1. Коррекциялық-тәрбиелеу жұмыстары



Дата13.05.2022
өлшемі16,91 Kb.
#143044
Байланысты:
2 тест инклюзив


2-тест
1. Коррекциялық-тәрбиелеу жұмыстары:
A. баланың физикалық және танымдық әрекеттерінің дамуындағы кемістіктерді азайту немесе жою;
B. тек қана туғаннан берілетін кемістіктерді болдырмау және мүлдем жоюдың жолдары;
C. есту мүшелері кеміс дамыған және қабілеті төмен балаларды айқындау;
D. кеміс дамудың сапалық өзгешілігін арттыру;
E. ақыл-ойы кеміс дамыған балаларды тәрбиелеумен ғана шектеледі.

2. Коррекцияның мақсаты –


A. кеміс балалардың ақыл-есі дұрыс, дені сау балалармен қарым-қатынасына жағдайлар туғызу;
B. кеміс балаларға дәрі-дәрмектерді қолдану арқылы ғана емдеу;
C. адамның компенсациялық процестерінің дамуын анықтайды;
D. дені сау оқушылардың жалпы білімдерін қалыптастыру;
E. балалардың дамуындағы алғашқы кемістікті анықтау.

3. Компенсация дегеніміз –


A. тек туа біткен кемістіктердің салдарынан туындайтын процесс;
B. тек жүре пайда болған кемістіктердің салдарынан туындайтын процесс;
C. соқыр болып туған баланың көру талдағыш қызметі;
D. кемшіліктің екінші әлеуметтік салдары;
E. организмдегі жетілмеген немесе бұзылған функционалдық қызметтерді қалпына келтіру.

4. Дефектология ғылымы нені зерттейді?


A. кемістігі бар балалардың психологиялық және физиологиялық даму ерекшеліктерінзерттейді, сонымен қатар оларды оқыту және тәрбиелеу заңдылықтарын белгілейді;
B. тәрбие принциптері мен заңдылықтарын қарастырады;
C. бала дамуының нормальды жақтарын көрсету;
D. халық ішінен түрлі кемістіктерді, психикалық ауруларды аластау;
E. оқыту процесін зерттейді.

5. Әлеуметтік реабилитация сөзінің медициналық-педагогикалық мағынасы:


A. кеміс балаларды әлеуметтік ортаға қалыптастыру, олардың психикалық-физикалық мүмкіндіктеріне сәйкес қоғамдық өмірге, еңбекке араластыру, баулу;
B. кеміс балалардың мүмкіншілігіне қарай оқу-құралдарын оптималды қолдану;
C. арнайы әдістер мен ережелерді қолдана отырып, тәрбиелік жұмыстар жүргізу;
D. кеміс балалардың оқу тәртібі мен еңбек процесін дұрыс ұйымдастыру;
E. кеміс балаларды белсенділігі мен өз бетіндік қабілеттерін жоғарылатуға бағыттау.

6. Әлеуметтік адаптация дегеніміз –


A. жалпы қоғамдық нормалар жүйесіне сәйкес кемтар балаларды топ ішіндегі және жеке тәртіптерге бейімдеп үйрету;
B. медициналық құралдардың көмегімен іске асырылады;
C. оқу тапсырмаларының шамадан артық болмауын ескерту;
D. арнайы жабдықтар жүйесін кеңінен қолдану;
E. функционалдық ауытқулар, төзімсіздік және психикалық процестердің әлсіреуі.

7. Дефектологияның негізгі міндеттері:


A. әртүрлі кемістігі бар балалардың физикалық, психикалық дамуындағы ерекшеліктері мен заңдылықтарын педагогикалық, психологиялық, физиологиялық, клиникалық тұрғыда жан-жақты тереңірек зерттеу;
B. ақыл-есінің дамуындағы тұрпайы кемістіктерде жартылай компенсация қолдану шаралары;
C. әлсіреген функцияларды хирургиялық жолмен қалпына келтіру жұмыстары;
D. оқыту мен дамытудың ішкі өз-ара байланысын құрастыру;
E. кемтар балаларды тек отбасында, жанұяда тәрбиелеу керек деген қағида.

8. ... – кемтар балаларға ертерек, дер кезінде тәрбиелеу және оқыту мәселелерін тәжірибелік тұрғыда шешіп, ғылыми өңдейді.


A. Дефектология;
B. Патопсихология;
C. Невропатология;
D. Психопатология;
E. Неврология.

9. Профилактика қамтамасыз етеді:


A. тұрғындардың тұрмыстық, еңбек жағдайын сауықтандыру, жоғары маман медициналық қызмет көрсету, аурудың алдын алу, ана мен баланы қорғау;
B. кеміс балаларды үйде оқыту және жетілдіру;
C. оқыту барысында білім беру және тәрбиелеу;
D. кеміс балаларды оқытудың арнайы дидактикалық сұрақтарымен, білім беру қағидаларымен айналысады;
E. кеміс балалардың қасиеттері, көзқарастары, сенімі.

10. Кемақылдылықтың тереңдігіне және ауырлығына байланысты оның қандай дәрежелерін ажыратады:


A. дебильдік, имбецильдік және идиотия;
B. менингит, энцефалит, менингоэнцефалит;
C. олигофрения және шизофрения;
D. тұқымқуалағыш және сыртқы;
E. эндогенді және экзогенді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет