1. Өндіріс процесі туралы түсінік, мақсаты және міндеті, құрылымы Өндіріс процесінің уақыты. Операцияларды уақыт бойынша сипаттау



Дата26.11.2022
өлшемі4,88 Mb.
#159984
Байланысты:
Презентация 3


Негізгі өндіріс процесі және оның құрылымы, уақыты
Жоспар: 
1. Өндіріс процесі туралы түсінік, мақсаты және міндеті, құрылымы
2. Өндіріс процесінің уақыты.
3. Операцияларды уақыт бойынша сипаттау
Өндіріс процесі туралы түсінік,мақсаты және міндеті, құрылымы.
Негізгі өндіріс процесі деп өнімнің негізгі түрлерін шығаруға бағытталған бір-бірімен технологиялық жүйелілікте біріктірілген негізгі және көмекші операциялардың жиынтығын айтамыз.
Операция - бір не бірнеше жұмысшы қолмен немесе еңбек құралдарының көмегімен белгілі бір еңбек затын өңдеу процесінің бір бөлігі. Операцияларды біруақытта бірнеше жұмыс орындарында, сонымен қатар бір жұмыс орнында бірнеше жұмысшы орындауы мүмкін.
Негізгі өндіріс процесі
Негізгі операциялар Көмекші операциялар
1)дайындық операциялар 1)транспорттық операциялар
2)технологиялық операциялар 2)қызмет етуші операциялар
3)тексеру операциялар
4)табиғи операциялар
5)қорытындылау операциялары
2.Өндіріс процесінің уақыты.
Өндіріс процесі жүзеге асатын уақыт өндіріс уақыты деп аталады. Өндіріс уақытына шикізат пен материалдардың кәсіпорынға түсу кезеңінен бастап, дайын өнімді сату кезеңіне дейінгі уақыт жатады.
Өндіріс уақытының бір бөлігін өндіріс циклы құрайды. Ол шикізаттың өндіріске өңдеуге түсуінен бастап,дайын өнім алумен аяқталатын өнім шығарудың күнтізбелік уақыты. Өндірістік циклды сағатпен немесе күндермен өлшейді.
Өндірістік цикл барлық оның элементтерінің ұзақтықтарына байланысты. Өндірістік цикл жұмыс уақыты мен еңбек процессіндегі үзілістерден тұрады.
Жұмыс уақыты дайындау –қорытындылау, технологиялық, бақылау, көлік операцияларын орындауға және жұмыс орындарына қызмет көрсету жұмсалады. Осы уақыт ішінде шикізат дайын өнімге айналады.
Еңбек процессіндегі үзілістер табиғи процестер уақытынан, ауысымнан тыс үзілістерден және операциялар арасындағы үзілістерден тұрады. Ауысымнан тыс үзілістерді кәсіпорын жұмысының тәртібіне сәйкес график бойынша бекітеді. Ауысымнан тыс үзілістерге түскі үзіліс уақыты жатады. Ауысымнан тыс үзілістер жұмыс уақытының жоғалтуларына жатпайды, өйткені ауысым ұзақтығына енбейді.
3. Операцияларды уақыт бойынша сипаттау
Операциялар кеңістікте және уақыт бойынша орындалады. Кеңістікте операцияларды орындау үшін қажет жұмыс орындарының санын ұйымдастырады. Жұмыс орындары машиналармен,құрылғылармен жабдықталады. Бір операцияны орындау үшін керек жұмыс орнының саны әртүрлі және осы операциясының тактысына және өндіріс процесінің тактісіне байланысты болады.
Операцияларды уақыт бойынша сипаттауға такт және ритм қолданылады.
Операцияларды уақыт бойынша сипаттауға такт және ритм қолданылады.
Операция такты - ол операцияны орындау кезіндегі дайын өнімнің не жартылай фабрикаттың екі бірлігін шығару арасындағы ең аз уақытты айтады. Дайын өнім бірлігіне мин/тонна, сек/кг өлшенеді. Операцияларды салыстыру үшін олардың тактыларын бір өлшемге келтіреді. Операцияның тактысын (t) уақыт нормасы бойынша (өнім өндіру нормасы) (Н в), жұмыс орындарының санын (Рм), әрбір жұмыс орнындағы жұмысшы санын (Р) , норманы орындау деңгейін ескеріп анықтайды.
Қолмен істелетін операцияларда to = Нв / Р * Рм * К
Н в-өнімнің не жартылай фабрикаттың бір бірлігін шығаруға кеткен уақыт мин, сек.
Р-осы операцияны орындайтын жұмысшы саны
Ро-жұмыс орындарының саны
К-операциядағы өнім өндіру нормасын орындау деңгейін сипаттайтын коэффициент.
Құрал-жабдықтары бар операциялар үшін
n
to = 60 / å ( Пi * Ро ) ;
i=1
Пi- і құрал жабдықтың өнімділігі кг ¤ сағ
n-құрал – жабдықтар саны
Ро - жұмыс орындарының саны
Операция ритмі - ол операцияны орындау кезіндегі өнімнің не жартылай фабрикаттың екі бірлігін шығару арасындағы жоспарлы уақытты айтады.
r = (Тсм – Тп) / а
мұндағы Тсм - смена ұзақтығы, мин; Тп-смена ішіндегі реттелген үзілістер, мин; а- операцияны орындайтын жұмысшыларға жоспарлы тапсырма , сменасына кг.
Процесс такты - дайын өнімнің не жартылай фабрикаттың партиясын шығару кезіндегі жүйелі дайындалатын екі өнім бірлігін шығару арасындағы ең аз уақытты айтады.
Процесс тактысын есептеу үшін (Т) желі қуатын ( М),смена ұзақтығын қолданады:
Т = ( Тсм – Тп ) / М
Процесс ритмі - дайын өнімнің не жартылай фабрикаттың партиясын шығару процессінің соңында жүйелі дайындалатын екі өнім бірлігін шығару арасындағы жоспарлы уақытты айтады.
R = (Тсм –Тп ) / А
Процесс қарқыны - уақыт бірлігіндегі өнім санымен өлшенеді, процесс қарқындылығын сипаттайды. Процесс ритмі мен тактысына кері шама:
m = 1 / R
Жоспарлы ритмді процесс тактысымен салыстыру өндіріс резервтерін көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет