Бұланды ауданында “Қобыланды батыр” жырын жатқа айтушылар байқауы Макинск №5 ОМ базасында өтілді.
Байқау Макинск№5 орта мектебінің 8- сынып оқушысы Алдабергенова Аружанның орындауындағы «Қазақ елі осындай» өлеңімен басталды.
1-жүргізуші:
- Армысыздар, құрметті ұстаздар, жыр бәйгесіне қатысушы оқушылар!
1, 2- жүргізуші:
-Аудандық “Қобыланды батыр” жырын жатқа айтушылар байқауына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Байқаудың мақсаты: Кеңес Одағының батыры, академик, жазушы Мәлік Габдуллиннің шығармашылығы мен ғылыми еңбектерін жас ұрпаққа насихаттау.
Жасынан батырлар жырын жаттап өсіп, кемел шағында жан - жақты зерттеп, ғылыми еңбек жазып, сол арқылы рухтанып небір ерліктер жасаған Мәлік Габдуллин атамыз өзі де қазақ халқының ұлттық қаһарманына айналған тарихи тұлға.
2-жүргізуші:
Мәлік Габдуллин : “Батырлық салт бүгін ғана пайда болған жоқ. Ол ертеден келе жатыр. Кешегі батыр бабаларымыз батырлықтың тамаша үлгісін көрсетті ғой. Ал, бүгінгі қазақ жігіттері сол бабаларының дәстүрін ілгері дамытуда”- деп ерлік дәстүрінің жалғастығы туралы айтқан еді.
Сондықтан, ұрпақтар арасында рухани жалғастықты сақтап, дамыту үшін жыршылар арасында бұл байқауды өткізудің маңызы зор.
Бүгінгі ұрпақ Қобыланды батыр арқылы Мәлік батырды, Мәлік батыр арқылы Қобыланды батыр әлемін тани түсетін болады.
1-жүргізуші:
Макинск№5 орта мектебінің 9- сынып оқушысы Жекейхан Айымбектің орындауындағы «Сарыарқа» күйін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші:
Аудандық “Қобыланды батыр” жырын жатқа айтушылар байқауы жылда ұйымдастырылып өткізіліп келеді.
1-жүргізуші:
Айдана, аудандық “Қобыланды батыр” жырын жатқа айтушылар байқауына кімдер қатысып жүр?
2-жүргізуші:
Слайд көрсетіліп тұрады.
Байқауға аудандық мектептер арасында көптеген талантты, дарынды оқушылар қатысып жүргенін атап кетсек:Балуан Шолақ атындағы мектеп – лицейі оқушылары: Мухамет Нұржанат, Ибрагимова Саяна , Тлешова Мадина, мектеп- гимназия оқушысы Қозыев Шыңғыс, Макинск № 5ОМ –нің оқушылары: Азатбек Бергенбек пен Шынуар Назерке , Шешхан Өмірзақ, Елтай орта мектебінің оқушысы Құдайбергенова Медея, Шұбарағаш ОМ -нің оқушысы Есмуханов Ибрагим сынды
оқушыларымыз байқаудың жүлделі орын иегерлері.
1-жүргізуші:
- Облыстық байқауда кімдер жүлдегер атанды?
2-жүргізуші:
Облыстық байқауда 2014-2015 оқу жылы Алтынды ОМ- нің 6- оқушысы Жанғабыл Ердаулет,2016-2017 оқу жылы Балуан Шолақ атындағы мектеп – лицейі 9- сынып оқушысы Тлешова Мадиналар 3- орынды иеленген.
1-жүргізуші Керемет!
- Олай болса, сіздердің құрметтеріңізге ауданымыздың жас ақыны Макинск№5 орта мектебінің 9 - сынып оқушысы Азатбек Бергенбектің жазған “Қобыланды батыр бабама» арнау өлеңін 9- сынып оқушысы Хуатбек Арманнның орындауында қабыл алыңыздар.
Қобыланды батырға
Бар қазақтың батыры-Қобыланды
Аңыз болып тарихта жолы қалды.
Егес қылған ерлігі ел есінде
Жарқыраған маңдайда бағы мәңгі
Жаратқан жар болды анық өр ұлыңа
Қосылып Құртқа сынды аруыңа
Балуан ғой белдескеннің белін үзген
Дес бермеген дұшпанға жау ығына
Қобыланды алаштың ақтабаны
Ұрпағы бабасымен мақтанады.
Ұмытылмай есімі ұлықталып
Жадымызда мәңгілік сақталады..
1,2- жүргізуші:
-Байқауға қатысушы оқушыларға сәттілік тілейміз!
2- жүргізуші: Енді сөз кезегін аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскері –Ажданова Жанар Шүкіридинқызына берейік.
Аудандық қазақ тілі мен әдебиеті бойынша
әдістемелік бірлестік жетекшісі Муса Маржангуль
15.11.2017ж.
Достарыңызбен бөлісу: |