Жаңбырды бақылау Мақсаты: Жаңбыр туралы түсініктерін қалыптастыру.
Далада жаңбырдан кейін шалшықтар пайда болады, жаңбыр жауғанда адамдар үстеріне судырлақтар киіп, қолдарына қолшатыр ұстап жүреді. Жер беті су болады, су сайларға, жыраларға ағады.
Тақпақ: Тамшылар - ай, тамшылар.
Жердің бетін су қылар.
Балаларға батпақты, шалшықты басуға болмайтындығын айтып түсіндіру. Ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.
Қимылды ойын: «Балық» ойынын ойнау. Балаларды шапшаңдыққа үйрету.
№ 2
Гүлбақты бақылау Мақсаты: Балалармен бірге гүлбақты бақылау. Өсіп тұрған гүл шоғының сабағын, жапырағын, гүлін ажырата білуге үйрету.
Көркем сөз: Гүлдер, гүлдер көп гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Еңбек: Жердегі жапырақтарды жинату. Балаларды еңбек етуге үйрету.
Қимылды ойын: «Тышқан мен мысық» ойынын ойнату. Балаларды байқағыштыққа тәрбиелеу.