1. Мысыр пирамидалары несімен ерекшеленеді?



Дата04.01.2022
өлшемі18,96 Kb.
#129126
Байланысты:
8 кун оқу сауаттылығы


1-мәтін Әлем кереметтерінің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де - Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстік батыс жағалауында салынды. Пирамидалардың ең көнесі - 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер пирамидасы. Сәулетшісі ежелгі Египетте дәрігерлік, философиялық және ғылыми еңбектерімен танылған Имхотеп атты шебер еді. Джосер пирамидасы - көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей береді. Мұның идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік, құдіретті екенін бар әлемге паш ету еді. Қаншама қажырлы еңбек пен адам өмірі жұмсалған бұл қүрылыс Хеопс, Хефрен және Микрен пирамидаларымен жалғасын тапты. Көлемі жағынан ең үлкен пирамида - Хеопс пирамидасы. Бүкіл жиған- тергеніне көзінің тірісінде Хеопс перғауын 20 жыл ішінде осы пирамиданы салдырды.

1. Мысыр пирамидалары несімен ерекшеленеді?

A) ғибадатханаларымен

B) өте сиректігімен

C) перғауындармеп

D) қүнының қымбаттылығымен

E) өте көнелігімен

2. Мәтін мазмүнына сай тақырып

A) Имхотеп пирамидасы

B) Мысыр пирамидалары

C) Джосер пирамидасы

D) Әлем кереметгері

E) Ең үлкен пирамида

2-мәтін Біздің көшпенді бабаларымыздың тіршілігі жылқымен тығыз байланысты болғаны тарихтан белгілі. Олардың өмірінде жылқы аса маңызды рөл атқарып, жауынгершілік заманда сенімді серігіне баланды. Ерте замандарда Орта Азияны мекендеген көшпенділердің атпен ойнайтын сан түрлі спорттық ойындары көп болған. Ол жайында бізге көнеден жеткен тарихи деректер айғақ болып отыр. Бүгінде Еуропада танымалдылыққа ие поло ойынының түп тарихының негізі Орта Азиядан шыққаны туралы деректер көп. Бұл жайында көнеден жеткен тарихи еңбектерде көп айтылады. Түркі әлемінің тарихи жазбаларында, оның ішінде Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» («Қүтты білік»), Махмуд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі тілінің сөздігі») еңбектерінде шөген жайлы шежіре айтылады. Қазақ ғалымы, этнограф Асқар Егеубаевтың аударма еңбектерінде осыған көз жеткізуге болады. Тарихи деректерде 2500 жыл бүрын көне парсылардың шөгенді ойнағаны туралы айтылады. Ал қытайлар шөгенді бірнеше мың жыл бұрьгн өздерінің дәстүріне енгізген деген дерек бар. Негізінен осынау көне ойынды спорттық деңгейге көтерген көшпенді халықтар екен. Ерте замандарда жетісулық моңғолдар Үндістанның бір бөлігін жаулап алып, Орта Азиядан шөгенді сол жаққа апарған. Шөген ойынының атауына қатысты нұсқалар жеткілікті. Қазақтар да бұл ойынды шөген деп атайды. Әуелде Еуропаға барған уақытта «Атты хоккей» деп аталған екен. Әзірбайжандар оны «шоған» дейді. Шөгенді аттың үстінде таяқшамен ойнайды. Шоқпар, шөген, шоған сөздерінің түп атауы бір мағынаны білдіретіндіктен, ат үстінде допты үрып ойнайтын шөгенді бабаларымыздың шөген деп атауы заңдылық. Алайда оның поло деп аталуына XIX ғасырда Тибетте «Пулу» деп аталуының себеп болуы мүмкін деген болжам бар.

3. Мәтін мазмұнынан алшақ ой

A) Асқар Егеубаевтың еңбектерінде шөген ойыны туралы айтылады.

B) Шөгенді спорттық деңгейге көтергендер - көшпелі халықтар.

C) Шөген ойыны Үндістанға Орта Азиядан барған.

D) Көіппенділер атпен ойнаған спорттық ойындар болмаған,

E) Парсылар 2500 жыл бүрын шөгенді ойнаған.

4. Шөген ойынын Үндістанға жеткізгендер

A) Әзірбайжандар

B) Көшпелі қазақтар

C) Еуропалықтар

D) Жетісулық моңғолдар

E) Қытайлықтар

5. Шөген ойынын спорттық деңгейге көтергендер

A) Қытай халықтары

B) Көшпелі халықтар

C) Әзірбайжандар

D) Үндістан халықтары

E) Еуропалық халықтар

6. Шөген ойынының Орта Азиядан шыққанының дәлелі

A) Түркі әлемінің тарихи жазбалары

B) Көшпелі халықтар ойнағаны

C) Тибеттік қолжазбалар

D) Көне парсылардың ойнағаны

E) Еуропадағы поло ойынының түп тарихы

3-мәтін Ең алғашқы шаңғы Ең алғашқы шаңғы жылқы қабырғасы мен терісінен жасалған. Шанғының отаны - Алтай. Мұны сол өлкеде жүргізілген археологиялық қазбалар дәлелдейді. Бұл өлкедегі жартастарға қашалған ескі суреттер де қазақ даласында шаңғының болғанын аңғартады. Осыдан 10 мың жыл бүрын Алтай тауын мекендеген қазақтың арғы тайпасының аяғында шаңғының екі түрі болған. Бірі жылқының қабырғасынан жасалған, тері таспалы сүйек шаңғы болса, екіншісі - самырсыннан жасалып, жылқы, бұғы терісімен қапталған тері шаңғы. Алтай - таулы, қыратты, қысы үзақ, қарлы аймақ. Бұл өлкені мекендеген халық үшін шаңғы спорт түрі ғана емес, қатынасу қүралы болған. Қалың қар адам түгілі, жан-жануарлардың емін-еркін жүруіне кедергі. Сондықтан Алтайды мекендеген халықтың шаңғыны пайдаланғаны айдан анық. Қазақ шаңғысының бірінші түрі жылқы қабырғасынан жасалған. Жылқы қабырғасы - жылтыр, басы қайқы, ұзындығы бір метрдей жалпақ сүйек. Дайын шаңғы. Қар бетінде кедергісіз сырғанайды. Алтайды мекендеген арғы ата- бабаларымыз қабырға шаңғыға малдың терісінен жасалған таспа тағып, аяққа байлап сырғанайтын болыпты. «Сүйек шаңғы жеңіл болғанымен, сүр, қасат қар болмаса, жас көбікке қолайсыз. Сондықтан оны қар қатқан кезде, қара суықта ғана пайдаланатын болған», - дейді ғалымдар. Қабырға шаңғының кең қолданылмау себебі - сол. Шаңғының екінші түрі - тері шаңғы. Яғни бүл жас самырсыннан жонылып, жылқы мен бұғының пұшпақ терісімен қапталған. Төрт түліктің ішінде жылқы терісі жүні тықыр, сидам және төзімді келеді. Шаңғының осы екінші түрі археологиялық қазбаларда жақсы сақталған. Өйткені жылқы терісінен жасалған шаңғыны Алтай тауын мекендеген халық жаппай қолданыпты, Тері шаңғының бүгінгі шаңғыдан айырмапіылығы - енді, ағашы қалың. Енді болатыны - қарға батпайды, ал ағашының қалындығы тау жолына шыдамды.

7. Мәтінге қатысты дүрыс түжырым(- дар)

1. Жартастарға қашалған ескі суреттер қазақ даласында шаңғының болғандығын дәлелдейді.

2. Археологиялық қазбаларда шаңғының екі түрі де сақталған.

3. Тері шаңғы кепкен ағаштан жонылып, жылқы мен бүғының терісімен қапталады.

A) Тек үшінші

B) Бірінші мен екінпіі

C) Тек бірінші

D) Тек екінпіі

E) Екінші мен үшінші

8. Шаңғыны ойлап табуға негіз болған

A) Жыл он екі ай қыс болуы

B) Мал шаруашылығымен айналысу

C) Өңірдегі табиғатгың ерекшелігі

D) Аймақтағы халықтың тұрмысы

E) Жылқы малының көп болуы

9. Мәтін мазмүнына сай мақал-мәтел

A) Қарағайда қырық бүтақ, Біреуі ғана кампіыға can.

B) Адамнан айла артылмас.

C) Қыс қысыларсың, жаз жазыларсың.

D) Еңбек түбі - зейнет.

E) Сакырлаған аязда сары қамыс панала.

10.Ең алғашқы шаңғының Алтайда пайда болғанына дәлел

A) Көне жазбалардағы мәліметтер.

B) Сол өлкеде жүргізілген археологиялық қазба жүмыстары.

C) Алтай қазақтарының мал шаруапіылығымен айналысқаны. О)Халық үшін шаңғының қатынасу құралы болғандығы.

Е) Қар астынан табылған шаңғы жасау құралдары.

11. Мәтінде жауабы жоқ сүрақ

A) Қабырға шаңғының колданылмау себебі неде?

B) Қазақ шаңғысының бірінші түрі неден жасалған?

C) Шаңғы жасауда жылқының терісін таңдау себебі неде? О))Қабырға шаңғы неліктен кең қолданылған?

Е) Ағаш шаңғы қай ағаштан жасалған?

12.Шаңғының бірінші түрін пайдалану қолайсыз болған

A) Қасат қарда

B) Сүр қарда

C) Жаңа түскен қарда

D) Қатқан қарда

E) Қара суықта



4-мәтін «Шынықсаң - шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзінді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі - спорт. Ғалымдар зерттеуіне сүйенер болсақ, спорт адамды шат-шадыман өмір сұруге де жетелейді екен. Олимпиадалық қозғалыстың белсенді қайраткері Пьер де Кубертен: «О, спорт! Сен - түгел ғаламсың» деп бекер тұжырым жасамағаны анық. Ғалымдар АҚШ-тың Пенсильвания университетінің 200-ге жуық студентіне зерттеу жүргізген. Олар күніне 20 минуттан астам уақытын түрлі дене жаттығуларына арнаған. Ал сегіз күннен кейін қатысушылар өздерінің басынан өткеріп жүрген күйлерін жазып тапсырған. Нәтижесінде көбісі ұйқысыздықтан, әлсіздіктен құтылғанын мәлімдеген. Сонымен қатар, дәрігерлер қатысушылардың психикасында оң өзгерістер барын анықтаган. Студенттер болса, жаттығу жұмыстарынан кейін көңіл күйлерінің көтеріліп, өздерін жақсы, сергек сезініп жүргендерін жеткізген. Дене жаттығулары адамның көңіл күйін ғана көтеріп қоймайды, қан айналым жүйесін жақсартады. Қан қысымы мен жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алады. Спорт - адамның рухани әлемі үшін де маңызды. Өйткені, әлсіз әрі қиындыққа көп ретге қарсы тұруға қауқары жетісе бермейтін жандарға мамандар бір ауық спортпен шұғылдануға кеңес береді екен. Күйзеліске ұшыраған сәтгерде дене жаттығуларына ден қойсаңыз, жаңа құлшыныс пен тың серпін арқасында ерекше өмір сүруге ұмтыла түсесіз. Бұл да спорттың, дене жаттығуларының бір қүдіреті. Тағы да ғалымдар зерттеулеріне назар салып көрейік. Адам дене жаттығуларымен айналысқан сәтте оның миында да сан мыңдаған үдерістер орын алады. Ми дене қимылдарының әрекетін күйзеліс ретінде қабылдап, оған қарсы күрес жүргізе бастайды. Ағзадан эндорфин гормоны мен пайдалы ақуыздар бөлініп, жүйке жүйелері мен миға тарайды. Сол арқылы адам ойы үшқыр әрі есте сақтау қабілеті жақсара түсіп, көңіл күйге эсер етеді екен. Спорттың адам өмірі үшін маңызын бүдан ары айта түсудің өзі де артығырақ секілді. Бірақ, алдымен «спортпен піүғылдануға уақыт табылмай жүр» деген сылтаудан қүтылған абзал. Ол үшін не істеу керек? Күніне 20 минут дене жаттығуымен айналысуды да үмыт қалдырып кететін кездеріңіз болмайды емес, болады. Ендеше, дене жатгығуларымен шұгылдануды қалай эдетке айналдыруға болады? 1. Дене жаттығуы кезінде киетін спортгық киімдеріңізді жатар алдында дайындап жатыңыз. Үмытпас үшін, оятқышыңызды сол киімдердің үстіне қойыңыз. Өйткені, таңертең оянғанда оятқышпен қатар немен айналысатыныңызды да есіңізге түсіретін боласыз. Бастысы, осылайша таңғы жаттығуды эдетке айналдырып алсаңыз ғажап болары сөзсіз. 2. Барлығын аз жаттығудан бастаңыз. Тіпті, аптасына 3 рет 5 минутган-ақ дене жаттығуларымен шүғылданып жүріңіз. Тапсырма оңай, әрине. Бірақ,бастапқыда өзіңізді қинамауыңыз қажет. Алға ә дегеннен биік мақсат қоюға талпынбаңыз. Өйткені, өзіңіздің спортпен шұғылдануға деген ерік-жігеріңізді жоғалтып алуыңыз мүмкін. 3. Үйдегі қарапайым шаруаларды жатгығу жұмыстарымен үйлестіріңіз. Мысалы, таймерді 20 минутқа қойып, жұмысыңызды бастаңыз. Қарапайым шаруаларды аса жылдам орындау - жақсы нәтиже береді. 4. Өзіңізге ұнайтын жаттығуларды тандап алғанның да маңызы жоғары. Өйткені, алғашында адам өз қалауымен бастаған жаттығулар уақыт өте келе өз жемісін беретін болады. Иә, күнделікті өмірде спортты сүйетін жандар көп. Әркімнің санасындағы спорт ұғымы - сан алуан. Расында да, көпшілікті ұлты мен жеріне, тілі мен дініне бөлмей өзіне ынтызар етер спорт құдіреті жоғары. Бәріміз білетіндей, «Спорт - денсаулық кепілі». 13.Мәтінде берілген екінші кеңестің түйіні

A) Үнаған жаттығумен айналысыңыз.

B) Жеңілден, аздан бастаңыз.

C) Тиімді спорт түрін тандаңыз.

D) Биік мақсат қойыңыз.

E) Ыңғайлы спорттық киім киіңіз

14.Мәтін мазмұнына сай мақал

A) Сыйлассаң - сыйымды боларсың

B) Адамның тізгіні - ақыл

C) Тәні саудың - жаны сау

D) Өзім білем деген өрге баспас

E) Күш атасын танымас

15.Спортпен шұғылданудың мәтінде айтылмаған пайдасы

A) Артық салмақтан арылтады.

B) Қан айналым жүйесін жақсартады.

C) Өмір сүруге құлшыныс береді.

D) Үйқысыздықтан арылтады.

E) Көңіл күйді көтереді.

16.Дене жаттығуына әдеттенудің шарттарының бірі

A) Үй шаруасы мен жаттығуды кезек орындау

B) Күнде белгіленген бір уақытга айналысу

C) Студент кезіңнен бастап жаттығу

D) Пайдалы жаттығулармен айналысу

E) Жаттығудың нәтижесін білу үшін айналысу

17.Олимпиадалық қозғалыс белсендісінің гұжырымы

A) Тәні саудың - жаны сау.

B) Спорт — рухани әлем.

C) Спорт - денсаулық кепілі.

D) Шынықсаң - шымыр боласың.

E) Спорт - түгел ғалам.

18.Ғалымдар жүргізген эксперименттің нәтижесі байқала бастаған уақыт

A) 8 күннен кейін

B) 5 минуттан кейін

C) 20 минуттан кейін

D) 20 күннен кейін

E) Бір аптадан кейін

19.Мәтінде жауабы жоқ сұрақ

A) Күніне қанша уақыт спортпен айналысу керек?

B) Адамдардың қанша пайызы спортпен айналысады?

C) Спортпен шүғылданғанда қандай өзгерістер болады?

D) Спорттың қандай пайдасы бар?

E) Ғалымдар кімдерге зерттеу жүргізді?

20.Мәтін мазмұнының жалпы түйіні

A) Спортпен кез келген адам айналыса алады.

B) Дәрігерлер спортпен айналысуға кеңес береді.

C) Сымбатгы болғың келсе, спортпен айналыс.



D) Ғалымдар зерттеуі оң нәтиже берді.

E) Күні бойы спортпен айналысқан пайдалы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет