Сапа - бұл өнімнің тұтынушылықты ойдағыдай қамтамасыз ететін
Сапа - бұл өнімнің тұтынушылықты ойдағыдай қамтамасыз ететін
қасиеттер жиынтығы. Сапа дегеніміз-өзіндік сипатамасы жиынтығымен
тұтынушының талабын орындау және ИСО халықаралық стандартындағы
мағына бойынша, жиынтық сипаттамасы болып белгіленеді.
Жалпы сапа-сәйкес сипаттамалардың қосындысының тұтынушы талаптарына сай келу дәрежесі.
Өнім сапалығы оның жобалануы мен өндіріліп, пайдалануға
тұрақтылығы нәтижесінде қалыптасады. Өнімнің сапа деңгейі шикізат пен
материал сапалығынан, жұмысшылардың топталуы мен
мамандандырылғанынан, олардың еңбегінің техникалық
жабдықталғандығынан, өлшем тиімділігінен тұрады. Сондықтан өнім
сапасын үнемі басқару керек.
Өнім сапасы дегеніміз-өнімнің қолдану міндетіне байланысты
жарамдылығын белгілі қасиеттермен және көрсеткіштер арқылы анықтау.
Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) – бұл мекемеде сапа саласындағы мақсаттар мен саясатты қалыптастыру және сол мақсаттарға жету үшін жасалған жүйе. СМЖ басқа жүйе секілді өзінің міндетімен, құрылымымен, элементтер құрамымен және өзара байланысымен сипатталады.

Сапа саласындағы саясат – жүйенің негізгі құжаты.
Ол СМЖ-ның қалыптасуын және қызметінің мақсатын, сонымен қатар қойылған мақсаттарға жету бойынша жоғары басшылықтың міндеттерін белгілейді
СМЖ келесі элементтерден тұрады: ұйым, процестер, құжаттар, ресурстар
СМЖ келесі элементтерден тұрады: ұйым, процестер, құжаттар, ресурстар
ИСО анықтамаларына сәйкес ұйым – жауапкершілігі, өкілеттілігі және өзара қарым-қатынас бөліп таратылған қажетті құралдар мен қызметкерлер тобы.
Процесс – «кірісті» «шығысқа» айналдыратын, қызметтің өзара байланысқан және өзара әрекеттесетін элементтер жиынтығы. Сонымен қатар процестің «кірісі» әдетте басқа процестің «шығысы» болып табылады. СМЖ-да процедура ұғымының мағынасы маңызды.
Процедура – қызмет немесе процесті іске асырудың белгіленген амалы. Сөйтіп, процедура деп, бір жағынан, процесті (немесе процестердің жиынтығы), ал, екінші жағынан, процесті орындаудың дұрыс амалын қалыптастыруын айтады.
Құжат – тиісті тасымалдаушыда орналастырылған ақпарат (маңызды деректер).
СМЖ-ның ресурстары – сапа менеджментін қамтамасыз ететін ресурс (адами,уақытша, материалдық және т.б.).