1. Кіріспе Негізгі бөлім



бет1/6
Дата25.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#175331
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ПОЛАТБЕК АЯЖАН БАС МИ МЕН ЖҰЛЫН ЖҮЙКЕЛЕРІНЕ СИПАТТАМА
Менеджмент жүйесіндегі бақылау, Фармакогенетика. каз, каз РЗЧ гипофиз, гипоталям гормондары, генетика рубежки рзч, 13-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ПОЛАТБЕК АЯЖАН — копия, ПОЛАТБЕК АЯЖАН БАЯНДАМА БАС МИ МЕН ЖҰЛЫН

12 жұп бас ми жүйкелері мен жұлын жүйкелеріне сипаттама

Орындаған:Полатбек Аяжан

Жоспары:

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

2.1.Жұлын құрылысы

2.2.Жұлынның жүйкелері

2.3.Бас миы

2.4.Мидан таралатын жүйкелер

3.Қорытынды

4.Әдебиеттер

Жұлын

  • Жұлын - орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 42-45 см, салмағы 34-38 г. Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылын жатады. Жұлынның алдыңғы және артқы жағында ұзынынан созылған тік жүлгелері болады. Ол жұлынды оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар. Өзектің айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты бар. Сұр заттың сыртын ақ заты қоршап жатады. Сонымен жұлын құрылысында ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады.

Жұлын жүйкелері

Жұлын жүйкелері (лат. nervi spinalesnervus — жүйке, spinalis — жұлын) - жұлыннан шығатын жүйке талшықтарынан құралған. Жұп жұлын жүйкелері адамда жұлынның алдыңғы (қозғалтқыш жүйке талшықтарынан құралған) және артқы (сезімтал жүйке талшықтарынан құралған) жұлын түбіршіктерінің, ал жануарларда жоғарғы (сезімтал жүйке талшыктарынан құралған) және төменгі(қозғалтқыш жүйке талшықтарынан құралған) жұлын түбіршіктерінің қосылуынан пайда болып, омыртқа өзегінен оң және сол омыртқааралық тесіктері арқылы шығады.

Құрамында сезімтал және қозғалтқыш жүйке талшықтары болғандықтан, жұлын жүйкелерін қызметі жағынан аралас жүйкелерге жатқызады. Бұлардың құрамында симпатикалық жүйке талшықтары да болады. Жұлын жүйкелері омыртқа өзегінен шыққан бойда-ақ байланыстырғыш (симпатикалық) және жұлын қабықтарына арналған қайтарма (сомалық) тармақтарды бөліп, сұр байланыстырғыш (симпатикалық) тармақтарды қосып алып, содан соң, адамда алдыңғы және артқы, жануарларда вентральды және дорсальды (сомалық, симпатикалық жүйке талшықтарынан құралған) тармақтарға ажырайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет