Соданың алынуы. Натрий ж/е калий қосылыстарының тірі организмдер үшін маңызы
Бердіхан Самғар
Сода деген не?
01
Сода— көмір қышқыл натрий тұздарының техникалық атауы. Сода ежелгі заманнан белгілі. Мысалы, Египетте көл суынан алынған соданы шыны қайнатуда және жуынуға пайдаланған.
18 ғ-ға дейін натрий және калий карбонаттарын сілті деп келген, тек француз ғалымы А.Дюамельдю Монсо екеуін ажыратып, сода (Salsola Soda өсімдігінің күлінен алынуына байланысты) және сақар (поташ) деп атаған (1736).
Сода ҚР-да, түрлері
Сода минералдары Қазақстанда Құлынжон, Мельников, Петухов кен орындарында кездеседі. Сода қолданылу аясына байланысты кальцинирленген (Na2CO3 — шыны, сабын, қағаз, бояғыш заттар алуда қолданылады
ас (NaHCO3 — тамақ өнеркәcібінде, сусындарға қосуда, медицинада), кристалдық (Na2CO3MnH2O), каустик. (NaOH — техника мен тұрмыста күйдіргіш натр деп аталады) болып бөлінеді.
02
Соданы алудың негізгі көзі 19 ғ-ға дейін теңіз балдырларының күлі мен жағалаулық өсімдіктер болды. Натрий карбонатын өндірістік жолмен алуды 1789 ж. француз ғалымы Н.Леблан (1742 — 1806) ұсынған. 1791 жылы Францияда оның әдісі бойынша сода өндіру басталды. Бұл әдісте натрий сульфаты майдаланған әктас және көмір қоспасымен бірге пеште күйдіріледі:
Бұл әдістің көптеген кемшілігі болды, сондықтан қазіргі уақытта бельгиялық ғалым Э.Сольве (1838 — 1922) әдісі кеңінен қолданылады.