5В010500-Дефектология мамандығы, 1-курс 1-модуль



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата21.11.2022
өлшемі201,44 Kb.
#159081
  1   2   3
Байланысты:
Емт.сұр.невр.және пат.нег.



«Невропатология және патофизиология негіздері» пәні бойынша емтихан сұрақтары 
5В010500-Дефектология мамандығы, 1-курс 
 
1-модуль 
1.
Невропатология ғылым ретінде. Пән, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері. 
2.
Балалар невропатологиясының даму тарихына шолу. Невропатология және арнайы педагогика. 
3.
Жүйке жүйесінің филогенезі. Тірі организмдердің эволюциясындағы жүйке жүйесінің маңызы. 
4.
Адамның жүйке жүйесінің онтогенезі. Сенсорлық және моторлық қызметтердің дамуы. Онтогенездегі 
асимметрия.
5.
Жүйке ұлпасының құрылымы және қызметі. Нейрон, нейрондардың түрлері, олардың жүйке жүйесіндегі 
орналасуы. Синапс, нерв импульсінің берілу тетіктері. Нейроглия, оның жүйке жүйесі қызметіндегі маңызы.
6.
Жүйке жүйесінің жалпы құрылысы. Орталық және шеткі жүйке жүйесі туралы түсінік. Жүйке жүйесінің 
соматикалық және вегетативтік бөлімдері туралы түсінік.
7.
Мидың жалпы құрылысы мен қызметтері. Ми топографиясы. Ми қабықшалары. 
8.
Артқы ми. Құрылысы және қызметі.
9.
Ортаңғы ми. Құрылысы және қызметі.
10.
Аралық ми. Құрылысы және қызметі.
11.
Үлкен ми сыңарларының жалпы құрылысы. Үлкен ми сыңарларының қыртыс асты (базальды) ядролары. Мидың 
өткізгіш жолдары. 
12.
Ми қыртысы. Негізгі қатпарлары және сайлары. Ми қыртысындағы қызметтердің орналасуы. 
13.
Ми қыртысының цитоархитектоникасы. Ми қыртысының біріншілік, екіншілік және үшіншілік (ассоциативті) 
алаңдары.
14.
Жүйке жүйесі қызметіндегі үш бірлестік (А.Р.Лурия бойынша). 
15.
Ретикулярлық формация, лимбикалық жүйе, олардың жүйке жүйесінің біртұтас қызметін реттеудегі маңызы.
16.
Ми қарыншалары. Ликвор, оның маңызы, құрамы және айналымы. 
17.
Ми мен жұлын қанайналымы. Гематоэнцефалдық тосқауыл туралы түсінік.
18.
Вегетативті жүйке жүйесі. Оның симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерінің функционалдық маңызы.
19.
Бас-ми жүйкелерінің 12 жұбының жіктелуі. Қозғалтқыш бас-ми жүйкелерінің қызметі және тексеру әдістемесі.
20.
Бас-ми жүйкелерінің 12 жұбының жіктелуі. Сезгіш бас-ми жүйкелерінің қызметі және тексеру әдістемесі.
21.
Бас-ми жүйкелерінің 12 жұбының жіктелуі. Аралас бас-ми жүйкелерінің қызметі және тексеру әдістемесі.
22.
Жұлынның анатомиясы мен физиологиясы, жас ерекшеліктері. Рефлекторлық доғаның қызмет ету принципі.
23.
Жұлынның өткізгіш жолдары. Афферентті және эфферентті нерв жолдары. 
24.
Жұлын жүйкелерінің анатомиясы, физиологиясы және зерттеу әдістемесі. Жүйке өрімдері. 
25.
Талдағыштар (анализаторлар), барлық талдағыштардың құрылысы мен қызметінің ортақ принципі. 
26.
Жоғарғы жүйке әрекеті туралы ұғым. Оны зерттеудегі И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың рөлі. 
27.
Жүйке жүйесінің рефлекторлық қызметінің негізгі принциптері. Детерминизм принципі, құрылымдық принцип, 
анализ және синтез принципі. 
28.
Ми қыртысында өтетін негізгі жүйке үрдістері (қозу, тежелу, иррадиация, концентрация және өзара индукция), 
олардың маңызы. А.А.Ухтомскийдің доминанта принципі.
29.
Динамикалық стереотип немесе функционалды-динамикалық жүйе. Мидың компенсаторлық мүмкіндіктері. 
30.
Жоғарғы жүйке әрекетінің сигналдық жүйелері. Гиппократ және И.П.Павлов бойынша жоғарғы жүйке әрекеті 
типтерінің жіктелуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет