзі Шоқан бойындағы ғылымға деген ерекше ынта-ықыласты, қажымас қайратты танытады. Шоқанның Петербургке барған кезі 1861 жылғы басыбайлылық тәртіпті жою жөніндегі реформаның қарсаңы еді. Шаруларды патшаға қарсы үндеген, қоғамды
сынаған т.б. Чернышевский, Добролюбов, Некрасов сияқты алдыңғы қатарлы ақын-жазушылардың "Современник" журналында жарияланған мақалалары Шоқанға қатты әсер етіп, саяси әлеуметтік көзқарасының қалыптасуына негіз болды. Петербургте Шоқан достары П.П.Семенов-Тянь-Шанский мен Ф.М. Достоевскийді кездестіреді, көрнекті орыс ғалымдары А.И. Бекетовпен, шығыс зерттеушілері: Ф.Р. Отен-Сакенмен, И.И. Захаровпен, Е. Кавалевскиймен, ақындар А. Манасов Қ. Курачкин, Я. Полонскиймен танысып, араласады. Бұлардың бәрі оның идеялық жағынан көп толып өсуіне бірден-бір себеп болғанын көреміз. Ресейдің әлеуметтік өміріндегі өзгерістер, орыстың революцияшыл демократтарының пікірлері оның демократтық көзқарасын тереңдете түседі. Қазақ халқының, әсіресе, оның төменгі тобының ауыр халі мен оның жағдайларына жан ашырлықпен қарап, түсініп көре білді. 1861 жылдың көктемінде денсаулығы төмендеуіне байланысты туған еліне оралды. Ол қазақ халқының тыныс-тіршілігін жақсартып, көмектесуді ойлап, әділеттілікті жақтап, халықтың мұң-мұқтажын түсіне білу мақсатымен Атбасар уезіне аға сұлтан болуды да ойлады. Сайлауға қатысып, көпшілік дауыс алғанымен, Сібір әкімшілігі оны аға сұлтандыққа бекітпеді. Себебі, демократтық бағыттағы озық ойлы зерттеуші ғылым билеуші топ үшін қауіпті адамдардың бірі еді. 1862 жылы Потанинге жолдаған хатында: "Мұндағы мақсатым – өзі халқымды әкімдер мен зорлықшыл бай қазақтардан қорғау еді", – деп ашық жазды. Ал, А.Г.Майковқа жазған хатында Шоқан бұл пікірін тереңдете түсіп: "Жергілікті сұлтандармен және қара сүйек қазақтардан шыққан байлармен қазір аразбын", – дейді ол, – мен оларға жалшыларды жақсы ұстаңдар, еңбек ақысын дұрыс төлеңдер дегенді талай рет талап еттім. Мен даланың пролетариатымен жақсы доспын, өйткені бір-бірімізді жақсы ұғамыз". 1863-64 жылдары Шоқан Омбыға барып, Сібір қазақтары үшін жасалып жатқан сот реформасын дайындау ісіне қатысып, бұл реформаның елге тиімді, пайдалы болу жағынан қарастырады. Осы кезде Шоқан "Сот реформасы туралы жазбалар" атты өзінің атақты еңбегін жазды. Оның: Біздің заманымыз халықтың нағыз мұң-мұқтажына тікелей қатысы бар, халыққа ең маңызды, ең керекті реформа – экономикалық және әлеуметтік реформа. Ал саяси реформа сол экономикалық реформаларды жүзеге асырудың құралы есебінде жүргізілмек, өйткені әрбір адам және бүкіл адам баласы өзінің өрлеу жолында түпкілікті бір мақсатқа ұмтылады. Ол мақсат – өзінің тұрмысын жақсарту. Прогресс дегеніміздің негізінің өзі – біз осы тұрғыдан алып қарасақ, адамның тұрмысын жақсартуға жағдай туғызатын реформалар ғана керекті де, ал осы мақсатқа қандай болса да кедергі келтіретін реформалар болса, ондайлар халыққа зиянды, керексіз реформа болып табылады" – деп жазды. Бұл пікірдің біздің заманымыздың бүгіні мен ертеңі үшінде қашанда құнды, бағалы болып қала беретініне дау жоқ. Сол кездің өзінде Шоқанның миллиондаған халық тағдырына ерекше жанашырлықпен қарап, мәселенің
дұрыс шешілуін армандағанын көрсетеді. "Бізге, қазақтарға, облыстық бастықтар үстірт қарауды әдетке айналдырған", – деп көрсете келіп, Шоқан реформа мәселесіне аса зор жауапкершілікпен қарап, бұған қарапайым (дәулетсіз) қазақтарды қеңінен қатыстырып, олардың пікірлерімен санасу керек екендігін, реформаны ақсүйектер емес, қалың бұқараның тілек-мүддесіне сай жүргізу керектігін талап етеді. Бұл еңбегінде Шоқанның қазақ қоғамының экономикалық, саяси, рухани жағдайлары және қазақ халқының болашақ даму негіздері мен жолдарына терең талдаулар бере отырып, ең бастысы өз халқының болашағына үлкен сеніммен қарағанын көреміз. 1864 жылы наурыз айында Ш.Уәлиханов Оңтүстік Қазақстанды Ресейге қосу жөніндегі полковник М.Т.Черняевтің әскери экспедициясына шақырылады. Бірақ, жергілікті халықтарға Черняевтің, оның әскери қызметкерлерінің көрсеткен озбырлығы мен қаталдығына наразы болып, бөлініп кетеді. Верный (қазіргі Алматы 1 қаласына келіп, Албан руының аға сұлтаны Тезек төренің ауылына тоқтайды. Мұнда да жергілікті тұрғындардың хал-жағдайларымен танысып, аңыз-әңгіме, ертегі-жырлар жинап, зерттеушілік жұмыстарымен шұғылданады. Сол кездегі Батыс Қытайдағы қоғамдық-саяси жағдайдың шиленесуіне байланысты болған дүнгендер көтерілісіне көңіл бөледі. Жұмыс бабымен Қапалға оқта-текте келіп жүген бір сапарында Ш.Уәлиханов әскери газетіне Құлжадағы жағдай, дүнген қозғалыстарына байланысты мақала жариялайды. Демек, қай уақытта болмасын ел ішіндегі жағдайларға ерекше мән беріп отырғанын көреміз. Ол өзінің қысқа ғұмырында қоғамдық ғылымдардың алуан саласында, тарих, география, этнография, экономика филологияда, өнертануда – көптеген құнды еңбектер қалдырды. Сондай-ақ, Орталық Азияның түркі тілдес халықтарының, қазақтың, қырғыздың, өзбектің, ұйғырдың, түркіменнің тарихы мен сол кездегі әлеуметтік жағдайы, тілі мен әдебиетін саралап терең зерттеуімен шығыстың ғылымына зор үлес қосты. "Қазақтың шежіресі", "Жоңғарлар очерктері", "Қазақтар туралы жазбалар", "Абылай", "Көне замандағы қазақтың қару-жарақ, сауыт-саймандары", "Далалық мұсылмандық", "Қазақтағы шаман дінінің қалдықтары", "Қазақтың көші-қоны", "Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихы туралы пікірлер", "Ыстықкөл күнделіктері" т.б. еңбектерінде Орта Азиядағы түрік халықтарының көптеген келелі мәселелеріне ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеулер жүргізіп, талдаулар жасады. Бұл еңбектердің кейінгі зертеушілер үшін ғылыми мәні жоғары болды. Шоқан өзінің жан-жақты мол білімінің арқасында зерттеулерді комплексті түрде жүргізіп, тарихшы, географ, этнограф, публицист, әдебиетші, жазушы болып қатарластыра алып отырғанын анық байқауға болады. XIX ғ. орта шенінде ірі ғалымдардың бірі П.И.Небельсон Шоқан туралы: "Петербургте қырғыздар сирек кездеседі, бес-алты адам жинала қояр ма екен? Солардың ішінде өмірде мен бармын деп ерекшеленбейтін бір ғана адам бар. Ол өте жас, кавалерия офицері, сұлтан Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов", – деп жазса, Платников: "Мен Уәлихановпен Петербургте өте жақын таныстым және бірнеше кеш бірге болып көңілді өткіздім, оның қабілеттілігіне Мұхамед-Ғани Бабажанов, біз Небельсон екеуіміз де тең келмеспіз", – деген пікірлері Шоқан білімінің жан-жақтылығын, тереңдігін дәлелдей түсері хақ. Шоқаннан қалған асыл мұралардың бірі – бейнелеу өнері саласындағы еңбектері оның қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі екенін танытады. Сурет өнерін жас кезінен-ақ жақсы көрген. Ол портрет, табиғат көрінісі, пейзаж, халықтың тұрмыс-салтын бейнелеу жанрымен айналысқан. Суреттерінің біразы 1860 жылдардың басында "Всемирная иллюстрация", "Сакра", "Русский художественный лист" журналдарында, "Орыс география қоғамының хабаршысында" жарияланған. Ш.Уәлихановтың көп салалы әр қырлы бай мұрасы оның дүниетанымы, қоғамдық философиялық, ағартушылық, демократтық көзқарастары өз заманының биік деңгейінде болғанын айқындайды. Шоқан Уәлиханов 1865 жылы сәуір айында қайтыс болды. Алтынемел тауының баурайындағы Көшентоған деген жерге қойылады. Қазіргі Алматы облысы Шоқан атындағы шаруашылықта "Алтынемел" мемориалдық комплексі бар. [15]Шоқан қазасы қазақ елі үшін және оның орыс достарына аса ауыр тиді. Орыстың географиялық қоғамы басып шығарған (1904) Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде академик И.И.Веселовский: "Шоқан Уәлиханов шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халықтарының тағдыры туралы одан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті", – деп жазды. Шығысты зерттеуші әйгілі ғалым Е.И.Ковалевский Шоқанды "Асқан данышпан жас жігіт", "Тамаша ғалым", "Қазақ халқының ең жақсы досы әрі орыстың мемлекеттік мүддесін қадір тұтушы" деп атады. Г.И.Потанин: "Шоқан қазақ ішінен оқырман қауымын тапқан болса, ол өз халқының шын мәніндегі асқан данышпаны болар еді", – дейді.

2.2 Қазақстан баспасөзі бірінші орыс революциясы кезеңінде.


Партия буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуы жағдайындағы теорияны, басшылыққа ала отырып, Россиядағы 1905-1907 жылдардағы революция жолындағы күреске басшылық етті. Россия пролетариаты мен шаруалар бұқарасының қалың топтары лениншіл партияның басшылығымен қолына қару алып, самодержавиелік әлеуметтік және ұлттық езгіге қарсы шықты. Россиядағы аудандарының соның ішінде Қазақстанның жұмысшылары мен шаруалары да патша өкіметі мен қанаушы таптарға қарсы көтеріледі. Қазақстан большевиктері қазақ және орыс еңбекшілерінің басын қосып, қанаушы таптарға қарсы күрес ұйымдастырды.Революцияға дейінгі Қазақстандағы коммунистік баспасөз тарихының патша империясындағы артта қалған қазақ елінің әлеуметтік-экономикалық өзгешіліктеріне байланысты бірқатар ерекшеліктері болған-ды. Ол кезде мұнда патриалхалдық-феодалдық құрылыс және рулық салт үстемдік болған-ды. Сондықтан мұнда жергілікті марксистік топтар олардың басылымдары елдің орталық аудандарынан гөрі едәуір кешірек пайда болды.
Қазақстанда кейінірек ұйымдастырылған социал-демократиялық топтар мен ұйымдар өлкедегі революциялық қозғалысқа басшылық етті, сонымен қатар олар жергілікті басылымдарды пайдалана отырып, өздерінің дербес баспасөз органдарын да құрды. Қазақ топырағында марксизм-ленинизм идеялары он тоғызыншы ғасырдың аяқ кезінен тарай бастады. Мұнда марксистік әдебиетті алғаш таратушылар «саяси сенімсіздігі үшін» патша үкіметі жер аударған революционерлер еді. Мысалы; 1879 жылы К.Маркстің жақын досы Герман Лопатиді патша үкіметі Ташкентке жер аударды. Жас дәрігер Ф.В.Поярков 1880 жылы Верный (Алматы) қаласына К.Маркстің Г.Лопатин мен Н.Даннельсон орыс тіліне аударған «Капиталының» бірінші томын алып келген .[4]
Марксистік революциялық идеяларды қазақ жеріне алғаш ағартушылардың қатарында Петербургтағы Благоев тобының көрнекті мүшесі В.Г.Харитонов бар еді. Сондай-ақ Петрбургта В.И.Ленин ұйымдастырған «Жұмысшы табын азат ету жолындағы күрес одағының» Е.А.Шеголева сияқты мүшелері болған. Демек, саяси жер ауып келгендер арқылы ғылыми коммунизмнің негізін қалаушылардың шығармалары, Плехановтың «Еңбекті азат ету» тобының басылымдары еңбекшілердің алдыңғы қатарлы бөлігіне, қазақ даласында ұйымдастырылған марксистік қозғалысқа дейін мәлім бола бастады. Жер ауып келген социал-демократтар революциялық насихат үшін кейбір либералды-буржуазиялық бағыттағы баспасөз органдарын пайдаланды.
Қазақстанның бірсыпыра қалалары мен кәсіпорынында алғашқы марксистік үйірмелер он тоғызыншы ғасырдың аяқ шенінде пайда болды, осыған байланысты демократиялық мазмұндағы әдебиеттерді оқитындардың саны көбейе берді. Қазақ даласындағы үйірмелер және ұйымдармен тығыз
байланыс жасап, олардан қажетті әдебиеттерді алып отырды. Марксистік әдебиеттер басқа жолдармен де таралады, саяси жер аударылғандар мен студенттер өздері ала келетін, кітапханалардан кітаптар жаздырып алатын.
Социал-демократиялық үйірмелердің мүшелері К.Маркстің «Капиталын», К.Маркс пен Ф.Энгельстің «Коммунистік партияның манифесі», В.И.Лениннің «Халық достары деген не және олар социал-демократтарға қарсы қалай күреседі?», «Не істеу керек?», «Россияда капитализмнің дамуы» және басқа еңбектерін оқып үйренді.
Лениндік «Искра» Қазақстанда революциялық қозғалыстың туына күшті ықпал жасады. Искрашылардың инициативасы бойынша 1901 жылы майда Оралдың жергілікті баспаханасында стачка өткізілді. Бұл Қазақстандағы бірінші саяси көтеріліс еді. «Искраның» Россияның езілген халықтарын қорғауының ұлттық езгіге және патша отаршылдарының озбырлығына қарсы шығуының үлкен маңызы болды. Оның бетінде ұлт мәселесі жөнінде В.И.Лениннің мақалалары мен басқа да материалдар басылды. Газет патша самодержавиесінің отаршылдық саясатын батыл әшкереледі, еңбекшілерді пролетарлық интернационализм рухында тәрбиеледі .[9]
Лениндік «Искра» елдегі ұлт аймақтарының, соның ішінде Қазақстанның жұмысшылары мен шаруаларының да өмірі мен күресін назардан тыс қалдырған жоқ. Бұған газетке жарияланған корреспонденциялар айқын дәлел. Оның «Жұмысшы қозғалысы хроникасы» және «Фабрикалар мен заводтардан хат» бөлімінде 1902 жылы 15 майда жарияланған корреспонденцияда Орынбор-Ташкент темір жол құрылысын мердігерлердің адам төзгісіз еңбек жағдайына байланысты жұмысшылар мен әкімшілік арасында үлкен жанжал болғаны туралы айтылады. Бұл революцияға дейінгі Қазақстанда жұмысшылардың ереуілдері туралы большевиктік баспасөзде алғаш жарияланған хабар еді.
1903 жылы 1 февральда сол темір жол құрылысынан «Искрада» басылып шыққан екінші корреспонденция да оққушылардың ашуы мен ызасын келтірді. Жұмысшылардың жалақысынан мердігерлердің жейтіні, қанаудың күштілігі, төбесі сабанмен жапқан барак деп аталатын ұраларда тұратын шіріген овощ сорпасы туралы айтып жатудың қажеті бола ма екен…өйткені бұның бәрі дағдылы іске айналып кеткен деп жазды газет. Жұмысшыларға ақша беруді Калита (құрылыс жұмысын жалға көтеріп алған мәрдігер-Х.Б.) түрлі сылтаулармен кешіктіре берген. Сөйтіп, құныққан соң еңбекақы беруді мүлдем тоқтатқан. Осылай тоналған жұмысшылар 450 шақырымдағы Орынборға бару үшін 30 градусты аязда көбі сиса көйлекпен, жыртық етікпен алыс жолға шыққан.
Калита шарт бойынша суық түскенге дейін жұмысшыларға жылы киім беруге тиісті еді, бірақ оны орындамаған. Жұмысшылар жалаңаш күйінде дерлік, сондай суықта жолға шығудың зардабын тартқан. Көбі қолдарын,
аяқтары мен беттерін үсітіп алған, ал 46 адам Ақтөбенің ар жағында үсіп өлген.
Мұндай жан түршігерлік оқиға Орынбор-Ташкент темір жол құрылысындағы қаза, орыс, өзбек, және тағы басқа ұлт жұмысшыларын қатты ренжітті. Бұл сияқты корреспонденциялар жергілікті социал-демократтардың үгіт-насихат жұмысында нақты мысал ретінде келтіріліп отырылды. Мұндай фактілер еңбекшілердің капиталистік және патшалық құрылысқа деген өшпенділігін өршітті. «Искраның» басты мақсаты-революцияшыл социал-демократтарды идеялық және ұйымдық жөнінен біріктіру, жауынгер пролетарлық партия құру еді. Ол бұл мақсатына жетті: «Искра» РСДРП-ның II съезін, большевиктік партияның құрылуын әзірледі .
Лениндік «Искра» жергілікті социал-демократиялық топтар мен ұйымдар ісінде баға жетпес көмек көрсетті. Искралық бағыттағы марксистік үйірмелер Оралда, Петропавлда, Атбасарда, Верныйда, Семейде, және Орынборда пайда болды. [11]
Олар листовкалар арқылы тұңғыш жалпы россиялық марксистік газет ұсынған идеялар мен ұрандарды еңбекшілерге түсіндірді. Народоволецтердің Александр II-ні өлтіргеніне он екі жыл толуына байланысты Ақмола облысының Атман деген хуторында Сибирь социал-демократиялық одағы листовкалар таратқан. Самодержавиенің 1861 жылғы реформадан кейін халықты әлі де қан қақсатып отырғандығына лағнет айта келіп, үндеу хаттың авторлары былай деп мәлімдеді:
«…Орыс пролетариатының революцияшыл армиясы енді тек патша ағзамды ғана емес, орыс самодержавиесінің өзін құртып жіберуге дайын, бұл үшін жігерлі үндеу болса, оған іспен жауап беруге дайын. Патша құлап күйрегеннен кейін орыс жұмысшы табы халықаралық пролетариаттың қатарына қосылып, солармен бірге буржуазиялық капиталистік құрылысты жойып, оның орнына социализм дүниесін орнатады. Патшалық самодержавие жойылсын ! Саяси бостандық жасасын « Социализм жасасын». Қазақстанның большевиктік баспасөзіне 1905-1907 жылдардағы революция көп жаңалықтар енгізді.
Революциялық өрлеу дала өлкесінің көптеген қалаларында РСДРП топтарының құрылуы большевиктік баспасөзде үгіт пен насихаттың едәуір күшейтілуімен ұштасып отырды. 1905 жылы лениндік газеттер: Женевада шығарылған «Вперед», «Пролетарий», большевиктік партияның алғашқы жария газеті Птербургтағы «Новая жизнь» қаншама қиыншылықтарға қарамастан, қазақстандық жұмысшылар мен шаруаларға жол тапты. «Новая жизньнің» Орал облысында өз тілшісі болды .
Большевиктік «Новая жизнь» газеті пролетариатты самодержавиеге қарсы күреске әзірлеуде аса маңызды роль атқарды. Газет Россияның шеткері аймақтарында еңбекшілердің саяси оянуы туралы үнемі хабарлап, бұл
фактілерге айқын большевиктік баға беріп отырды, сөйтіп ұлт-азаттық қозғалысқа жергілікті партия ұйымдарының дұрыс басшылық етуіне жөн cілтеді.
«Новая жизнь» газеті елдің орталық аудандары мен шет аймақтары еңбекшілерінің өмірі туралы жиі жазып отырды. Мысалы; 1905 жылы 2 декабрьдегі 27 нөмірінде Орал облысы қазақтарының күйінішті жайы туралы корреспонденция жарияланды. «Помещиктер мен уделдік ведомостволардың жерлеріне шаруалардың шабуыл жасағандағы аграрлық таластардың зардабы қазақ даласына кесірін тигізіп отыр», - деп жазды автор. Ол патша өкіметінің қазақ даласында жүргізіп отырған отаршылдық саясатын, ауыл кедейлерінің правасыздық ауыр халін суреттейді. Нақтылы фактілерді келтіре отырып, газет былай деп жазды: «Қазақтардың ормандары мен жерлері тартып алынуда. Оларды үйі мен қыстауына қуып шығаруда». Корреспонденция қазақ шаруаларын өз мүддесін қорғау жолындағы күреске шақырды. Патша өкіметіне помещиктердің жер иеленуін сақтап қалуға бағытталған реакцияшыл саясатын әшкереледі.[10]
Қазақстанның Оңтүстігінде РДСПР Ташкент тобының жасырын газеті «Рабочий и солдатский листок» - «Правда» (1906) шығарылып тұрды. Бұл газет марксизм идеяларын насихаттап, ұлт мәселелсі жөніндегі большевиктік программаны түсіндірді.
Көптеген социал-демократиялық ұйымдар партияның Орталық Комитетімен тікелей байланыста болып, одан әр түрлі әдебиеттер алып тұрды. Қазақстанның солтүстік аудандарында РДСПР Сибирь одағының, Омбының, Томскінің және басқа партия комитеттерінің листовкалары мен брошюлары таралды. Большевиктік топтардың өз тарапынан листовкалар шығарып, РДСПР III съезінің шешімдерін насихаттауы айтарлықтай жетістік еді. Қазақстанда тұңғыш марксистік ұйым болып құрылған Петропавлдың социал-демократтары өздерінің листовкаларын РДСПР Омскі комитетінің жасырын баспаханасында бастырып шығарды. Олардың мазмұны біріне-бірі ұқсас, «Петропавл жұмысшыларына» деген үндеу ерекше назар аударды. (1906) ол былайша аяқталған .
«Жауынгер дружиналарға ұйымдасыңыздар, қару тауып алыңыздар, сөйтіп Россия социал-демократиялық жұмысшы партиясының алғаш шақыруы бойынша, соның қатарында және туы астында, Бүкіл халықтық Құрылтай жиналысы үшін Демократиялық республика үшін, езілушінің езушілерге, кедейлердің байларға қарсы ашық күреске шығуы үшін, теңдік және әділетті заман-социализм үшін күреске шығыңдар».
Осы сияқты листовкаларды Қостанай, Орал, Перов, Қаралы, Верный және Семей большевиктері де көптеп шығарып алды. Бұлардың еңбекшілерді революцияландырушылық ықпалы зор болды. Революция қыза түскен шақта патша үкіметіне, байларға қарсы бағытталған тұңғыш рет қазақ тілінде
листовкалар шығарылды. Бірінші үндеу өлең 1905 жылы пайда болған. Құпиялық сақтау мақсатында және телеграфпен беруге қолайлық үшін үндеу латын әрпімен жазылған. Бұл өлеңде халыққа көп ауыртпалық келтірген орыс-жапон соғысы айыпталады. Үндеу осы кезде қимылдар уақыт келді деп қазақ еңбекшілерін самодержавие мен бай-феодалдарға қарсы революциялық күреске белсене қатысуға шақырады. Авторы Мақсұт Беметов-Омбының почта-телеграф қызметкері. Ол қаланың бас телеграфистерімен бірге 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалысқа белсене қатысқан. Орыс тіліндегі листовкаларда баяндалған революциялық идеяларды большевиктер халық бұқарасына жергілікті интеллигенцияның көмегімен түсіндірді. Партияның қарт мүшесі С.Ужгин РДСПР Петропавл тобына тілектес ретінде Сералин мен С.Көбеевті тартуға сәті түскенін есіне алады. «Алдыңғы қатарлы екі қазақ мұғалімінің партия программасының негіздерімен таныс болуы оларды ауылдағы басқа қазақ мұғалімдерінің арасында большевизмді насихаттаушылардың қатарына қосты. Жасырын әдебиет, әсіресе листовкалар қазақ тілінде аударылып қолжазба күйінде ауылдан - ауыла таралды.
Большевик баспасөздің ауылға жетуі отаршыл әкімшілерді сескендірді. Сырдария облысының әскери губернаторы съезд бастықтарына былай деп ескертті: «Алынған мағлұматтарға қарағанда Торғай, Орынбор және Ақмола облыстарының қараңғы надан халықтарының ойларын толқытатын көрінеді… революциялық листовкалардың тұтандырғыш сипаттағы мақалалары жергілікті халықтың арасында «жағымсыз құбылыс» туғызуы мүмкін».
Ұлттық пролетарлық баспасөз Россияда 1901-1904 жылдары пайда болды. Революция кезінде ол едәуір өсті. Бұған орыс емес ұлттар еңбекшілерінің азаттық жолындағы күресінің өрістеуі, саяси саналылығының оянуы және большевиктер ықпалының артуы себеп болды. Самодержавиеге қарсы бүкіл халықтық күресті ұйымдастыра отырып, большевиктік партия бірсыпыра газеттерін қойды. Закавказьияда грузин тілінде бес, армян тілінде жеті газет шығарылды. [14]
Сондай газеттер Прибалтикада да, Татаринда шығып тұрды. Октябрь жеңісінен кейін алғашқы жылдары Советтік Қазақстанның астанасы болды. Орынборда 1907 жылы 4 январынан 27 февралына дейін большевиктік жария «Орал» газеті шығарылып тұрды. Оны не бары 31 нөмері жарық көрді. Содан кейін патша өкіметі жаптырып тастады. Редакторы Хұсайын Ямашев болды. Оны большевиктік «Пролетарий» газеті «Ұлтшылдық дегенді білмейтін нағыз социал-демократ» деп сипаттады
2.3 Қазақ баспасөзін дамытудағы Ресей баспасөзінің әсері.
Қазақстанның Россияға қосылу нәтижесінде орыс пен қазақ халықтарының алдыңғы қатарлы өкілдері арасында рухани жағынан да достық қарым - қатынастар орнады. Революциядан бұрынғы кездің өзінде демократияшыл орыс интеллегенциясының аса көрнекті қайраткерлерінің Россияның барлық халықтарының алдыңғы қатарлы өкілдерімен тығыз байланысты болғаны, ұлттық езгіге қарсы белсенді күрес жүргізгені, әр түрлі ұлттар мен халықтардың мәдениетін дамытуға игі әсер еткені мәлім.
Қазақстанға Орталық Россиядан орыс шаруаларының көшіп келіп орналасуының зор маңызы болды. Олар қазақтардың отырықшылыққа, егіншілікке көшуіне әсер етті, орыстар мен қазақтар арасында достық қатынастар күн санап нығая берді.
Патшалық Россия халықтардың түрмесі болғаны мәлім. Ол шет аймақтардағы халықтарды аяусыз езіп, азапқа салды, оларды надандық пен қараңғылықта ұстауға тырысты, ұлт араздығын қоздырып отырды. Россияның басқа халықтары сияқты, қазақ халқы да саяси жағынан еріксіз болды, ұлт мәдениеті, әсіресе, тілі қорланды. Бірақ патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарамастан, Қазақстанның Россияға қосылуының терең прогрестік маңызы болды. Бұл қосылудың нәтижесінде Қазақстанда экономика мен мәдениеттің дамуына жағдай жасалды.
«Капитализмнің ескі шаруашылық құрылысқа қатысты аталған барлық өзгертулері,- деп көрсетті. В.И.Ленин,- сондай-ақ халықтың рухани бейнесін өзгертуге де сөзсіз әкеліп соғады». Қазақстанға капиталистік қатынастардың терең бойлай таралуы мұндағы ескі шаруашылық құрылысты өзгертті, ал мұның өзі қазақ халқының санасына да елеулі өзгеріс енуіне әсер етті.
Орыс халқының озат мәдениеті қазақ мәдениетінің өркендеуіне игі әсерін тигізді, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин және Абай Құнанбаев сияқты демократ ағартушылар шықты, қазақ халқының ішінде ұлт интеллигенциясы қалыптаса бастады. Орысша және қазақ тілінде оқытатын мектептер ашылды. 1862-1900 жылдар арасында қазақ тілінде 7 шамалы кітап басылып шықты. Қазақтың жазба әдебиеті мерзімді баспасөзі пайда болды. Орыстың революцияшыл - демократиялық баспасөзі мен публицистикасы қазақ ағартушылары Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің және Абай Құнанбаевтың қоғамдық - саяси көзқарастарының қалыптасуына әсер етті. В.И.Ленин атап көрсеткендей, крепостниктікке қарсы күрес, тұрмыстық прогрестік формалары мен ағарту ісін жақтаушылық, халық бұқарасының мүддесін қорғау, орыс ағартушыларының осындай үш түрлі сипаты қазақ ағартушыларына да тән қасиеттер еді.
Орыстың ұлы ағартушыларының демократияшыл дәстүрінен үлгі - өнеге ала отырып, олар қазақ халқының жарқын болашағы үшін күресті, феодалдық - патриархалдықтың сарқыншақтарына қарсы шықты, ұлы орыс халқымен дос болу, оның озат мәдениетінен үйрену идеясын қызу насихаттады. Азаттық жолындағы қозғалыста орыстың алдыңғы қатарлы жазушылары мен аса көрнекті публицистері баспасөзді күрес құралы етті. Мысалы, 1836 жылы А.С.Пушкин ұйымдастырған «Современник» журналын алпысыншы жылдары А.Г.Чернышевский мен Н.Л.Добролюбов басқарып, оны шаруалар революциясы идеясын насихаттайтын айбынды органға айналдырды. Қазақ ағартушылары алдыңғы қатарлы орыс баспасөзінің тамаша дәстүрлерінен үлгі - өнеге ала отырып, қазақтың бұқарашыл публицистикасы мен журналистиканың негізін қалады. Қазақстанның қалаларында патшаның жергілікті әкімшілік орындарының ресми органдары болып табылатын газеттер шыға бастады. «Облыстық ведомстволармен» қатар қазақ тіліне аударылып, Орынборда «Торғай» газеті, Омбыда «Дала уалаяты» газеті, сондай-ақ Оралда, Астраханьда және басқа кейбір қалаларда шығарылған газеттер де Қазақстан өмірімен байланысты болды.
Бұл газеттер қазақ халқының қамын ойлап, оның әлеуметтік-шаруашылық және мәдени - ағарту тілектерін ескергендіктен шығарылған жоқ, патша үкіметінің отаршылдық саясатын күшейе түсу, оның бұйрық - жарлықтарын жергілікті халықтардың ана тілінде жариялап, сөзсіз орындаттыру, сондай-ақ оның ресми көзқарастарын халық арасына кең таратып, қол астындағыларды шексіз бағындырып ұстау мақсатын көздеді. [16]
Алайда патша үкіметінің екіжүзді мақсатына қарамастан, Қазақстанда мәдениетің дамуына мерзімді баспасөздің пайда болуы елеулі әсер етті. Патша үкіметінің заңдарын, жарлықтарын жариялап, оның реакцияшыл, отаршылдық саясатын уағыздай отырып, сонымен қатар бұл газеттер өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту мәселелерін көтеруге мүдделі болды. Бұл газеттерде мал шаруашылығы жайлы, мектептер, егіншілік туралы және сауда туралы жазылып тұрды, қазақ халқының тарихына, тіліне, ауыз әдебиетіне, этнографиясына, Қазақстанның археологиясы мен пайдалы кен байлықтарына арналған мақалалар басылып отырды.
Алдымен аударма ретінде шығып, бірте - бірте дербес газет дәрежесіне дейін жетіп, қазақ тілінде шығарылған «Түркістан уалаяты» газеті (1870-1882) мен «Дала уалаяты» газеті (1888-1902) қазақ баспасөзі тарихының алғашқы бет ашарлары деп есептелінеді. Бұл газеттер патша үкіметі қойған міндеттер мен мақсаттарға, оның отаршылдық саясатын жүзеге асыруға, Қазақстанда капиталистік қатынастарды орнықтыруға қызмет еткенімен, объективтілік тұрғыдан қарағанда қазақтың тілі мен жазба әдебиетін қалыптастыруда, ұлттық мәдениеті мен экономикасының тарихын жазу жөнінде белгілі дәрежеде айтарлықтай роль атқарды. Ташкент қаласында 1870-1917 жылдары орыс тілінде «Туркестанские ведомости» газеті шығып тұрды. Түркістан өлкесін билейтін генерал-губернаторлардың ресми органы болғанымен, бұл газетте жарияланған Орта Азия халықтарының тарихы мен этнографиясы, археологиясы және географиясы жөніндегі материалдардың мәні зор болды. Газетті шығарысуға Н.С.Сеерцев, В.В.Бортольд, Н.П.Остроумов, Ш.М.Ибрагимов сияқты белгілі ғалымдар қатысты.
Осы газеттер қосымша ретінде сол жылдан бастап тұңғыш қазақ тілінде Түркістан генерал - губернаторының ресми органы «Түркістан уалаяты» газеті шығарылды. Бұл газет ол кезде Түркістан өлкесіне қарайтын осы күнгі Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Алматы облыстарының қазақтарына арналды. Газеттің редакторы және аудармашысы ағайын Ибрагимовтар болды. Қазақ газетін шығару ісіне Хасан Жанышев, Заманбек Шайхыәлібеков, Жүсіп Қазыбеков аудармашы әрі әдеби қызметкер болып қатысқан.
Патша үкіметінің отаршылдық саясатын уағыздай отырып, ресми газеттер, кейде Россияның самодержавиелік езгісіндегі ұлттарды ұлы орыс халқының озат мәдениетіне тарту идеясын насихаттап отырды. «Россия халықтары арасындағы қатынастардың мұндай демократиялық және гуманистік бағытталуына мерзімді баспасөздің ұйымдастырушылары, редакторлары және қызметкерлері көбінесе прогресшіл ниетті орыс интеллигенциясының арасынан шыққан қайраткерлер болғаны себеп болды.
«Түркістан уалаяты» газетінің бетінде өзбек халқының революцияшыл ниеттегі демократ ақыны Мұқимидың және ағартушы ақыны Фурхаттың, орыс әдебиетінің классиктері Крыловтың, Пушкиннің, Толстойдың шығарамалары басылды. [8]
Осы газет арқылы қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уалихановтың өмірі мен ісі бүкіл қазақ еліне мәлім болды. Қазақ тілінде газет шығарылуын жұршылық қуана қарсы алды. Семей жағының қазақтары бір жиында бұл газетті оқығанын, көңілдеріне ұнағанын, бұған дейін тек татар тілінде намаз оқуды үйрететін кітапшаны оқитындарын айта келіп, біздің қазақты бір жұрт біліп, біздің тілімізде газет бастырғаны үшін» алғыс айтады деп қуанды. Басылған хат-хабарларға қарағанда газеттің Ақмола (Целиноград), Ақмешіт (Қызылорда), Алматы Әулие-Ата (Жамбыл), Қапал, Қазалы, Қызылжар, Қарқаралы, Көкшетау, Омбы, Семей, Түркістан уездерінен жазып тұратын тұрақты тілшілері болған. Газет халықаралық жағдай және Россияның сыртқы саясаты туралы орталық үкімет газеттерінен көшіріп басып отырды. Мысалы, Париж пролетариатының 1871 жылы 18 мартта көтерілісі туралы хабар беріп тұрды. 1877-1878 жылдарда орыс - түрік соғысы кезінде бір пантюркистің Турция әскері жәрдем беру керек деген үгітіне қазақтардың қалай қарағандығы жөнінде газетке заметка жариялады. Онда Россияға мемлекет жәрдем бермейміз деп жұрт бір ауыздан мәлімдеген. Керісінше, Жетісу облысының Алматы, Қапал уездерінің қазақтары мен армиясының атты әскеріне жөнелткен. Газет қазақтарды отырықшы тұрмысқа ауысуға, егіншілік кәсібін қоныс аударып келген орыс шаруаларынан үйрену, бірлесіп Арыс – Түркістан каналын салуға шақырды. Әрине, ол заманда мұндай идеяны жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл арман тек Кеңес өкіметі тұсында ғана орындалады.
Газет бетінен капиталистік қатынастардың қазақ даласына өтуінің жағымды және жағымсыз жақтары да көрінеді. Ақмоладан келген тілші хатында кедейленген қазақтар қала шетіне жатақ болып жиналып, жаңаша өмір сүре бастаған олардың тұрмысы көшпенділерден көп ілгері екендігі айтылады. Олар орыс тілін үйрене бастаған, үй ұстаулары мұнтаздай таза, самауыр стол, қасық, киім - кешегі-бәрі түзу. Көшеде екі кісі кетіп бара жатса қайсысы жатақ, қайсысы ел қазағы екенін сұрамай-ақ танисыз. Газет ауыл кедейлерінің хал - жағдайының әбден нашарлағанын, соның салдарынан олар қалаға келіп жалшы болып, күн көретінін, сөйтіп олар байлардың езгісінен өсімқорлардың тонауынан қашатынын аңғартады.[10]
«Түркістан уалаяты» газеті оқу - ағарту және әдебиет мәселелеріне едәуір орын беріп отырды. Ол қазақ жастарының гимназияда, орыс - қазақ мектептерінде оқи бастағанын құптайды. Әрине, алдымен дәулеттілердің балалары оқитыны сөз болады. Жастардың оқуға деген құштарлығын қуаттай отырып, орысша оқып білім алған қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі туралы өнеге ретінде арналған мақала жариялады.
Орыстың мерзімді баспасөзінің әсерімен алғашқы қазақ газетінде заметка, корреспонденция, мақала, фельтон мен очерк сияқты жанрлар туа бастады.
«Ғылыми хабарлар» рубрикасымен сол кездегі ғылым мен техника табыстары жайында түсінік, сондай-ақ жаратылыс жөніндегі ғылыми тақырыптарда мақалалар, ветеринария және зоотехника мәселелері жайында консультациялар жариялауының қандай маңызы болғаны өзінен - өзі түсінікті. Бұлардың бәрі көшпелі халықтың дүниетанымына игі әсер еткені сөзсіз.
Газет оқушыларына танымдылық сипатты материалдардың әсер еткені қызық. Батыс Европа туралы очерк жөнінде біреу «Осы күнге дейін біз дүниенің бәрінде үш-ақ мемлекет бар деп жүруші едік - орыс, түрік және қытай мемлекеті. Қарасақ, дүниеде мемлекет үшеу емес, көп екен» депті. Н.П.Остроумовтың «Петр Ведомостволарының» XVII-XVIII ғасырларда орыстар үшін қандай маңызы болса, «Түркістан уалаяты» газетінің де XIX ғасырда өзбектер мен қазақтар үшін сондай маңызды болды деген тұжырымымен келіспеуге болмайды.
1882 жылы Дала генерал - губернаторы құрылып, оның құрамына Ақмола, Семей, және Жетісу облыстары енгізілді. Орталығы Омбы қаласы болды. 1888 жылы 1 январьда Омбыда «Дала уалаяты» газеті шыға бастады. Баспасөз ісі жөніндегі бас басқарма оны «жергілікті халықты үкімет бұйрықтарымен таныстырып отыру өтінішін шығарып тұруға рұқсат етті». Әрине, Қазақстанды, зерттеп білу мақсаты көзделді. Аптасына бір рет шығып қазіргі Қазақстанның бүкіл территориясына дерлік таралды.«Дала уалаяты» барлық патшалық губерниялық газеттердей ресми және ресми емес бөлімдерден тұрады. Ресми бөлімінде үкімет және әкімшілік органдардың указдары, нұсқаулары, бұйрықтары басылды. Сонымен бірге «ақ патшаға» адал берілгендікті сездіретін материалдар да жарық көрді. Әсіресе ресми емес бөлім ерекше назар аударады.
Мұны сол замандағы қазақ аулының қоғамдық ой-пікірі біршама көрініс берген.
Газетте экономика мен мәдениет жөнінен анағұрлым ілгері Россияның қазақ халқының өміріне тигізген әсерін көрсететін құнды материалдар жарияланды.
Осы газеттің маңына топталған өдерінше прогресс ниеттегі қазақ интеллигенттері Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің және А.Құнанбаевтың өнегесі бойынша көшпелілерді шаруашылықты жаңаша жүргізуге, басқаша айтқанда отырықшы болып, егіншілікпен айналысуға шақырды, орысша оқып білім алуға, орыстың озат мәдениетіне жақындасуға деді. Олар өздерінің ізашаралары сияқты қазақ әдебиетін, тілін дамытуды көздеді, әйелдерді азат етудің және соңғы әлеуметтік проблемаларды ұсынады. Осындай проблемаларды талқылаудың барысында бірін - бірі қарама -қарсы екі ағым - кертартпа және прогрестік ағым туды. Қазақ қауымының арасында сондай екі ағымның барлығын Ш.Уәлиханов елуінші жылдардың орта шеніннен-ақ атап көрсеткен болатын. «Осы уақытта,- деп жазды Ш.Уәлиханов,-ескі мен жаңаның арасында елеусіздеу, бір күшті күрес болып жатыр деуге болады».

Қорытынды.


ХІХ ғ. – бұл классикалық жаратылыс танудың гүлденуі, ғылымдардың біртұтас жүйесінің құрылуы. Жаратылыс танудың өндіріспен байланысы тығыз болды. Өнеркәсіпке жұмыс істейтін бірінші ғылыми зерттеу зертханалары пайда болды. Жаратылыс танудың әр түрлі салаларындағы жаңа ғылыми жаңалықтары өнеркәсіптің жетекші салаларының дамуына әсер етті: металлургия, энергетика, машина жасау, аспап жасау, көлік, химиялық өнеркәсіп.
Қарапайым практикалық тәжірибе өндірістік процестерді теориялық ұғынумен және дәл инженерлік есептеумен толықтырыла түсті. Электрдің табиғатын зерделеу нәтижелері электроэнергияны байланыс жүйелерінде, жұмыс машиналарының жетекті құрылғыларында, әр түрлі кәсіпорындардың көптеген технологиялық процестерінде, үйлер мен көшелерді жарықтандыру үшін қыздыру лампаларын жасауда қолдануды мүмкін етіп, электротехниканың дамуының теориялық негізі болды.
Паровозды, іштен жанғыш қозғалтқышты, телефонды, радионы, киноны және басқа көптеген заттарды ойлап табу ғылым мен техникада төңкеріс жасады, үлкен тарихи мәнге ие болды.
ХІХ ғ. ғылым мен техниканың дамуында болған ұлы өзгерістер Европа континентінің барлық елдері мен халықтарының әдебиеті мен өнерінің дамуына көп үлес қосты.
Капитализмнің қалыптасу дәуірі – европалық көркем мәдениеттің дамуындағы жаңа дәуір. Осы дәуірде классицизм, романтизм, сыни реализм, импрессионизм қалыптасты.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1.А.В. Новая история стран Европы и Америки. Первый период. М., Высшая школа, 1986.
2.Жаңабек Ш. Фашизм доктринасы. Түркістан. 2005. №16. 8б.
3.Жылқышиев Қ. Қазақстан тарихы. Әдістемелік журнал. – Ас., 2005. №6.
Историография Нового и Новейшего времени стран Европы и Америки. М., 1990.
4.История Европы М., 1996.
5.История Европы: В 5 т. М., 1988-2000. Т.4-5.
6.История Италии. М., 1970. Т. 2.
7.История Нового времени стран Европы и Америки. Под. Ред. Е.Ф. Язькова. М., Высшая школа, 1989.
8.История Фашизма в Западной Европе. Ответ. ред. Г.С. Филатов. – М., 1979.
9.Мәшімбаев. Қазіргі заман тарихы. (1918-1945ж.ж.) – Алм.,2004.
Новая история стран Европы и Америки. Ч.1,2. Под. Ред. проф. 10.А.Л. Нарочинского. М., Просвещение, 1972.
11.Новая история стран Европы и Америки. Второй период. М., Высшая школа, 1984.
12.Новая история стран Европы и Америки.Первый период. Изд 2-е.Под. ред.
13.Понамарев М.В.,Смирнова С.Ю. III том, - М., 2000.
14.Хрестоматия по Новой истории // Под. ред. Губера А.А. иЕфимова А.В.. в 2-х тт. М., 1963-1965.
15.Ш. Уәлиханов Сабақ - әдістеме Алматы, 2002 ж.
16.Юровской Е.Е., Кривогуза И.М., Полтавского А.М. М., Высшая школа, 1984.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет