1. Химиялық элементтердiң қасиеттерiнiң периодтылығы (металдық және бейметалдық, атом радиусы, иондану энергиясы, электрон ынтықтық, электртерiстiк) жайында түсінік



бет1/18
Дата04.06.2023
өлшемі10,15 Mb.
#178211
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

1. Химиялық элементтердiң қасиеттерiнiң периодтылығы (металдық және бейметалдық, атом радиусы, иондану энергиясы, электрон ынтықтық, электртерiстiк) жайында түсінік
Атомның құрамына оң зарядты ядро мен теріс зарядты электрондар кіреді. Д. И. Менделеев ұсынған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі рет нөмірі сол элементтің атом ядросы зарядының мәнімен сәйкес келеді. Aтом ядросы оң зарядты протондар мен заряды жоқ нейтрондардан тұрады. Әр элемент атомының ядро зарядына тең протондар саны тұрақты, ал нейтрондар саны өзгермелі болуына орай изотоптар шығады. Период деп сілтілік металдан басталып инертті газбен аяқталатын элементтер тобын айтады. Периодтар горизонталь қатардан тұрады. Периодтық жүйеде 7 период бар, олар рим сандарымен белгілеген, I, II және III периодтар бір қатардан тұрады және кіші периодтар деп аталады, ал IV, V, VI, VII периодтар екі қатардан тұрады, оларды үлкен периодтар деп атайды. Бірінші периодта-2 элемент, екінші және үшіншіде-8-ден, төртінші мен бесіншіде-18-ден, алтыншыда-32, жетіншіде(аяқталмаған)-32 элемент бар. Әрбір период, біріншіден басқасы, сілтілік металдан басталып, инертті элементпен аяқталады.
Бейметалдар - металл еместер қатарына: сутек, бор, көміртек, кремний, фосфор, мышьяк, оттек, күкірт, селен, теллур, галогендер, асыл газдар жататын химиялық элементтер тобы; оларды металдардан бөліп топтауға қолданылатын атау.[1]Табиғаттағы белгілі бейметалдар саны металдарға қарағанда аса көп емес. Периодтық жүйедегі бейметалдардың орнын анықтау үшін бор элементінен астатка дейін көлденең сызық жүргізсе, кестенің жоғарғы оң жақ бұрышын ала негізгі топшаларда бейметалдардың орналасқаны байқалады. Периодта бейметалл элемент атомының ядро заряды біртіндеп өседі де, атом мөлшері кішірейеді. Сондықтан электрон қосып алуға бейімділігі жоғары және тотықтырғыштық қасиеті басым болады. Ал бейметалл орналасқан негізгі топшаларда (IV—VII) атомның радиусы неғұрлым кіші болса, ол ең сыртқы электрондарды күшті тартады. Демек, тотықтырғыштық қасиеті басым болады. Мысалы, фтор мен хлор атомын салыстырсақ, ең күшті тотықтырғыш — фтор. Бейметалдардың тотықтырғыш қабілеті электртерістіктің сан мәніне байланысты. Тотықтырғыш қасиеттердің өзгеруіндегі осы заңдылық сол бейметалдар түзетін жай заттарға да тән
Металдар — электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы металдардың ішкі құрылымымен байланысты. Металдардың (сынаптан басқа) кристалдық тор көздерінде металл атомдары орналасқан. Олар бір-бірімен металдық байланыспен байланысады. Металдардың иондану энергиясы аз болғандықтан олардың валенттік электрондары оңай бөлініп, бүкіл кристалдың бойында еркін қозғала алады. Сондықтан олардың жиынтығын электрон газы деп те атайды. Су ерітінділеріндегі реакциялар үшін металдың активтілігі оның активті қатардағы орнына байланысты.
Периодтарда солдан оңға қарай сыртқы қабаттағы электрондар саны біртіндеп артады, бұл металдық қасиеттің біртіндеп әлсіреп, бейметалдық қасиеттің артуына әкеп соғады.
Атом радиусы — молекулалар мен кристалдардағы атомаралық (ядроаралық) қашықтықты жуықтап анықтау үшін қолданылатын сипаттама. Атомдардың белгілі бір анық шекарасы болмайды. Атомның мөлшері оның электрондық қабықшаларының шекарасы бойынша анықталады.
Иондану энергиясы - бұл қозбаған күйдегі атомнан электронды жұлып алу үшін қажет етілетін энергия мөлшері. Атомның иондану энергиясы килоджоульдің мольге (кДж/моль) немесе электровольттің мольге эВ/моль қатынасы арқылы өлшенеді. Иондану энергиясы латын I әрпімен белгіленеді. Көп атомы бар электрондар үшін бірінші электронды жұлуға жұмсалатын, екінші, үшінші т.б. электрондарды жұлуға әртүрлі энергия мөлшері жұмсалады.
Атом радиусы өскен сайын иондану энергиясы азаяды. Период бойынша солдан оңға қарай Иондану энергиясы артады. Топ бойынша жоғарыдан төменге карай Иондану энергиясы кемиді.
Электронға ынтықтық энергиясы – бейтарап атомға электрон қосылғанда бөлінетін энергия. Бұл энергия топ нөмірі артқан сайын өседі, яғни период бойынша солдан оңға, топ бойынша төменнен жоғары. Электронға ынтықтық элементтердің бейметалдық қасиетін сипаттайды. Шамасы көп болса, бейметалдың активтігі жоғары.
Электртерістілік - элементтің сыртқы электрон қабатын толықтыруға ұмтылысын сипаттайтын шаманы айтады. Заттардың формулаларын жазғанда электртерістілігі төмен элемент алдымен, ал электртерістілігі жоғары элемент соңынан жазылады. Химиялық байланыстың түзілуі мен оның қасиеттері әрекеттесуші элементтердің атомдарының құрылысына тәуелді болады. Электртерістілік период бойынша солдан оңға қарай, ал топ бойынша төменнен жоғары қарай артады.Егер байланыс түзуші элементтердің электртерістілігі бірдей болса, ковалентті полюссіз байланыс түзеді. Байланыс түзуші элементтердің электртерістіліктерінің айырмашылығы аз болса, ковалентті полюсті байланыс түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет