1 Кәсіпорын: ұғымы, мәні, қызметінің экономикалық негізі. Әртүрлі белгілер бойынша салалардың топтастырылуы



бет1/5
Дата12.12.2019
өлшемі227,5 Kb.
#53520
  1   2   3   4   5
Байланысты:
МУ к пр Экон.-АУК-1д




МАЗМҰНЫ




Кіріспе

4

1 Кәсіпорын: ұғымы, мәні, қызметінің экономикалық негізі. Әртүрлі белгілер бойынша салалардың топтастырылуы

2 Кәсіпорынның негізгі капиталы, тиімділік көрсеткіштері. Амортизация және оны аудару әдістері


5

5


2.1 Типтік есептер

8

3 Кәсіпорынның айналым капиталы, оны пайдаланудың тиімділік көрсеткіштері

9


3.1 Теориялық мағлұматтар

10

3.2 Типтік есептер

12

4 Еңбек ресурстары және еңбек өнімділігі

4.1 Теориялық мағлұматтар

4.2 Типтік есептер


13

13

14



5 Өнімнің өзіндік құны. Кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштері

5.1 Теориялық мағлұматтар

5.2 Типтік есептер


16
16

17


6 Инвестициялық қызметтің ұйымдастырылуы, жобаның экономикалық тиімділігі

6.1 Теориялық мағлұматтар

6.2 Типтік есептер


18
18

19


Әдебиеттер тізімі

20

КІРІСПЕ
Тәжірибелік сабақтың мақсаты – студенттерге болашақ мамандығының экономикалық негізін танып білуі және оны іс жүзінде инженерлік шешімдерді шешуде қолдана білуді үйрету.

Тәжірибелік сабағында берілген тапсырмалардың ерекшелігі – шаруашылық есеп пен өзін-өзі қаржыландыруда өндірістегі кездесетін жағдайлардың тәжірибемен тығыз байланыстылығы.

Инженерлік шешімнің критерилері оның ең жоғарғы экономикалық тиімділігі болып табылады яғни қойылған мақсатқа аз мөлшерде шығын жұмсап, нақтылы жағдайда кірген кірістің шыққан шығыстан артық болуының қажеттілігі.

Кез-келген сұрақты шешуде талап етілетін әдістер:


  • тапсырманың мәнін, мақсатын түсіну;

  • сәйкесінше шешімін беретін есептік формуланы таңдау;

  • қосымша есептеулерге қажетті формула элементтерін іріктеу;

  • формуланың барлық элементтерін оның талабына сай бір өлшемге келтіру;

  • барлық формула элементтерінің өзара байланысын түсіне білу;

  • есептеу капиталытындысын негізге ала отырып, шыққан жауаптың

дұрыстығын анықтау және капиталытынды жасау.

Тапсырмалар лекциялық курстың оқылу ретімен берілген.

1 КӘСІПОРЫН ҰҒЫМЫ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗІ, ҰҒЫМЫ, МӘНІ, ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗІ. ӘРТҮРЛІ БЕЛГІЛЕР БОЙЫНША САЛАЛАРДЫҢ ТОПТАСТЫРЫЛУЫ
Кәсіпорынның басты мақсаты ол қажетті өнімді өндіру және неғұрлым аз шығын жұмсап, жоғары сапалы өнім шығару. Кәсіпорын өндірістік техникалық, ұйымдастырушылық және экономикалық процесстер сипатынан тұрады. Әр-түрлі саладағы өнеркәсіптік кәсіпорындар өзара ортақ белгілерге ие сондықтан оларды топтарға немесе классификацияға бөлінеді.

Тақырыптың мақсаты: Бүгінде нарықтық экономикалық қатынастар орнаған жағдайда өнеркәсіптік кәсіпорындардың классификациясын түсіну, өндірістік шаруашылық қызметте алатын орнын анықтау.

Кәсіпорын экономиканың негізгі буыны, дербес шаруашылық субъектісі. Кәсіпорынның жіктелуі. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық формалары. Өндірістік құрылымы және оны анықтау факторлары. Көмекші және қызмет көрсетуші шаруашылықтарды ұйымдастыру. Өндірістік цикл және оның оның экономикалық функцияларын қарастыру.

Бақылау сұрақтары:



  1. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың топтарға бөлінуінің ортақ белгілерін қалай түсінесіз?

  2. Өндірістің технологиялық ортақ белгісі бойынша кәсіпорындар қандай топтарға бөлінеді.?

  3. Кәсіпорындар мамандырылған деңгейі бойынша қандай түрге бөлінеді?

  4. Өнеркәсіптік өндіріс типіне байланысты қалай бөлінеді?

2 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫ, ТИІМДІЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІ. АМОРТИЗАЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫ АУДАРУ ӘДІСТЕРІ


Өнеркәсіп негізгі капиталына өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын өндіріс құрал-жабдықтары жатады. Олар өз құнын жасалған өнімге өзінің тозуына қарай бірте-бірте бөлшектеп енгізеді, негізгі капитал пайдалану процесінде табиғи және моральдық тозуға ұшырайды.

Негізгі капитал өндіріс процессіне тағайындалу сипаты бойынша келесі топтарға бөлінеді: өндірістік және өндірістік емес негізгі капитал. Өндірістік капитал өнім өндіру немесе қызмет көрсету процессіне тікелей қатысады. Мысалы, жұмыс машиналары, станоктар, аспаптар. Өндірістік емес негізгі капитал өнім өндіруге жанама түрде қатысып, кәсіпорын қызметіне қолайлы жағдайлар тудырады. Оларға мыналар жатады: кәсіпорын медициналық қызмет орны, клуб, демалыс үйлері, балабақша және т.б.

Негізгі капиталды бағалау

Негізгі капиталдың алғашқы (баланстық) құны:


Сбал= Спр + Сд + См (1)
мұнда Спр – жаңа капиталды иемдену құны, тг;

Сд – жеткізу шығыны, тг;

См – монтаж шығыны, тг.

Қалпына келтіру құны:


Св = Сбал х Кпр (2)
мұнда Сбал – негізгі капиталдың баланстық құны;

Кпр – капитал құнын іс жүзіндегі бағаға келтіру коэффициенті.

Қалдық құны:
Сост = Сбал – Сизн (3)
мұнда Сизн – негізгі капиталдың тозу құны.

Негізгі капиталдың тозуы табиғи және моралдық болып бөлінеді. Негізгі капиталдың табиғи тозуы мына формуламен анықталады:


Сизн = Ао х Тэ (4)
мұнда Ао – амортизациялық жарнаның жылдық сомасы, тенге;

Тэ – негізгі капиталдың қызмет ету мерзімі, жыл.


Негізгі капиталдың амортизациясы. Бүгінгі күнде амортизацияны есептеудің барлық әдістемелерінің арасында ең кең қолданылатыны сызықтық түрі. Сызықтық амортизация – жыл сайын өнімнің өзіндік құнынан бірдей амортизациялық жарнаның алынуы.
(5)

мұнда На – баланстық құннан % бойынша амортизацияның жылдық толық қалпына келтіру нормасы


(6)

мұнда Сликв – негізгі капиталдың жойылу құны, тенге;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет