Дәріс 10. Кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін бағалау қағидалары, әдістері мен тәсілдері. 1. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау. 2. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне талдау. 3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау көрсеткіштері. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік қызметінің негзгі мақсаты- табыс табу.әсіресе,қазіргі бәсекелік күрестің күшеюі мен экономикалық дамудың жаңа жағдайында тек табыс тауып қана қоймай,тиімділігін арттыру міселесіне көңіл бөлуді қажет етеді. Кәсіпкерлік қызметінің тиімділігін ғылыми-зерттеушілер әртүрлі көзқарас тұрғысынан қарастырады. Көбінесе өндіріс тиімділігімен байланысты қарастырады. Яғни,өндірістің нақты нәтижелері шығындармен немесе қолданылған ресурстармен салыстырады. Мұндай жағдайда тиімділіктің негізгі қағидасы-ең аз шығын жұмсай отырып, ең көп табыс табу.
Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау - ол кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын интегралды (рейтингтік) бағалауды білдіреді. Кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын объективті бағалауға өндірістік-шаруашылық қызметке қатысушылардың барлығы мұқтаж.
Кәсіпорынның менеджерлері үшін олар қабылдайтын шешімдердің, сондай-ақ, материалдық, еңбек, қаржы ресурстары пайдалану тиімділігін және алынған сонғы қаржылық нәтижелерді бағалау үшін маңызды.
Меншік иелеріне кәсіпке салынған қаражаттың қайтымдылығы, кәсіпорынның рентабельділігі,сондай-ақ экономикалық тәуекелдің деңгейі және капиалды жоғалту ықтималдылығы қандай дәрежеде екендігін білу маңызды. Жеткізушілер үшін олардың жеткізген материалдық ресурстары, орындаған жұмыстарымен көрсеткен қызметтері үшін төлем жасау мүмкіншілігін бағалау маңызды.
Кәсіпорын қызметінің осы аталған барлық аспектілері отандық және әлемдік тәжірибеден жинақталған әдістер (құралдар) көмегімен басқарылады. Кәсіпорын тиімділігін анықтауға арналған құралдар ретінде әртүрлі көрсеткіштер кеңінен қолданылады.
Кәсіпорынның басты мақсаты - ең көп пайда табу.
Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау кезінде сандық бағалауға басымдық беріледі, ол мақсаттарды сипаттау үшін де пайдалынады. Сандық бағалау кезеңінде нақты және негізделген нәтижелер береді, сондай-ақ жүргізу тәртібін анықтау үшін де қолданылады. Мұндай бағалау сенімді нәтижелер алуға мүмкіндік береді.
Кәсіпкерлікің тиімділігін бағалаудың бір қағидасы - мақсатты тұжырымдау кезінде кәсіпкердің нарықтық ұстамының тұрақтылығын сипаттайтын мақсаттарға басымдық беру. Мұндай тәсіл ең көп пайда табуға ұмтылуға қайшы келмейді, бірақ кәсіпорынның ұзақ мерзімді перспективада табысты жұмыс жасауына жағдай жасайды.
Тиімділікті бағалаудың тағы бір қағидасы бағалау мақсаттары мен көрсеткіштер өнімнің өмірлік циклімен өзара байланысты.
Сонымен кәсіпкерлік қызметінің нәтижелілік көрсеткіштерінің өзгеруі өнімнің өмірлік циклінің сатыларына байланысты, сондай-ақ, кәсіпкерліктің мақсаттары мен міндеттеріндегі құрылымдық өзгерістерге сәйкес, олардың комбинациялану мүмкіншілігімен сипатталады.
Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдаудың негізгі мақсаты - оның ұйымдастырушылық, технологиялық және өзге де аспектілерін зерттеу арқылы даму болашағын қамтамасыз ету.