1-нұсқа Түзуді анықтайтын нүктелердің ең кіші саны



Дата06.02.2022
өлшемі13,89 Kb.
#79125
Байланысты:
Диктант


Диктант,
Стереометрияның негізгі түсініктері
1-нұсқа
1. Түзуді анықтайтын нүктелердің ең кіші саны … .
2. Үш нүкте арқылы неше жазықтық өтеді?
3. Екі жазықтықта бір ғана ортақ нүкте бола ала ма?
4. Қиылысатын екі жазықтықта ортақ нүктелер саны … .
5. Бір түзу арқылы өткізегу болатын жазықтықтар саны … .
6. Кез келген үш нүкте түзуге қатысты, айтылу дұрыс па?
7. Параллелограммның үш төбесі кейбір жазықтықта жатады. Параллелограммның төртінші төбесі де сол жазықтықта жатады деп айтуға бола ма?
Диктант,
Стереометрияның негізгі түсініктері
2-нұсқа
1. Жазықтықты анықтайтын нүктелердің ең кіші саны … .
2. Үш нүктенің қандай орналасуында олар арқылы шексіз жазықтықтар жиынтығын өткізуге болады?
3. Екі жазықтықта тек қана екі ортақ нүкте бола ала ма?
4. Егер екі жазқтықта бір үшбұрыш орналасқан болса, онда осы екі жазықтық қалай орналасқан?
5. Кез келген екі нүкте әрқашан бір түзуге қатысты деген айтылу дұрыс па?
6. Үш шардың центрлері бір жазықтыққа қашан қатысты?
7. Параллелограммның екі төбесі мен диагоналдарының қиылысу нүктесі бір жазықтыққа қатысты. Екі басқа параллелограмм төбелері осы жазықтыққа қатысты деген пікір дұрыс па?

Диктант
«Түзу мен жазықтықтың параллельдігі»
1-нұсқа
1. Түзу мен жазықтықтың өзара орналасу жағдайлары …
2. Үшбұрыштың екі қабырғалары ортасы арқылы өтетін жазықтық оның үшінші қабырғасын қия ала ма?
3. а және b түзулері параллель. b түзуі арқылы өтетін жазықтыққа қатысты атүзуі қандай жағдайда болуы мүмкін?
4. Берілген жазықтыққа параллель түзу жазықтықта жататын түзуге қатысты қалай орналасқан?
5. Бір жазықтыққа параллель екі түзу өзара параллель болады деген пікір дұрыс па?
6. Өзара параллель түзу мен жазықтық берілген. берілген түзу, берілген жазықтыққа параллель түзулерге қатысты қалай орналасқан?
7. Екі параллель түзулер берілген. Олардың әрбіреуі арқылы жазықтық өткізілген. Бұл екі жазықтық қиылысады. Олардың қиылысу сызығы берілген түзулерге қатысты қалай орналасқан?
8. Екі параллель түзудің біреуі жазықтыққа параллель. Екінші түзу де бұл жазықтыққа параллель деп айтуға бола ма?


Диктант
«Түзу мен жазықтықтың параллельдігі»
2-нұсқа
1. Параллель түзу және жазықтық берілген. Бұл жазықтықта берілген түзуге параллель неше түзу өткізуге болады? Осы түзулер бір-біріне қатысты қалай орналасады?
2. «Жазықтыққа параллель түзу, бұл жазықтықта жатқан кез келген түзуге параллель» деген пікір дұрыс па?
3. «Егер түзу жазықтықта жатқан түзуге параллель болса, онда ол осы жазықтыққа параллель болады» деген пікір дұрыс па?
4. Жазықтықта жатқан түзу, берілген жазықтықты қиятын түзуге қатысты, қалай орналасқан?
5. Өзара параллель түзу мен жазықтық берілген. Осы түзу, берілген жазықтықта жататын түзулерге қатысты қалай орналасқан?
6. Өзара параллель түзу мен жазықтық берілген. Берілген түзу берілген жазықтықты қиятын түзулерге қатысты қалай орналасқан?
7. Жазықтыққа параллель түзу берілген. Бұл жазықтықта берліген түзуге әрқашан параллель түзулерді сызуға бола ма?
8. Екі қиылысатын жазықтық берілген. Осы жазықтықтарды параллель түзулермен қиятын жазықтық бола ма?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет