3-модуль (практикалық тапсырма)
61.
Балаға стол үстінде жатқан кітапты мұғалімге беру керек деген тапсырма берілді. Осы тапсырманы орындауды
іске асыратын күрделі рефлекторлық доғаның тізбегін құрастырыңыз.
62.
Бала затты қолымен ұстау арқылы оның пішінінің қандай екенін айтуы керек. Осы тапсырманы орындауды іске
асыратын күрделі рефлекторлық доғаның тізбегін құрастырыңыз.
63.
Балаға суреттегі затты атау керек деген тапсырма берілді. Осы тапсырманы орындауды іске асыратын күрделі
рефлекторлық доғаның тізбегін құрастырыңыз.
64.
Балаға естіген сөз тіркесін қайталау керек деген тапсырма берілді. Осы тапсырманы орындауды
іске асыратын
күрделі рефлекторлық доғаның тізбегін құрастырыңыз.
65.
Балаға тақтаға жазылған сөзді көшіріп жазу керек деген тапсырма берілді. Осы тапсырманы орындауды іске
асыратын күрделі рефлекторлық доғаның тізбегін құрастырыңыз.
66.
Балаға көзін жұмып тұрып тағамдық өнімді (мысалы, лимонды) оның иісі мен дәмін сезу арқылы анықтап, атын
атау керек деген тапсырма берілді. Осы тапсырманы орындауды іске асыратын күрделі
рефлекторлық доғаның
тізбегін құрастырыңыз
67.
Бала айланатын орындықта отыр, сіз орындықты айналдырасыз, сонда бала көзін жұмып отырып, орындықтың
қай жаққа айналғанын айтуы керек. Осы тапсырманы орындауды іске асыратын күрделі
рефлекторлық доғаның
тізбегін құрастырыңыз.
68.
Балаға көзін жұмып отырып, оның бетіне суық, әлде жылы заттың тигенін тауып
айту керек деген тапсырма
берілді. Осы тапсырманы орындауды іске асыратын күрделі рефлекторлық доғаның тізбегін құрастырыңыз.
69.
Балаға көзін жұмып отырып, оның оң жақ аяғының ұшына жұмсақ, әлде
қатты заттың тигенін анықтап, айту
керек деген тапсырма берілді. Осы тапсырманы орындауды іске асыратын күрделі рефлекторлық доғаның
тізбегін құрастырыңыз.
70.
Бала көзін жұмып отырады, мұғалім оның сол жақ қолының
ортаңғы саусағын ұстап, бұл қай саусақ екенін
айтуын сұрайды. Осы тапсырманы орындауды іске асыратын күрделі рефлекторлық доғаның тізбегін
құрастырыңыз.
71.
Балаға көзін жұмып отырып, оның оң жақ қолын жоғары көтеруін сұраймыз. Осы тапсырманы орындауды іске
асыратын күрделі рефлекторлық доғаның тізбегін құрастырыңыз.
72.
Баладан алманың суретін салуды өтінеміз. Осы тапсырманы орындауды іске асыратын күрделі рефлекторлық
доғаның тізбегін құрастырыңыз.
73.
Балаға кітапта жазылған сөзді дауыстап оқу керек деген тапсырма берілді. Осы тапсырманы орындауды іске
асыратын күрделі рефлекторлық доғаның тізбегін құрастырыңыз.
74.
Ауыр менингиттен кейін 8 жасар балада көру агнозиясы байқалады, яғни ол көріп тұрған заттарды тани
алмайды, бірақ соларды сипап сезу арқылы оңай таниды. Мұндай симптоматика ми сыңарларының қай бөлігінің
зақымданғандығын білдіреді, түсіндіріңіз.
75.
Бас-ми жарақатынан кейін 10 жасар балада қабылдайтын ақпараттың мағыналық
және құрылымдық
талдауындағы айтарлықтай бұзылыстар байқалады: ол болып жатқан құбылыстардың жалпы мағынасын түсіне
алмайды, түйсік элементтерін біртұтас құрылымға біріктіре алмайды. Мұндай симптоматика ми қыртысының
қай алаңдарының зақымданғандығын білдіреді, түсіндіріңіз.
76.
Адамда қоңырауға және «қоңырау» деген сөзге қарашық рефлексін қалыптастыру бойынша практикалық
жұмыстың орындалу барысын қысқаша баяндаңыз. Осы тәжірибенің мәнін түсіндіріңіз.
77.
Қойылған мақсаттың әрекет нәтижесіне әсер ететіндігін көрсететін практикалық жұмыстың
орындалу барысын
қысқаша баяндаңыз. Осы тәжірибенің мәнін түсіндіріңіз.
78.
Баланың қимыл-қозғалысының статикалық және динамикалық үйлесімділігін (координациясын) тексеруге
арналған сынамаларға мысал келтіріп, өткізу әдістемесін сипаттаңыз.
79.
Бала церебралдық сал ауруымен науқас. Ол тамақ және сусын ішкенде қақалады, шашалады (дисфагия),
сілекейдің артық бөлініп, үнемі ағып тұруы байқалады (гиперсаливация), сөйлегенде дауысы мен дыбыстары
анық және дұрыс шықпайды (дисфония, дизартрия). Бұл синдром қалай аталады, қай жұп бас-ми нервтерінің
зақымдалуының салдарынан болады?
80.
Жұлынмен шектелетін қарапайым рефлекторлық доғаның құрамдас бөліктерінің тізбегін құрастырыңыз.
81.
Эпилепсиялық тырысу ұстамасы кезінде көрсетілетін алғашқы көмек шараларын сипаттаңыз.
82.
Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңыз: Сөйлеу тілінің моторлық, яғни қозғалалыс
орталығы (... орталығы) үлкен ми сыңарларының ... бөлігінде орналасқан. Сөйлеу тілінің сенсорлық, яғни
сезгіштік (есту) орталығы (... орталығы) үлкен ми сыңарларының ... бөлігінде орналасқан.
83.
I жұп бас-ми жүйкесінің зақымдану синдромына сипаттама беріңіз.
84.
II жұп бас-ми жүйкесінің зақымдану синдромына сипаттама беріңіз.
85.
III жұп бас-ми жүйкесінің зақымдану синдромына сипаттама беріңіз.
86.
IV және VI жұп бас-ми жүйкелерінің зақымдану синдромына сипаттама беріңіз.
87.
V жұп бас-ми жүйкесінің зақымдану синдромына сипаттама беріңіз.
88.
VII жұп бас-ми жүйкесінің зақымдану синдромына сипаттама беріңіз.
89.
VIII жұп бас-ми жүйкесінің зақымдану синдромына сипаттама беріңіз.
90.
IX, X, XI, XII жұп бас-ми жүйкелерінің зақымдану синдромына сипаттама беріңіз.