«Қазақ тіліндегі талдау түрлерін меңгерту әдістері» 5-9 сыныптар үшін факультативтік курс



бет1/2
Дата18.03.2017
өлшемі0,66 Mb.
#11686
  1   2
«Қазақ тіліндегі талдау

түрлерін меңгерту әдістері»

5-9 сыныптар үшін

факультативтік курс

Түсінік хат 


5-9 сынып оқушыларына арналған факультатив сабағының бағдарламасы мемлекеттік білім стандарты негізінде жасалды. Оқушылардың бағдарлы оқу ерекшеліктеріне сәйкес олардың танымдық тақырыптарды грамматикалық тақырыптармен бірлікте алып жүруі ескерілді. 


Сөздердің мағынасын түсініп, күнделікті қарым-қатынас жасауда қолдана білу, сөздегі дыбыстарды қатесіз жазу, сөздердің жасалу ерекшелігін, сөздерді, сөйлем құрылымын жете түсіну өте маңызды, сондықтан фонетика саласынан бастап жүйелі қайталату мақсатын ұстандым. 
Осы бағдарлама негізінде оқушылардың өткен сыныптарда алған білімдерін пысықтап, есте сақтау қабілеттерін шыңдауға болады. 
Бағдарламаның мазмұндық бағыттары мынандай мақсаттар негізінде құрылды: 
- Сабақтарда үйренгендерін күнделікті өмірде қолданып, сауатты сөйлей білу; 
- Күнделікті өмірде, қоғамдық ортада өтілген тақырыптарға байланысты қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, әдебиеті туралы қазақ тілінде әңгімелесе білу; 
- Тілдегі сөз құрылымын, сөздердің мағыналарын, сөздердің тіркесуін, сөйлем құрылымын тану, ерекшеліктеріне мән беру; 
Оқушылар тіл білімінің барлық салалары бойынша толық қайталап, әр тақырыптан соң талдау түрлеріне жаттығады. 
Лексикалық тақырыптарды оқи отырып, сөздік қорларын байытады. 
10-сыныпта қазақ хандары, билері, батырлары, салт-дәстүрі туралы танымдық тақырыптар қамтылса, 11-сыныпта ұлттық ойын түрлері, ұлттық киімдер, саз аспаптары, Ұлы есімдер тақырыптары қамтылды.Бағдарламаға кіргізілген лексикалық тақырыптар оқулықтағы мәтіндердің мазмұнын толықтыру және оқушыға жан-жақты білім берумақсатында таңдалынды. 
Бағдарламаны дайындау барысында оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өз бетінше білім алуға деген талпынысты ояту, нәтижеге бағдарланған білім беру ұстанымы басты бағыт болды. 
6-7-сыныптарда аптасына 1 сағат, барлығы - 34 сағат; 
8-9-сыныптарда аптасына 1 сағат, барлығы - 34 сағат; 
6-7-сынып жоспары



Тақырыбы

Сағат саны

Уақыты

1

Кіріспе. Тіл туралы мақал-мәтелдер

1







Фонетика

14 сағат




2

Дауысты дыбыстар.Дауысты дыбыстардың тілдің, жақтың, ерін мен езудің қатысына қарай бөлінуі, фонетикалық талдау



4




3

Лексикалық тақырыптар:Қазақ хандары, Тәуке хан, Абылай хан, Қазақ билері 

1




4

Дауыссыз дыбыстар.Дауыссыз дыбыстардың жасалуы, түрлері, дауыссыз дыбыстарды талдау

1




5

Лексикалық тақырыптар:Төле би, «Жеті жетім» 

1




6

Буын. Тасымал. Екпін.Буын және оның түрлері, буынға бөлінбейтін сөздер, тасымал туралы, тасымалданбайтын сөздер, екпіннің түрлері, екпін түспейтін қосымшалар. Лексикалық тақырыптар:Қазыбек би, Әйтеке би 

5




7

Үндестік заңы. Буын үндестігі, дыбыс үндестігі, ықпалдың түрлері Лексикалық тақырыптар:Қазақ батырлары, Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Райымбек батыр 

2







Лексика

18




8

Сөз және оның мағыналары

7




9

Лексикалық тақырыптар:Бұқар жырау, Бұқар мен Абылай, Киіз үй. 

1




10

Қолданылу аясы шектеулі сөздер

9




11

Лексикалық тақырыптар:Қазақ елін танытатын мәтіндер. 



1




8-9-сынып  жоспары





Тақырыптары

Сағат саны

Уақыты

1

Морфология

6




2

Сөз құрамы

6




3

Түбір мен қосымша,жалғау мен жұрнақ және оның түрлері, талдау 
Лексикалық тақырыптар:Ұлттық ойын түрлері 



5





4

Сөз таптары. Сөз таптарына жеке-жеке тоқталып, өзіндік ерекшелігін таныту 
Лексикалық тақырыптар:Ұлы есімдер 
Синтаксис

8




5

Сөз тіркесі. Сөйлем. Жай сөйлемнің түрлері.Сөйлем мүшелері. Сөздердің байланысу түрлері, тәсілдері. Құрмалас сөйлем. 
Лексикалық тақырыптар: Түркілер тарихындағы әйгілі адамдар 

8



ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР

Оқушылардың бағдарлы оқу ерекшеліктеріне сәйкес олардың танымдық тақырыптарды грамматикалық тақырыптармен бірлікте алып жүруі ескерілді.
Сөздердің мағынасын түсініп, күнделікті қарым-қатынас жасауда қолдана білу, сөздегі дыбыстарды қатесіз жазу, сөздердің жасалу ерекшелігін, сөздерді, сөйлем құрылымын жете түсіну өте маңызды, сондықтан фонетика саласынан бастап жүйелі қайталату мақсатын ұстандым.
Осы бағдарлама негізінде оқушылардың өткен сыныптарда алған білімдерін пысықтап, есте сақтау қабілеттерін шыңдауға болады.
Бағдарламаның мазмұндық бағыттары мынандай мақсаттар негізінде құрылды:
- Сабақтарда үйренгендерін күнделікті өмірде қолданып, сауатты сөйлей білу;
- Күнделікті өмірде, қоғамдық ортада өтілген тақырыптарға байланысты қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, әдебиеті туралы қазақ тілінде әңгімелесе білу;
- Тілдегі сөз құрылымын, сөздердің мағыналарын, сөздердің тіркесуін, сөйлем құрылымын тану, ерекшеліктеріне мән беру;
Оқушылар тіл білімінің барлық салалары бойынша толық қайталап, әр тақырыптан соң талдау түрлеріне жаттығады.
Лексикалық тақырыптарды оқи отырып, сөздік қорларын байытады.

1.Тіл туралы мақал-мәтелдер



1. Ана тілің алпыс тілге татиды.

2. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.  

3. Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.

4. Тіл - достықтың алтын көпірі.

5. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі.

6. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.

7. Тілі өлген ел - тірі өлген ел.

8. Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ.

9. Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін.

10. Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.

11. Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, тіл айырар анасының баласын.

12. Тіл ақылдың - өлшемі.

13. Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түрімде. 

14. Жақсы тауып айтар, жаман қауып айтар.

15. Ашынған тілді болар, ашыққан ұры болар.

16. Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.

17. Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.

18. Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.

19. Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.

20. Ми ойлағанды тіл тындырады.

21.Құлаққа кірген суық сөз, көңіліңе барып мұз болар.

Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар. Ашық, қысаң дауыстылар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ашық, қысаң дауыстылар туралы түсінік беру. Айтылу ерекшеліктерін ұғындыру. Сөз жасау, сөйлемді дұрыс құру тәсілдерін таныстыру.
Дамытушылық: шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру, өз бетінше ізденуге дағдыландыру, оқушының тіл байлығын жетілдіру.
Тәрбиелік: тіл қадірін сезіне білуге, сөз мағынасын терең түсінуге, дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру
 Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Көрнекілігі:   тірек сызбалар, таблицалар, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:   І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.  Қайталау –  оқу анасы. (үй тапсырмасын сұрау)
1. Фонетика нені зерттейді?
2. Дыбыс дегеніміз не?
3. Тіл дыбыстары қалай жасалады?
4. Қазақтың төл дыбыстарын ата.
5. “Әліп би” сөзінің мағынасы қандай?
6. Дауысты дыбыстар  қалай жасалады?
7. Жуан, жіңішке дауыстыларды ата.
ІІІ. Жаңа сабақ. (тірек сызбалар арқылы түсіндіріледі.)
Дыбыстар: дауысты, дауыссыз
Дауысты дыбыстыр: тілдің қатысына қарай:
1) жуан: а, о, ы, ұ, у
2) жіңішке: ә, ө, і, ү, е, э, и, у
Жақтың қатысына қарай:
1) ашық: а, ә ,о, ө, е, э
2) қысаң: ы, і, и, у, ұ, ү
Ерін мен езудің қатысына қарай:
1) еріндік: о, ө, ұ, ү, у
2) езулік: ә, е, і, а, и, э, ы
ІУ. Кітап-  досың , ақылшың. (оқулықпен жұмыс)
244 – жаттығу. Мәтінді оқып, ашық дауысты дыбыстарды табыңдар.
245 – жаттығу.  Мына жұмбақтардың шешуі қай дыбыс? Дауыстылардың қайсысына жатады?
246 – жаттығу. Мәтіннен ашық дауысты дыбыстарды бір бөлек,
қысаң дауысты дыбыстарды бір бөлек теріп жазыңдар.
У. Мақал – сөздің мәйегі. 1. Бірыңғай дауысты дыбыстан басталатын мақалдар айтыңдар.
2. Жалғасын тап.
Көп жасаған білмейді, ……………. көп көрген біледі
Біреуге ор қазба, ………………..өзің түсетсің
Кітап — ………………………білім бұлағы
Отан үшін отқа……………….түс, күймейсің
УІ. Адасқан әріптер
і, м, б, л, і             білім
к, р, е, м, т, е,е,     керемет
к, т, е, м, е, т, е       текемет
с, ұ, з, а, т         ұстаз
ғ, м, л, ы, а          ғалым
ә, і, п, р          әріп
о, у, ш, қ, ы     оқушы
УІІ. Біліміңді байқап көр. Шығармашылық жұмыс. «Менің сүйікті жыл мезгілім» тақырыбына эссе жазу. (видео көрсетіледі)
УІІІ. Білімді мыңды жығар. Фонетикалық талдау.
Мыс: Оқжетпес – Көкшетаудағы ең әдемі тау
ІХ. «Жүйріктен жүйрік озар…» үш қатарға тапсырмалар беріледі.
1 қатар: Ассонансқа мысал кетіріңдер
2қатар: Метаграмма құрастырыңдар
3 қатар. Сөзден сөз тудырыңдар
Х. Жаңылдырсаң да жаңылмаймын. «Домино» ойыны арқылы жаңылтпаш беріледі. Дұрыс құрастыру керек. «Есет атам ет асатар, ет асатса бес
асатар.»
ХІ. Тест тапсырмасы
1. Қазіргі әліпбиімізде қанша әріп бар?
А) 10   Ә) 41   Б) 42
2. Қазақ әліпбиіне тән дыбыстардың саны қанша?
А) 7   Ә) 12   Б) 9
3. Тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы қалай аталады?
А) синтаксис    Ә) фонетика    Б) лексика
4. Дауысты дыбыстарды тап.
А) а, ә, ө, о    Ә) б, ж, л, р     Б) қ, ғ, м, н, ң
5. Жуан дауысты дыбыстарды ажырат
А) а, ә, б, в, ң        Ә) й, п, а, о, м, л      Б) а, о, ұ, ы
6. Ашық дауысты дыбысты тап.
А) а, ө, у, ү, ұ          Ә) а, ә, о, ө, е, э    Б) ұ, ү, ы, і, и
7. Жіңішке дауысты дыбыстарды тап.
А) а, ө, у, ү, ұ   Ә) а, ә, о, ө, е, э     Б) і, и, е, э, ү
8. Қысаң дауысты дыбыстарды көрсет.
А) о, ө, ұ, ү   Ә) ы, і, и, у, ұ     Б) қ, к, с, з, д
9. Қосарлы дыбыстар қандай дыбыстар?
А) а, ө, у, ү, ұ      Ә) а, ә, о, ө, е, э      Б) ұ, э, я
10. Қазақ тілінде дыбыс саны қанша?
А) 32     Ә)28    Б)37
ХІІ.  Семантикалық карта. 12 дауысты дыбысты өз тобына орналастыру керек.

ХІІІ. Үйге тапсырма.


1.    ереже жаттау.
2.    өтірік өлеңдер табу немесе шығару және солардан ашық, қысаң дауыстыларды тауып келу.

Фонетикалық талдау

Қазақ тілінде 42 әріп, 37 дыбыс бар.

Дауысты дыбыстар: (Гласные звуки в казахском языке)

Дауысты дыбыстар түрлері
Виды гласных звуков

Тілдің қатынасына қарай
По подъему языка

Жақтың қатынасына қарай
По положению челюсти

Еріннің қатынасына қарай
По участию губ

жуан
твердые

жіңішке
мягкие

ашық
открытые

қысаң
сжатые

еріндік
губные

езулік
нелабиализованные

а,о,ы,ұ,э,у

ә,ө,і,ү,е,и

а,ә,е,о,ө,э

ы,и,і,у,ұ,ү

о,ө,у,ұ,ү

а,ә,е,э,ы,і,и


Дауыссыз дыбыстар: (Согласные звуки в казахском языке)

Дауыссыз дыбыстар түрлері
Виды согласных звуков

Ұяң
Звонкие

Қатаң
Глухие

Үнді
Сонорные

б,в, г, ғ, д, ж, з

к,қ,п,с,т,ф,х,ц,ч,ш,щ,һ

й,р,л,м,н,ң,(у)

Итого в казахском языке:



  • букв - 42, из них 15 гласных и 25 согласных + Ъ и Ь.

  • звуков - 37, из них 12 гласных и 25 согласных.

Буындар:

1. Ашық: A, BA


2. Тұйық: AB
3. Бітеу: BAB, где

A - дауысты (гласный звук)
B - дауыссыз (согласный звук)

Пример фонетического разбора (Мысал):

Сөз: Отбасы

Отбасы1 - 3 буын, от - тұйық; ба, сы - ашық.


О - дауысты, жуан, ашық, еріндік;
т - дауыссыз, қатаң;
б - дауыссыз, ұяң;
а - дауысты, жуан, ашық, езулік;
с - дауыссыз, қатаң;
ы - дауысты, жуан, қысаң, езулік.

Абылай хан кезіндегі Қазақ хандығы

Мақсаты: қазақ халқының аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері Абылай хан жайлы жүйелі білім беру, Абылайдың Қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтау жолындағы сыртқы саясат саласындағы тарихи еңбегін ашып көрсету; оқушылардың сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттырып, ойлау, сөйлеу, танымдық, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру; оқушылар бойында қазақтың ұлы ханы Абылай тұлғасына , оның кемеңгерлігіне, дипломатиялық шеберлігіне деген қызығушылық пен құрмет сезім қалыптастыру; отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу;

Көрнекілігі: карта, интерактивті тақта, слайд, тірек схемалар, карточкалар, бейнефильм

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

II. Тақырыпты меңгеру

/Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. /

Абылай ханды 18 ғасырда әлемдік тарих сахнасында елеулі рөл атқарған тарихи тұлға екенін қазақтар ғана емес, әлем ғалымдары мойындаған. Олар адамзат тарихында ерекше еңбек сінірген тарихи тұлғаларды «Адамзат күнтізбесі» кітабына енгізген. Осы құнды кітапта екі-ақ қазақ туралы мәлімет бар. Олар кімдер деп ойлайсыздар? Бірі Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев болса, екіншісі-Абылай хан. Бұл Абылай ханның әлем тарихында берік орын алғанының куәсі.

Патшалық Ресей заманында Абылай бейнесі тұмшаланып және сыңаржақ берілді. Оны «айлакер, залым, екіжүзді саясаткер» ретінде көрсетті. Ал кеңестік заманда Абылай есімін мектептің тарих оқулығынан алып тастады, оны ұмыттыруға тырысты, оның атын атап, еңбегін зерттегендер «ұлтшыл», «байшыл» деген атаққа ілінді. Қазақ хандары «жауыз, оңбаған, еңбекші халықтың жауы» ретінде түсіндірілді. Бірақ отаршылдар қанша тырысқанымен Абылай есімін қазақ халқының жадынан өшіре алмады

Абылайдың билікке келген кезі қазақ халқы үшін жойылып кету қаупі төніп тұрған заман болды. Ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай: «артында –ор, алдында-көр, жан-жағы-жау» деген қилы заман болды. Осынау тарихи жағдайды бірауыз өлеңмен былай бедерлеген:

Былай барсаң-Қоқан бар,

Қоқандаған әкең бар.

Былай басаң-Қалмақ бар,

Күшіңді еппен алмақ бар,

Былай барсаң-Қытай бар,

Жапырағыңды бұтай бар.

Былай барсаң-орыс бар,

Балаңды берсең қоныс бар.

Бір шұмақтан Қазақ хандығының сыртқы жағдайының күрделі екенін байқауға болады.

/картадан оқушылар көрсетіп дәлелдейді/

слайдтар көрсетіледі

Абылай хан (1711-1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек.

/балалық шағынан үзінді келтіру/

Абылайдың азан айтып қойылған аты -Әбілмансұр. Ол мұсылманша жақсы білім алады. Шығыстың жеті тілін білді. Домбыраны жақсы тартты. Оның өзі шығарған 20-дан астам күйі бар: «Ақ толқын», «Шаңды жорық», « Сары бура», « Дүние қалды»...Он бес жасқа толған кезінен бастап жоңғар басқыншыларымен соғысқа белсене қатысты.

Сұлтанның бойы ортадан жоғары болатын. Жауырыны қақпадай, дене күші зор еді. Замандастары оны батылдығы , ержүректігі және әбжілдігі үшін қатты құрметтейтін. Ол өз ғұмырының ең соңғы күндеріне дейін жауынгерлерімен бірге болды. Соғыста қолға түскен барлық олжаны бөлісті. Жаумен шайқастар кезінде бірнеше рет жаралы да болды.

Абылай Орта жүздің сұлтаны болады. Ал Әбілмәмбет хан қайтыс болған соң, 1771 жылы 3 жүздің өкілдері қасиетті Түркістанда Абылайды ақ киізге көтеріп хан сайлайды.

Тәуке хан

«Хандық кеңестің» және «билік кеңестің» рөлін арттырды

Феодалдық талас-тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қуатты қазақ хандығын құруға күш салды

Хан мен билер ғана соттық сансапты атқаруға тиіс болды

Билер жергілікті атқарушы өкіметке айналды

Жәңгірұлы Тәуке хан (1626-1718) – Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы. Шешесі – қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі Күнделен-тайшының қызы. Мұрагерлік жолмен Қазақ хандығының билік тізгінін қолға алған кезде (1680ж.) Тәуке ел ағасы жасына келіп ақыл тоқтатқан, мемлекет ісіне араласып, мол тәжірибе жинақтаған білікті жан болатын. Сондықтан да ол таққа отырып, әке ісін алға жалғап, оның саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тәукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын мәнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танытанын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде. Бұл ретте ол ұлы бабасы Қасым ханға қарай бейімделеді.

Тәуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша назар аударады. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел аудырмағаны. Екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тәртіпті орнатуы. Ол төңірегіне топтан торай шалдырмайтын, сыртқа сыңар сабақ жіп алдырмайтын, бір ауыз сөзімен жұртты жатқызып - өргізетін, беделімен елдің бірлік-берекесін кіргізетін ақыл иелерін жинап, халқын солар арқылы басқарды, ақыл-ой, парасат үстемдігін орнатты. Тарих дерегі сол кезде Тәукенің қасында Ұлы жүз Әлібекұлы Төле, Орта жүз Келдібекұлы Қазыбек,Кіші жүз Байбекұлы Әйтеке, қырғыз Қарашораұлы Көкім, қарақалпақ Сасық би, қатаған Жайма секілді халықтың ішінен уақыттың өзі екшеп шығарған, даналық сөзімен, әділетті ісімен, қара қылды қақ жарған тура билігімен аттары бұл күнде аңызға айналған атақты билердің болғанын айтады. Осындай алыптардың замана тынысын тамыршыдай тап басып танып, халықтың басын қосып, елдің бірлік – берекесін кетірер ішкі дау – жанжалды, барымта – сырымтаны тиып, елді ынтымақта ұстау мақсатында ой тоғыстырып, бір бағытта игілікті іс-қимыл жасау арқасында Қазақ хандығының жағдайы күрт жақсарып, сыртқа айбарын асырды. Жұрт ерді ел қолдаса - береке, ханды ел қолдаса мереке екенін көрді. Сол себепті де Тәуке хан ел билеген кез - халық есінде « қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» тыныш берекелі заман болып қалды.

Тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері

Мақсаты: 1) Білімділігі: Оқушыларға дауыссыз дыбыстардың түрлері туралы түсінік беру. Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.

2. Дамытушылығы: Оқушылардың тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс жүргізуін, сөздік қорларын, сөйлеу мәнерін дамыту.

3. Тәрбиелігі: Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, табиғатқа қамқорлыққа, еңбекке, ептілікке тәрбиелеу.


Каталог: uploads -> doc -> 05c7
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет